Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 927 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 3, 38-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесінде:
2-тармақтың 2) тармақшасында:
екінші абзацтағы «теңгерімдік құны» деген сөздердің алдынан «ветеринариялық препараттарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацтағы «теңгерімдік құны» деген сөздердің алдынан «ветеринариялық препараттарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацтағы «коммуналдық меншікке беріледі» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«ветеринариялық препараттар - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген шешімі бойынша коммуналдық меншікке беріледі;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов