• Мое избранное
Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 1352 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес
«Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 30.03.2015 жылғы № 247 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                     С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 28 қарашадағы
 № 1352 қаулысымен
 бекітілген
Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда энергетикалық кешеннің барлық буынының үнемді және сенімді жұмысын қамтамасыз ететін энергетикалық объектілерге қойылатын негізгі ұйымдастырушылық және техникалық талаптар жазылған.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) электр станциясы – құрылыс бөлімін қамтитын, жылу және электр энергиясын өндіру үшін арналған энергетикалық объект, энергияны қайта құру үшін жабдық және қажетті қосалқы жабдық;
2) электр желісі – кіші станциялардың, бөлу құрылғыларының және олардың электр энергиясын жеткізу үшін бағытталған электрді беру жүйесін біріктірудің жиынтығы;
3) жылу желiсi – жылу энергиясын жеткізу үшін бағытталған сорғы станцияларының, жылыту пункттерінің, құбырлар мен арматуралардың жиынтығы;
4) қазандық – құрылыс бөлімін қамтитын, жылу энергиясын өндіру үшін арналған энергетикалық объект, энергияны қайта құру үшін жабдық және қажетті қосалқы жабдық;
5) су электрстанциясы – су ағынының энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;
6) жергiлiктi нұсқау – кәсiпорын аясында пайдалану үшiн әзірленген және энергетикалық объектiлердiң басшылығымен бекiтiлетiн нұсқаулық.
2. Пайдалануды ұйымдастыру
Міндеттері мен ұйымдастырушылық құрылым
9. Электр станцияларының, қазандықтардың, электр және жылу желілерінің негізгі міндеттері электр және жылу энергиясын өндіру, бөлу, тарату және тұтынушыларға босату (бұдан әрі – энергия өндірісі) болып табылады.
5. Энергия өндірісінің негізгі технологиялық буындары жалпы режимдер және орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару тұтастығымен байланысты энергия өндіруші ұйымдар (электр станциялары, қазандықтар), энергия жеткізуші ұйымдар (электр және жылу желілері), (бұдан әрі – энергия объектілер) болып табылады.
6. Сала қызметкерлерінің негізгі ережелері:
1) тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың келісім шарттарын сақтау;
2) шығарылатын энергияның қалыпты сапасын қолдау – электр тогының стандартты жиілілігі мен кернеуі, жылу тасымалдағышының қысымы мен температурасы;
3) жедел-диспетчерлік тәртіпті сақтау;
4) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға дайын күйінде ұстау;
5) энергия өндірісінің және үнемділіктің ең жоғары сенімділігін энергияны үнемдеу жөніндегі заңнамаға және осы Қағидаларға толық сәйкестілігімен қамтамасыз ету;
6) жабдықтар мен ғимараттарды пайдалану үдерісінде өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;
7) қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалардың талаптарын орындау;
8) адамдар мен қоршаған ортаға өндірістің зиянды ықпалын төмендету;
9) ғылыми-техникалық өрлеу жетістіктерін энергетикалық объектілердің үнемділігін, сенімділігін, қауіпсіздігін арттыру және экологиялық жай-күйін жақсарту мақсаттарында пайдалану.
7. Әрбір энергетикалық объектілерде құрылымдық бөлімшелер арасында жабдықтарға, ғимараттарға, құрылыстар мен коммуникацияға қызмет көрсету бойынша қызметтері бөлінеді.
8. Саланың әрбір қызметкері өзіне энергия өндірудің ерекшеліктерін нақты білуі, еңбек және техникалық тәртібін, еңбек тәртібінің ережесін қатаң сақтауы, жұмыс орнын таза және тәртіпте күтіп ұстауы қажет.
Электр станциялары мен желілер жұмыстарының тиімділігін бақылау
9. Қуаты 10 МВт және одан астам әрбір жылу электр станциясында, қуаты 30 МВт және одан астам су электр станциясында, жылу өнімділігі 50 Гкал/сағ (209,5 ГДж/сағ) және одан астам әрбір аудандық қазандықта электр және жылу жүктемесіне абсолюттік немесе салыстырмалы есептеудегі оның жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің тәуелділігін белгілейтін жабдықтардың энергетикалық сипаттамасы әзірленеді. Бұдан басқа жылу электр станцияларында және аудандық қазандықта шығарылған электр және жылу энергиясы үшін отынның атаулы меншікті шығысының, ал су электр станцияларында шығарылған электр энергиясы үшін нормативтік меншікті шығысының кестесі әзірленеді.
10. Энергетикалық сипаттамада осы Қағидалардың талаптарын орындауда игерілген жабдық жұмысының нақты қол жетімді үнемділігі берілуі тиіс.
11. Жылу желілеріндегі энергетикалық сипаттамалар мынадай көрсеткіштер бойынша құрылады: жылу шығындары, жылу энергиясын жеткізуде жұмсалатын электр энергиясының меншікті шығысы, жүйелік судың орташа сағаттық меншікті шығысы, беру және кері құбырларындағы температуралардың айырмашылығы, жүйелік судың ағуы. Кері құбырдағы жүйелік су температурасының көрсеткіші бойынша энергетикалық сипаттаманы әзірлеуге рұқсат беріледі.
12. Электр желісі үшін нормаланған көрсеткіш оны жеткізуге арналған электр энергиясының технологиялық шығысы болып табылады.
13. Энергетикалық сипаттама көлем, нысан және құрылым бойынша қолданыстағы нормативтік және әдістемелік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
14. Жабдықтардың энергетикалық сипаттамасы мен шығарылған электр энергиясы мен жылуы үшін отын және судың есеп айырысу меншікті шығынының кестесі электр станциясы жабдықтарының әрбір топтары бойынша 5 жылда 1 рет қаралады. Сондай-ақ қайта құру жылу электр станцияларын техникалық қайта жабдықтау және қайта құру себебінен жанатын отынның түрі немесе маркасының өзгертілуі, отынның нақты меншікті шығыны электр энергиясы мен жылуды шығару сәйкесінше 2 және 1 % өзгертіледі.
Электр станцияларында, қазандықтардағы, электр және жылу желілерінде жұмыстың түпкі нәтижесін жақсарту мақсатында:
1) энергетикалық тасымалдағыштар мен технологиялық параметрлер шығындарын өлшеудің талап етілетін дәлдігі;
2) жабдықтардың жұмыс көрсеткіштерін бақылау-өлшеу құралдары мен ақпараттық-өлшеу жүйелерінің көрсеткіштеріне негізделген белгіленген нысандары бойынша (ауысымды, тәуліктік, айлық, жылдық) есепке алу;
3) жабдықтың жай-күйін, оның жұмыс режимдерін, отын үнемділігінің резервін, жүргізілген ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау үшін техникалық-экономикалық көрсеткіштерді талдау;
4) жабдық жұмысының сенімділігі және үнемділігін арттыру, отын-энергетикалық ресурстардың шығындары мен залалдарын азайту мақсатында іс-шараларды әзірлеу мен орындау.
Техникалық бақылау. Энергетикалық объектілерін пайдалануды ұйымдастыруды техникалық және технологиялық қадағалау
15. Әрбір энергетикалық объектілерде энергетикалық қондырғылардың (жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар) техникалық жай-күйін тұрақты және жүйелі түрде бақылауының (тексеру, техникалық куәландыру) ұйымдастырылуы, олардың жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты тұлғалардың анықталуы, сондай-ақ техникалық және технологиялық қадағалау жөніндегі персоналдың тағайындалуы және оның лауазымдық міндеттерін бекіту қажет.
16. Энергетикалық объектілердің қатарына енетін барлық технологиялық жүйелер, жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар, оның ішінде су құрылыстары жүйелі түрде техникалық куәландандыруға ұшырайды.
Техникалық куәландыруды энергетикалық объектінің техникалық жетекшісіні немесе оның орынбасары басшылық ететін энергетикалық объектінің комиссиясы жүргізеді. Комиссияға энергетикалық объектінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары, мамандандырылған және сарапшы ұйымдардың мамандары кіреді.