• Мое избранное
Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 717 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
«Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.01.2015 жылғы  № 74 Бұйрығын қараңыз
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Кемелердегі қызмет жарғысы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 27 маусымдағы
 № 717 қаулысымен
 бекітілген
Кемелердегі қызмет жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелердегі қызмет жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының (бұдан әрі — Заң) 8-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі суларында жүзетін кемелердегі қызметті ұйымдастырудың негізгі ережелерін анықтайды.
2. Осы Жарғының талаптары олар кемеде болған кезде де, сол сияқты олардың жағада қызметтік функцияларын орындаған кезінде де кеме экипажының мүшелері үшін, сондай-ақ кемеде уақытша болатын және онда қызметтік функциялар мен жұмыстар орындайтын басқа адамдар үшін де міндетті.
3. Кеме экипажының барлық мүшелері кемеге капитанның жазбаша келісімімен тағайындалады.
4. Экипаж мүшелерінің осы Жарғыға кірмеген лауазымдық функциялары кеме капитанының келісімі бойынша кеме иесінің лауазымдық нұсқаулықтарымен белгіленеді.
5. Экипаждың еңбегін қолданыстағы еңбек заңнамасына, Заңға және осы Жарғыға сәйкес кеме капитаны ұйымдастырады.
6. Барлық экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жолаушылар ретінде кемеде уақытша болатын адамдардың функцияларын белгілейтін кеме кестелері кемелердегі қызметті ұйымдастырудың негізі болып табылады.
2. Кеме экипажы
7. Кеме экипажының мүшелері:
1) су көлігі қызметкерлерінің абыройы мен намысын сақтайды;
2) коммерциялық құпияны сақтайды;
3) мемлекеттік меншікті сақтайды;
4) Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Жарғының, бұйрықтардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын орындайды;
5) тұрақта және жүру кезінде вахтада болады және атқаратын қызметіне сәйкес кеме жұмыстарын орындайды;
6) сыпайы, тәртіпті, лауазымы бойынша үлкендердің нұсқауларын жедел және дәл орындайды;
7) өзінің функцияларын біледі, адал және ынтамен орындайды, материалдарды үнемшілдікпен жұмсайды, кеме мүлкіне ұқыпты қарайды, өндірістік жоспарлар мен рейстік тапсырмаларды орындауға белсене қатысады;
8) кеменің құрылымын, өзінің мамандығын, оны меңгеруді және оларға қатысты терминдерді біледі;
9) өздерінің кәсіби білімдерін ұдайы жетілдіріп отырады;
10) өзінің меңгеруіндегі жұмысты жарамды күйде ұстайды және оны үздіксіз қамтамасыз етеді;
11) қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық ережелердің талаптарын біледі және қатаң сақтайды;
12) дабыл бойынша өзінің функцияларын біледі және дәл орындайды, авариялық-құтқару және өртке қарсы мүлікті, құрал-саймандармен, жеке және ұ жымдық құтқару құралдарын пайдалана алады және олардың орналастырылған жерлерін, апат сигналдарын біледі, ішкі байланыс және дабылдар бойынша сигнал беру жүйелерін пайдалана алады;
13) таза және ұқыпты киінеді, нысанды киіммен жүру ережесін сақтайды;
14) кемеде тазалық пен тәртіпті сақтайды;
15) ластануына жол бермей, табиғи ортаны қорғайды.
8. Экипаждың әрбір мүшесі кеменің қауіпсіздігі туралы қамқорлық жасауға тиіс және кемеге, адамдарға, жүкке төнетін қауіпті анықтаған кезде бір мезгілде оны жою жөнінде шаралар қабылдай отырып, бұл туралы вахталық бастығына шұғыл хабарлауға міндетті.
9. Кемедегі немесе тұрмыстық техниканы (оның кімнің меңгеруінде екендігіне қарамастан) пайдаланатын адамдар оның мақсаты бойынша пайдаланылуы үшін жауап береді, ал жұмысында жарамсыздықтарды анықтаған кезде, ол осы техника меңгеруінде тұрған адамға дереу хабарлайды.
10. Кеменің адамдардың үлкен тобы пайдаланатын техникалық және тұрмыстық құралдары өздерінің меңгеруіндегі экипаж мүшелері әрбір құрал бойынша онымен жұмыс істеу нұсқаулығы болуын қадағалайды.
11. Экипаж мүшелеріне вахта бастығының рұқсатынсыз, кеме техникасының уақытша істен шығуына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
12. Кемені тиісті жай-күйде және жарамдылықта ұстау үшін корпус пен қондырманың барлық элементтері, кеме ғимараттары, тетіктері, жүйелері, құрылғылары, қосалқы бөлшектері, құрал-саймандары, аспаптары мен жабдықтары меңгерілуі жөніндегі кестемен экипаждық әдіс кезінде кеме экипажының мүшелеріне немесе бригадалық әдіспен жұмыс істеу кезінде бір мезгілде кемеде болатын бригадалар (бригада) мүшелеріне бекітіледі.
13. Кеме экипажының мүшелері өздеріне сеніп тапсырылған құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.
14. Экипаждарсыз, өзі жүрмейтін кемелермен жұмыс істейтін, өзі жүретін кеме экипажына осы кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қосымша функциялар жүктеледі.
15. Экипаж мүшелері капитан жариялаған авариялық және қауырт жұмыстарды орындайды. Авариялық жұмыстарға капитанның қалауы бойынша кемеде уақытша болатын адамдар да тартылуы мүмкін.
16. Қызметтік функцияларды атқару кезіндегі өзара қарым-қатынас ресми болуға тиіс.
17. Қызмет бойынша өкімдерді бұйрықтар нысанында береді. Бұйрық нақты және қысқа болуға тиіс. Бұйрықты беруші оның дұрыс түсінілгеніне көз жеткізеді. Бұйрықты алушы оны орындасымен, сол сияқты оны орындау мүмкіндігі болмаған кезде бұйрық беруші адамға хабарлайды.
18. Командалық құрамның басқа тұлғасынан орындалуы біріншіні орындауға кедергі келтіретін жаңа бұйрық алған жағдайда, орындаушы бұл туралы екінші бұйрықты берген адамға мәлімдейді және одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет жасайды.
19. Лауазымдарды (мамандықтарды) қоса атқару әдісі бойынша жұмыс істейтін экипаж мүшелері осы лауазымдар (мамандықтар) үшін осы Жарғыда белгіленген міндеттерді орындайды.
3. Кемелердегі қызметті ұйымдастыру негіздері
20. Кеме иесі кемелерде қызметті ұйымдастыру бойынша негізгі кестелерді бекітеді, олар мыналар болып табылады:
1) штат кестесі;
2) меңгерулер жөніндегі кесте;
3) вахталар мен кеме жұмыстарының кестесі;
4) кемедегі күн тәртібі;
5) жиыстыру жөніндегі кесте;