• Менің таңдаулыларым
  • Word –да сақтау
  • Word - та сақтау (альбом бағдарлауы)
  • Word - та сақтау (мазмұнымен)
  • PDF – та сақтау
  • Отправить по почте
Құжат демонстрациялық түрде көрсетілген Бағасы: 240 тг/жылы
Назар аударыңыз! Қолданыста жоқ құжат редакциясы Қолданыстағы редакцияны қарау

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі N 410 және 2003 жылғы 11 ақпандағы N 148 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1234 Қаулысы       
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі N 410  қаулысында: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесінде: 
3-тармақ "шетелдік іссапарларға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациялары шетелге шыққан кездегі арнайы рейстердің шығыстарына ақы төлеуге" деген сөздермен толықтырылсын;