• Мое избранное
Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасында бәсекелестiктi дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1308 Қаулысы

Редакция 30.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында бәсекелестiктi дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де ұйымдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жыл сайын, 30 маусымға және 30 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттікке) олардың орындалуы жөнiнде ақпарат ұсынсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.05.2008 № 413 Қаулысымен. (29.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) жыл сайын, 10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.05.2008 № 413 Қаулысымен. (29.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрiнiң         міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
 2006 жылғы 29 желтоқсандағы
 N 1308 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасында бәсекелестiктi дамыту мен
 қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған
 бағдарламасы
Мазмұны
1.  Бағдарламаның паспорты 
2.  Кiрiспе 
3.  Қазақстанда бәсекелестiктi дамытудың қазiргi заманғы жай-күйiн және проблемаларын талдау 
4.  Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi 
5.  Бағдарламаны іске асырудың негiзгі бағыттары мен тетiгi 
5.1. Субъектiлердiң монополистiк тәртiбiн және мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерiн болдырмау 
5.2. Экономиканың барлық салаларында бәсекелестiк ортаны құру 
5.3. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының институционалдық қайта құрылуын жүргiзу, қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы бәсекелестiк құқықтың халықаралық стандарттарына сәйкес келтiру 
5.4. Кәсiпкерлiктiң еркiндiгін және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесiн нығайту, бәсекелестік мәдениетiн көтеру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту 
5.5. Монополияға қарсы органның кадрлық әлеуетiнiң тиiмдiлiгiн дамыту және жетiлдiру 
5.6. Монополияға қарсы органның жұмысы қағидатының айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету 
6.  Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi 
7.  Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер 
8.  Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
1. Бағдарлама паспорты
Бағдарламаның атауы        Қазақстан Республикасында бәсекелестiктi                              дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға                              арналған бағдарламасы
Бағдарламаны әзiрлеу       1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң   үшін негiздеме             2006 жылғы 1 наурыздағы 
                    "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша                              қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру                              стратегиясы" атты Қазақстан халқына 
                     Жолдауы 
                    2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
                    2006 жылғы 30 наурыздағы N 80 Жарлығымен                              бекiтiлген Қазақстан Республикасы 
                    Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған                              бағдарламасы, 
                    3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
                    2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына 
                    Жолдауын iске асыру жөнiндегi 
                    iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын                              орындаудың желiлiк кестесi туралы" 
                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006                              жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысы
Бағдарламаны әзiрлеуші     Қазақстан Республикасы Индустрия және                              сауда министрлiгi
Бағдарламаның мақсаты      Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығының                              тиiмдi жұмыс iстеуiне бағытталған қолайлы                              жағдайлар жасау жолымен еркiн                              бәсекелестiктi дамыту
Бағдарламаның мiндеттерi   Экономиканың барлық салаларында                              бәсекелестiк ортаны құру субъектiлердiң                              монополистiк тәртiбiн және мемлекеттiк                              органдардың бәсекелестiкке қарсы 
                    iс-әрекеттерiн болдырмау; Қазақстан                              Республикасының монополияға қарсы                              органының институционалдық қайта құрылуын                              жүргiзу; қолданыстағы монополияға қарсы                              заңнаманы бәсекелестiк құқықтың                              халықаралық стандарттарына сәйкес                              келтiру; кәсiпкерлiктiң еркiндiгiн және                              тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың                              қоғамдық жүйесiн дамыту, бәсекелестiк                              мәдениетiн көтеру; монополияға қарсы                              органның кадрлық әлеуетiнiң тиiмдiлiгiн                              дамыту және көтеру; монополияға қарсы                              органның жұмысы қағидатының айқындығы                              мен ашықтығын қамтамасыз ету
Бағдарламаны iске асыру    2007-2009 жылдар   мерзiмдерi
Бағдарламаның қажеттi      2007 жылғы республикалық бюджет қаражаты   ресурстар және оларды      есебiнен 117 млн. теңге. 
қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны iске          Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде: 
асырудан күтiлетiн         Қазақстан Республикасының бiрқатар   нәтижелер                  заңнамалық кесiмдерi әзiрленетiн және                              қабылданатын болады; 
                    монополияға қарсы органның тән емес                              функцияларын жүйелендiру және беру                              жөнiнде шаралар қабылданатын болады; 
                    жаңа компаниялардың экономика                              секторларына кiру үшiн тартымды және ашық                              шарттарды құру мақсатында монополияға                              қарсы заңнама реформаланатын болады;