• Мое избранное
Капиталының теріс мөлшері бар банктердің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртібі туралы» ережеге өзгерістер мен толықтырулар
Внимание! Документ утратил силу с 26.03.2005 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылы 31 желтоқсандағы №N 336 қаулысымен бекiтiлген Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртiбi туралы» ережеге өзгерiстер мен толықтырулар Қаулысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылы 31 желтоқсан N 485 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 7 қаңтар N 660 тіркелді

Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту жөнiнде Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»1997 жылы 11 шiлдедегi N 154-1 ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының күшiне енуiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылы 31 желтоқсандағы N 336  қаулысымен бекiтiлген капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртiбi туралы ережеге Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен келiсiлген өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
2. Заң департаментi (Өртембаев А.К.) Банктiк қадағалау департаментiмен бiрлесiп (Абдуллина Н.К.) осы қаулыны және Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн. 
3. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.К.) осы қаулыны және 
Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу 
және сату тәртiбi туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық Бас) басқармаларына 
(филиалдарына) және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкi Төрағасының орынбасары А.F. Сәйденовке жүктелсiн.
     Ұлттық Банк
      Төрағасы                        
     Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
     Бағалы қағаздар жөнiндегi          Ұлттық Банкi Басқармасының
     ұлттық комиссиясымен            1997 жылы 31 желтоқсандағы
     келiсiлген                          №N 485 қаулысымен
     1998 жылғы 13 наурыздағы              бекітілген
    №N 01-5/824
                    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi 
       Басқармасының 1996 жылы 31 желтоқсандағы N 336  

 
  қаулысымен 
           бекiтiлген Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң 
         акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртiбi туралы» 
                     ережеге өзгерiстер мен толықтырулар
 
     1. 5-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: «
"Ұлттық Банк банк ұсынған деректер негiзiнде банк капиталының мөлшерiн Ұлттық банк белгiлеген банктiң өз капиталының есеп айырысу әдiстемесiне сәйкес белгiлейдi." 
2. 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «         "6. Заңды немесе жеке тұлғалар - банктi қайта капиталдандыру үшiн жекелей немесе бiрлескен түрде жеткiлiктi ақшасы бар Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi банктiң жаңа инвесторлары бола алады.". 
3. 8-тармақтағы "өз қаражаты" деген сөздер«"банктi қайта капиталдандыру үшiн жеткiлiктi ақшасы" деген сөздермен алмастырылсын. 
4. 9-тармақтың екiншi азатжолындағы "қаржы мөлшерiндегi" деген сөздер "ақша сомасындағы" деген сөздермен алмастырылсын. 
5. 15-тармақтағы "3 дана" деген сөздер "қазақ және орыс тiлдерiнде 3 данадан" деген сөздермен алмастырылсын. 
6. 23-тармақтағы "бағасының мөлшерiндегi ақша қаражаты" деген сөздер « "құны сомасына ақша" деген сөздермен алмастырылсын. 
7. 24-тармақтағы "теңбе-тең мөлшердегi ақша қаражатын" деген сөздер «
"теңбе-тең сомада ақша" деген сөздермен алмастырылсын. 
     8. 25-тармақтағы: «
     "ақша қаражатынан" деген сөздер "ақшадан" деген сөзбен алмастырылсын; 
     тармақ мынадай мазмұндағы жаңа екiншi азатжолмен толықтырылсын: 
     "Банкке талаптар қойылуы мүмкiн бойынша мiндеттемелердi орындау 
мерзiмi жеткенiмен‚ бiрақ банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм 
қабылданғанға дейiн қойылмаған жағдайда‚ мұндай талаптардың жеке және 
заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптардан басқасы өтелген болып 
саналады."»
     9. 32-тармақтағы "ақша қаражаттары" деген сөздер "ақшасы" деген 
сөзбен алмастырылсын.
     Ұлттық Банк
     Төрағасы