Bestprofi Logo

Қаулы № 867 от 2007-10-01г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 867 Қаулысы

"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

тармаққа өзгерту енгізу көзделді ҚР Үкіметінің 04.08.2010 № 796 Қаулысымен.(жариялануға жатпайды)

2. Мүдделі министрліктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы талдамалы ақпарат берсін.

тармаққа өзгерту енгізу көзделді ҚР Үкіметінің 04.08.2010 № 796 Қаулысымен.(жариялануға жатпайды)

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

тармаққа өзгерту енгізу көзделді ҚР Үкіметінің 04.08.2010 № 796 Қаулысымен.(жариялануға жатпайды)

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание