Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысына толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 798 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-1-жолмен толықтырылсын:
"
40-1 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қоршағанортамині | Тамыз | Қазан | Қараша | Е.М. Сәдуақасова |
";
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында:
"БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов