Осы редакция 15.08.2002 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметін көрсетуінің тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қыркүйек N 1438
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметін көрсетуінің тәртібі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1433 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнің ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнің тәртiбi 1. Осы Тәртiп "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi. 2. Ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетулерге: 1) қосымша бiлiм беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсетулер; 2) пәндердiң арнаулы курстары мен циклдарын қосымша оқыту жөнiндегi қызмет көрсетулер;
3) репититорлық (жекелеген оқушылармен жеке түрде оқу жоспары бойынша сағаттардың санынан тыс пәндер бойынша қосымша сабақтар өткiзу) жөнiндегi қызмет көрсетулер;
4) оқушыларға пәндердi қосымша тереңдетіп оқыту (мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарының тиiстi бiлiм беру бағдарламаларының шеңберiнен тыс) жөнiндегi қызмет көрсетулер;
5) балалардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған қосымша дене тәрбиесi-сауықтыру бағдарламалары бойынша қызмет көрсетулер;