• Мое избранное

Отправить по почте

12

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қаңтардағы N 1 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының  70-бабының  1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  4-бабына  сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты   ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.