• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2011 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 5 желтоқсандағы N 268 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4011

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.07.2011 жылғы № 14-1/380Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Орман кодексі 56-бабын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесі бекітілсін. 
2. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуге жіберсін. 
3. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрлігі
 Орман және аңшылық шаруашылығы
 комитеті төрағасының
 2005 жылғы 5 желтоқсандағы
 N 268 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының орман қорында орман 
 орналастыру жұмыстарын жүргізу ережелері 
1 Бөлім. Далалық жұмыстар 
 1 Тарау. Жалпы қағидалар 1. Орман орналастырудың мақсаттары мен міндеттері 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 45 қаулысымен (16.01.2004 ж) бекітілген мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу Ережелеріне және орман шаруашылығы саласындағы басқа да құжаттарға сәйкес құрастырылған.
Орман шаруашылығын жүргізу мен орман ресурстарын пайдалану, орманды ұдайы өндіру, күзету және қорғау жұмыстарының тиімділігіне, орман шаруашылығындағы ғылыми-техникалық саясаттың бірыңғай болуына бағытталған шаралар жүйесін жасау орман орналастырудың негізгі мақсаты болып табылады.
2. Орман орналастырудың негізгі міндеттері: 
1) орман ресурстары, олардың жағдайы мен динамикасы туралы жан-жақты және нақты мәлімет алу; 
2) мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман қорының есебін, орман мониторингін, ұзақ мерзімге пайдалануға берілетін орман қоры учаскелеріне құжаттар дайындауды (қосымша ақыға) қамтамасыз ететін орман қоры мен орман ресурстарының мәлімет базасын жасау және жаңарту; 
3) ішкі шаруашылығындағы жерлерді ұйымдастыру; 
4) орман қоры жерлерінің есебін және түгендеу құжаттарын, орман карталарын жасау; 
5) орман ресурстарын пайдаланудың барлық түрлерінің, өсіріп-өндірудің, орманды күзету мен қорғаудың және басқа да орман шаруашылық іс-әрекеттердің ғылыми-негізделген мөлшерін анықтау; 
6) МОҚ жерлері ұзақ мерзімді пайдалануға берілген мемлекеттік ұйымдардың (бұдан әрі - орман иеленушілер) орман орналастыру белгілеген тапсырмаларды орындауын бақылау; 
7) орындалған орман шаруашылық шаралардың сапасын және орман пайдалануды бақылау; 
8) Қазақстан Республикасының Орман кодексімен белгіленген басқа да міндеттер.
2. Орман орналастыру материалдарын қолдану 
3. Орман орналастыру материалдары бойынша орман орналастыру ұйымының орман иеленушілері үшін орман орналастыру жобасы жасалады. Ол, орман шаруашылығы саласындағы өкілетті органмен бекітілгеннен соң, орман пайдалануды жүргізуге, қазіргі және болашақтағы пайдалануды жоспарлау мен болжауға, басқа да орман шаруашылық мәселелерін шешуге арналған негізгі ұйымдық-шаруашылық құжат болып табылады.
4. Орман орналастыру материалдарының негізінде: 
1) ормандардың мониторингі, мемлекеттік орман кадастры және өкілетті орган белгілеген жүйе бойынша орман қорын мемлекеттік есепке алу жұмыстары жүргізіледі; 
2) мемлекеттік орман қоры категориялары (бұдан әрі - МОҚ категориялары) негізделеді және орман пайдалану режимі шектеулі ерекше қорғалатын учаскелер бөлініп шығарылады; 
3) МОҚ категориялары шегінде орманды басты мақсатта кесудің жыл сайынғы мөлшері белгіленеді; 
4) аралық және басқа кесулердің жыл сайынғы көлемі анықталады (орман орналастыру кезінде анықталған орман өсіру қажеттілігіне және орман шаруашылығын жүргізудің экономикалық жағдайларына байланысты осы кесу түрлері анықталады); 
5) орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру жүргізіледі; 
6) орман иеленушілерімен орман шаруашылық шаралардың басқа түрлерін жүргізудің қажеттілігі негізделеді; 
7) орман шаруашылығына қажет объектілерге, суландыру мен жол құрылысына, рекреациялық көркейтуге сметалар мен техникалық жобалар жасау үшін арнайы инженерлік іздестіру мен зерттеулер жүргізіледі.
5. Облыстағы барлық орман иеленушілері үшін орман орналастыру жобаларының негізінде облыс бойынша жиынтық бір орман орналастыру жобасы және облыс ормандарының картасы, орман мониторингінің ақпараттық базасы жасалады.
3. Орман орналастыру объектісі, орман 
 орналастыру жұмыстарының кезеңдері 
6. Орман шаруашылығын жүргізетін заңды және жеке тұлғалардың тұрақты жер пайдалануындағы орман қорының жерлері орман орналастыру объектісі болып табылады. 
Орман иеленушісі аумағының бір бөлігінде ғана орман орналастыруды жүргізуге болады, бірақ ол бір орманшылықтың немесе мастерлік учаскенің аумағынан кем болмайды. 
Жуықтағы 15-20 жылда шаруашылыққа пайдалануға белгіленбейтін орман аумағында, қажет болса ғарыштық және басқа түсірулерді қолдану арқылы шығын мен еңбекті аз қажет ететін ара қашықтық әдістерімен зерттеу жүргізілуі мүмкін.
7. Орман орналастыруды қажет ететін объектідегі орман орналастыру жұмыстарының толық кезеңі 3 жылдан және үш кезеңнен тұрады - дайындық, далалық, камералдық. Үздіксіз орман орналастыруға көшкен кезде орман орналастыру жұмыстары жыл сайын (қысқартылған түрде) бүкіл тексеру кезеңі бойы жүргізіледі.
4. Орман орналастыру жұмыстарының мазмұны 
8. Орман орналастыру кезінде төмендегідей жұмыстар орындалады: 
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік орман қорының шекарасын және мемлекеттік орман иеліктерінің шаруашылық ішінде ұйымдастырылуын анықтау; 
2) топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау мен мемлекеттік орман қорын арнайы картаға түсіру; 
3) ормандардың тұқымдық және жас құрамын, олардың жай-күйін анықтай отырып, орман қорын түгендеу, сондай-ақ орман ресурстарының сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау; 
4) табиғат-қорық қоры объектілерін, орманның аса сирек кездесетін өсімдіктерін және ерекше қорғаныштық учаскелерді анықтау; 
5) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық пайдалану мақсатында және өзгедей мақсатта ағаш кесу, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, суландыру, күзету мен қорғау жөніндегі іс шараларды және басқа да орман шаруашылығы іс шараларын жүргізу үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін анықтау, сондай-ақ оларды жүргізудің тәртібі мен тәсілдерін анықтау; 
6) мемлекеттік орман қоры категорияларына жатқызуды негіздеу, мемлекеттік орман қорын бір категориядан екіншіге ауыстыру, ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры учаскелерін алқаптар түріне жатқызу және оларды негіздеу; 
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде есепті кеспеағаштарды, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу мөлшерін, басты мақсатта пайдалану үшін ағаштың кесу жасын анықтау; 
8) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман тұқым шаруашылығы, ормандарды күзету мен қорғау жөніндегі іс шаралардың, басқа да орман шаруашылығы іс шараларының көлемін анықтау; 
9) орманды жанама пайдалану мен қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеттері үшін, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану мөлшерін анықтау; 
10) орманды биологиялық зерттеулер; 
11) орман орналастыру жобаларын жүзеге асыруды авторлық қадағалау; 
12) орман шаруашылығын жүргізудің негізгі ережелерін әзірлеу және облыстар бойынша орман орналастырудың жиынтық жобаларын жасау;