• Мое избранное
Актілердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандарын және Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 24.05.2010 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Актілердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандарын және Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы N 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2737

Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.05.2010 № 377 Бұйрығымен. (18.10.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 18.10.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында   БҰЙЫРАМЫН : 
1. Қоса беріліп отырған: 
1) Актілердің, хаттамалардың, қаулылар мен ұйғарымдардың нысандары; 
2) Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерді жасау және беру ережесі бекітілсін. 
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін. 
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2004 жылғы 23 ақпандағы
 "Актілердің, хаттамалардың,
 қаулылардың, ұйғарымдардың
 нысандары мен Мемлекеттік
 санитарлық-эпидемиологиялық
 қадағалауды жүзеге асыратын
 лауазымды адамдардың актілерді
 жасау және беру ережесін
 бекіту туралы"
 N 178 бұйрығымен
 бекітілген
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды  
  жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілерді  
  жасау және беру ережесі 
: Бүкіл мәтін бойынша
"халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы ҚР заңының талаптарын бұзу туралы" сөздер тиісінше "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" сөздермен ауыстырылды
"әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы" сөздер тиісінше "әкімшілік жаза қолдану туралы" сөздермен ауыстырылды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 482 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
1. Осы Ереже мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті актілерді жасау және беру тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңымен белгіленген талаптардың бұзылуына қарай объектілерді тексерудің нәтижесі бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында лауазымды адамдар мынадай актілер шығарады: 
1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісі; 
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама; 
3) алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулылары; 
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңының талаптары бұзылған жағдайда адамдарға тәртіптік жаза қолдану туралы, әкімшілік жаза қолдану туралы, уақытша жұмыстан босату туралы, шаруашылық жүргізу қызметін тоқтату, халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді, сондай-ақ шаруашылық қызметте әкелуге, өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, технологиялық жабдықтардың, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу туралы қаулылары; 
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұзуға жол бермеу және санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдар. 
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар. 
#$: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 482, 2006 жылғы 18 қазандағы № 489 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері бекітілген нысандар сақтала отырып, типографиялық тәсілмен басып шығарылады және мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады. 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бланкісі қосымша нөмірленеді және қатаң есептілік құжат болып табылады.
4. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың барлық актілері қажетті көлемдегі данада жасалады, қол қойылып, алынған күні көрсетіле отырып, тексерілетін объектінің басшысына (өкіліне) тапсырылады, бірінші данасы - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының ісіне тігіледі. 
Алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулыға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің, тиісті аумақтағы, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қолы қойылады. 
Тәртіптік жаза қолдану туралы қаулыға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қол қояды. 
Әкімшілік жауаптылыққа тарту, шаруашылық жүргізу қызметін тоқтату туралы, халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді, сондай-ақ шаруашылық қызметте әкелуге, өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, технологиялық жабдықтардың, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу уақытша жұмыстан босату туралы қаулыларға және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұзуға жол бермеу туралы ұйғарымға, сондай-ақ санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мен оның орынбасарлары, тиісті аумақтың, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері және олардың орынбасарлары қол қояды да, Мемлекеттік елтаңбаның бейнесі бар мөрмен куәландырады. 
#$: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 482, 2006 жылғы 18 қазандағы № 489 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
5. Санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісі (бұдан әрі - акт) - объектінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретін құжат. 
Көрсетілген актінің "Қорытындылар" деген бөлімінде егер қандай пункттер, қандай санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер), гигиеналық нормативтер және өзге құқықтық нормативтік актілер бұзылғанын көрсету сәйкес келмесе, тексерілетін объектінің тиісті санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың (бұдан әрі - санитарлық ережелер) талаптарына сәйкес келетінін көрсеткен жөн. 
Көрсетілген актінің "Талаптар" деген бөлімінде бұзушылықтарды жою үшін қажетті іс-шаралар тізбесін қысқаша көрсеткен жөн (бұл баған санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы басшысы үшін қажет). 
Қол қоюдан бас тартқан кезде актіге тиісті белгі қойылады. Актіні тексерудің аяқталған күнін көрсете отырып, лауазымды адам жасайды және оған қол қояды. Актінің данасы тексеру кезінде қатысқан адамға қол қойғызып беріледі. 
#$: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 482 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы (бұдан әрі - хаттама) тексеруді жүргізгенде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұзушылық анықталған кезде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам жасайды. 
Хаттама жасалған сәттен бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды деп есептелінеді. 
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажетіне қарай орыс тілі немесе басқа да тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады. Сондықтан әкімшілік іс қозғалған кезде лауазымды адам құқық бұзушыдан істі қарау кезінде қай тілде сөйлейтінін және хаттаманы қай тілде жазу керектігін нақтылап алуы қажет. Осы жазбаның негізінде және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің  21-бабына  сәйкес Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері (орынбасары) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілін өзінің қаулысымен айқындайды. 
Оларға қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ басқа да іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актісінің негізінде хаттама жасалған кезде Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"  Кодексімен  (бұдан әрі - ҚР ӘҚБК) көзделген олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, ол туралы хаттамада белгі қойылады. 
Хаттамада оның жасалған күні мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні; оған қатысты іс қозғалған адам туралы мәліметтер; әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған орын, уақыты мен мәні, ҚР ӘҚБК ерекше бөлімінің аталған құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделетін бабы, егер олар бар болса, куәлардың аты-жөні, мекен-жайы, өзіне қатысты іс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкілінің түсініктемесі көрсетіледі. 
Хаттамаға оны жасаған адам және әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған адам қол қояды. Оларға қатысты іс қозғалған жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғалардың заңды өкіліне хаттамамен танысу мүмкіндігі берілуі тиіс. Бұл адамдар хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда тиісті жазу жазылады. 
Хаттаманың көшірмесі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің (орынбасарының) шешімінсіз, оларға қатысты әкімшілік іс қозғалған жеке тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың заңды өкілінің сұранысы бойынша, ол жасалғаннан кейін қол қойыла отырып, дереу беріледі. Хаттама үш тәулік ішінде қарау үшін лауазымды адамға (бас мемлекеттік санитарлық дәрігерге немесе оның орынбасарына) немесе сотқа берілуі тиіс. Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзушылыққа жол берген құқық бұзушының іс-әрекетінің біліктігі немесе әрекетсіздігі кезінде ҚР ӘҚБК басшылыққа алған жөн. 
Хаттаманы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер (оның орынбасары) қарағаннан кейін түсініктеме беру және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңының бұзылу фактілерін қарауға қатысу үшін осы Ереженің 1-қосымшасында берілген шақыру қағазына сәйкес әкімшілік іс қозғалған адам санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына шақырылады. 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізуге қатысты адамның, сондай-ақ қажетіне қарай аудармашының, қорғаушының қатысуымен және жәбірленушілер, куәгерлер, куәлар болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралады. 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізуге қатысты адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оны жүргізуде болған Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің (орынбасарының) шақыруы бойынша келуден бас тартқан жағдайда, бұл адам осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес шығарылған Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің (орынбасарының) анықтамасы негізінде ішкі істер органының қызметкерлері (полиция) мәжбүрлеп келтіруі мүмкін. 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер (орынбасары) мына қаулылардың бірін шығарады: 
1) әкімшілік жаза қолдану туралы; 
2) іс жүргізуді тоқтату туралы; 
3) істі сотқа, осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жазаның басқа түрін немесе мөлшерін қолдануға құқылы органға (лауазымды адамға) қарауға беру туралы. 
ҚР ӘҚБКо  636-бабында  белгіленген тәртіппен сотқа жіберілетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс мынадай тәртіппен ресімделеді: 
1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру, зертханалық тексеру, актінің, қатысушылардың түсініктемелерінің, құқық бұзушының лауазымдық нұсқаулықтарының, құқық бұзушының жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, көрсетілген қызмет түріне лицензияның, шақыру қағаздарының (егер мұндайлар болса) көшірмелері қоса беріледі; 
2) материал тігіледі, нөмірленеді, қоса берілген барлық құжаттардың тізімдемесі жасалады және ілеспе хатпен осы Ереженің 2, 3-қосымшаларына сәйкес үш тәуліктің ішінде сотқа жіберіледі. 
ҚР ӘҚБКо 580,  581-баптарында  көзделген жағдайлардың біреуі болған кезде, істі жүргізіп жатқан лауазымды тұлға осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтату туралы қаулы шығарады. 
#$: 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 482, 2006 жылғы 18 қазандағы № 489 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз)
7. Алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, тиісті аумақтың, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық мониторингтің нәтижесі бойынша шығарады. 
Көрсетілген қаулы егер алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды жүргізу күллі аумаққа (республиканың, облыстың, қаланың, ауданның) немесе бір бейінді объектілер тобына қолданылатын болса, қабылданады және объектілерді жабу үшін шығарылмайды.
8. Санитарлық-індетке қарсы іс-шаралар жүргізу туралы ұйғарымды карантиндік, аса қауіпті, жұқпалы, паразитарлық аурулардың, сондай-ақ уланулардың таралуын алдын алу және тиісті санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың, атаулары тиісті жолда санамаланатын жеке кәсіпкерлердің санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларды өткізуі үшін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және оның орынбасарлары, тиісті аумақтардың, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері және олардың орынбасарлары шығарады.