Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 56-бабын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 14-1/380 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 8 тамызда № 7110 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 9 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2016 жылғы № 490 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 56-бабын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 желтоқсандағы № 268 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4011 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюлетенінде 2006 жылғы сәуірде, 212-құжат № 5-6, 2006 жылғы шілдеде, 221-құжат № 11-12 жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Мейрембеков Қ.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген 2011 жылғы 2 шілдедегі № 14-1/380
Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыру жұмыстарын жүргізу ережелері
1 Бөлім. Далалық жұмыстар
1 Тарау. Жалпы қағидалар
1. Параграф. Орман орналастырудың мақсаттары мен міндеттері
1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережелері (бұдан әрі – Ереже) 2003 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 56-бабына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 жылғы № 19-1/1124 Бұйрығына сәйкес (02.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Орман орналастырудың негізгі міндеттері:
1) орман ресурстары, олардың жағдайы мен динамикасы туралы жан-жақты және нақты мәлімет алу;
2) мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман қорының есебін, орман мониторингін, ұзақ мерзімге пайдалануға берілетін орман қоры учаскелеріне құжаттар дайындауды (қосымша ақыға) қамтамасыз ететін орман қоры мен орман ресурстарының мәлімет базасын жасау және жаңарту;
3) ішкі шаруашылығындағы жерлерді ұйымдастыру;
4) орман қоры жерлерінің есебін және түгендеу құжаттарын, орман карталарын жасау;
5) орман ресурстарын пайдаланудың барлық түрлерінің, өсіріп-өндірудің, орманды күзету мен қорғаудың және басқа да орман шаруашылық іс-әрекеттердің ғылыми-негізделген мөлшерін анықтау;
6) МОҚ жерлері ұзақ мерзімді пайдалануға берілген мемлекеттік ұйымдардың (бұдан әрі – орман иеленушілер) орман орналастыру белгілеген тапсырмаларды орындауын бақылау;
7) орындалған орман шаруашылық шараларының сапасын және орман пайдалануды бақылау;
8) Қазақстан Республикасының Орман кодексімен белгіленген басқа да міндеттер.
2. Параграф. Орман орналастыру материалдарын қолдану
3. Орман орналастыру материалдары бойынша орман орналастыру ұйымының орман иеленушілері үшін орман орналастыру жобасы жасалады. Ол, орман шаруашылығы саласындағы өкілетті органмен бекітілгеннен соң, орман пайдалануды жүргізуге, қазіргі және болашақтағы пайдалануды жоспарлау мен болжауға, басқа да орман шаруашылық мәселелерін шешуге арналған негізгі ұйымдық – шаруашылық құжат болып табылады.
4. Орман орналастыру материалдарының негізінде:
1) ормандардың мониторингі, мемлекеттік орман кадастры және өкілетті орган белгілеген жүйе бойынша орман қорын мемлекеттік есепке алу жұмыстары жүргізіледі;
2) мемлекеттік орман қоры категориялары (бұдан әрі - МОҚ категориялары) негізделеді және орман пайдалану режимі шектеулі ерекше қорғалатын учаскелер бөлініп шығарылады;
3) МОҚ категориялары шегінде орманды басты мақсатта кесудің жыл сайынғы мөлшері белгіленеді.
4) аралық және басқа кесулердің жыл сайынғы көлемі анықталады (орман орналастыру кезінде анықталған орман өсіру қажеттілігіне және орман шаруашылығын жүргізудің экономикалық жағдайларына байланысты осы кесу түрлері анықталады);
5) орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру жүргізіледі;
6) орман иеленушілерімен орман шаруашылық шаралардың басқа түрлерін жүргізудің қажеттілігі негізделеді;
7) орман шаруашылығына қажет обьектілерге, суландыру мен жол құрылысына, рекреациялық көркейтуге сметалар мен техникалық жобалар жасау үшін арнайы инженерлік іздестіру мен зерттеулер жүргізіледі.
5. Облыстағы барлық орман иеленушілері үшін орман орналастыру жобаларының негізінде облыс бойынша жиынтық бір орман орналастыру жобасы және облыс ормандарының картасы, орман мониторингінің ақпараттық базасы жасалады.
3. Параграф. Орман орналастыру объектісі, орман орналастыру жұмыстарының кезеңдері
6. Орман шаруашылығын жүргізетін заңды және жеке тұлғалардың тұрақты жер пайдалануындағы орман қорының жерлері орман орналастыру объектісі болып табылады.
Орман иеленушісі аумағының бір бөлігінде ғана орман орналастыруды жүргізуге болады, бірақ ол бір орманшылықтың немесе мастерлік учаскенің аумағынан кем болмайды. Жуықтағы 15-20 жылда шаруашылыққа пайдалануға белгіленбейтін орман аумағында, қажет болса ғарыштық және басқа түсірулерді қолдану арқылы шығын және еңбекті аз қажет ететін ара қашықтық әдістерімен зерттеу жүргізілуі мүмкін.
7. Орман орналастыруды қажет ететін объектідегі орман орналастыру жұмыстарының толық кезеңі 3 жылдан және үш кезеңнен тұрады – дайындық, далалық, камералдық. Үздіксіз орман орналастыруға көшкен кезде орман орналастыру жұмыстары жыл сайын (қысқартылған түрде) бүкіл тексеру кезеңі бойы жүргізіледі.
4. Параграф. Орман орналастыру жұмыстарының мазмұны
8. Орман орналастыру Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 55-бабына сәйкес орындалады.
9. Орман орналастыру жұмыстарының құрамына төмендегі жұмыстар кіреді:
1) алқаағаштарды кесу және сөлін ағызу жоспарын құрастыру (тапсырыс берушінің есебінен және келісім шарт бойынша);
2) кеспеағаштарды дайындау және материалдық-қаржылай бағалау тапсырыс берушінің есебінен);
3) ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген орман қорының учаскелеріне орман орналастыру жобаларын жасау (орман иеленушілер есебінен);
5. Параграф. Орман орналастырудың түрлері мен әдістері
10. Орман орналастырудың негізгі әдістері ретінде жас кластары әдісі мен учаскелік әдіс алынады.
11. Жас кластары әдісі дегеніміз – алқаағаштардың және орманмен қамтылмаған жерлердің өнімділігі мен құрамы, кесу әдісі, шаруашылық жұмысы мен орман таксациялық сипаттамасы бірдей жиынтықтарын құру болып табылады.
Бұл әдіс бойынша орман орналастырудың барлық есептері (МОҚ категориялары мен ағаш түрлері бойынша) алқағаштардың қорлары мен аудандарының жинағын жас кластарына бөлу негізінде есептеледі.
Жас кластары әдісінде алғашқы есептік бірлік ретінде таксациялы телім алынады, ал алғашқы есептесу бірлігі ретінде басым түр алынады.
12. Орман орналастырудың учаскелік әдісі дегеніміз – бір немесе бірнеше телімдерден тұрақты шаруашылық учаскелер жасау. Ол телімдерді таксациялық сипаттамасы әртүрлі болса да, орман өсу жағдайы мен орманды көбейту мақсатының және жобаланатын кешенді орман шаруашылық шаралардың бағытына сай біріктіріледі: