• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 274 қаулысына толықтырулар мен өзгерістерді енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 133 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6559 болып енгізілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3190 тіркелген, 2005 жылғы 23 тамызда «Заң газеті» газетінде № 90 (714) санында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы мен 1-тармағы «заемдар беру» деген сөзден кейін «және сатып алу сомасын есептеу» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесінде:
тақырыбы «заемдар беру» деген сөзден кейін «және сатып алу сомасын есептеу» деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Ереже «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 1-тармағына және 43-бабының 9-3) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі - сақтандырушы) cатып алу сомасының шегінде өзінің сақтанушыларына заемдар беру тәртібін, сондай-ақ cатып алу сомасын есептеу тәртібін белгілейді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандырушы осы Ереженің 2-1-тарауына сәйкес есептелген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына заем береді.»;
9-тармақтың екінші бөлігінде «және/немесе» деген сөздер «және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
«2-1-тарау. Сатып алу сомасын есептеу тәртібі
14-1. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасының мөлшері жинақтаушы сақтандыру шартында осы мөлшерлер міндетті көрсетіліп, осы шарттың әр қолдану жылының соңында айқындалады.
14-2. Сатып алу сомасының мөлшері сақтандырушының комиссиялық сыйақыны, сақтандыру сыйлықақыларынан табыс салығын төлеумен байланысты шығыстарын, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру шартын жасасу және орындау бойынша шығыстарды шегергенде, сақтандырушы есептеген инвестициялық кірісті ескеріп, сақтанушы нақты енгізген сақтандыру жарналарының сомасынан кем болмауы қажет.
14-3. Жинақтаушы сақтандыру шартының бірінші қолданыс жылының соңында сатып алу сомасының бар болуы көзделмейді.».
2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым                                            Е. Бахмутова