• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Рсепубликасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 467 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2685

Тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 13 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 247 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.08.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында кассалық операциялар жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшелеріндегі эмиссиялық-кассалық операциялар және құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету туралы ережелерді бекіту туралы" 1997 жылғы 25 шілдедегі N 281 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 415 тіркелген, 1997 жылғы 24-29 қарашада, 1997 жылғы 1-6 желтоқсанда, 1997 жылғы 8-14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы қаулы оны бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаған күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді. 
4. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.): 
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) жіберсін. 
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін. 
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішевке жүктелсін.
Ұлттық Банк 
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
 N 467 қаулысымен бекітілген
Оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары
Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидалары «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) және оның филиалдарында кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың нормалары Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығына (филиалына) (бұдан әрі – Орталық), сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарында қолма-қол ақша енгізетін (тапсыратын) және (немесе) алатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – клиенттер) қолданылады.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен
 2-тарау жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009. № 86 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
3. Осы Қағидаларда Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым кассасы – Ұлттық Банк филиалының кіріс, шығыс,кіріс-шығыс кассалары, қайта санау кассасы, ұсақтау (айырбастау) кассасы және кешкі касса кіретін кассасы;
2) артық шығу – банкноттардың немесе монеталардың орауында көрсетілген қолма-қол ақша сомасының және осы ораудағы нақты банкноттар мен монеталар сомасының арасындағы асып кеткен айырма;
3) касса модулі – интеграцияланған автоматтандырылған жүйенің шағын жүйесінің бір бөлігі болып табылатын эмиссиялық-кассалық операциялардың модулі;
4) кем шығу – банкноттардың немесе монеталардың орауында көрсетілген қолма-қол ақша сомасының және осы ораудағы нақты банкноттар мен монеталар сомасының арасындағы кем шыққан айырма;
5) күмәнді банкноттар және монеталар – төлем қабілетін және түпнұсқалылығын анықтау үшін сараптама жүргізу қажет болатын бүлінуі бар банкноттар мен монеталар;
5-1) қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (бұдан әрі - ҚААТЖ) - жіберілетін құжаттамаға рұқсатсыз кіруден қажетті қорғанышы бар арнайы байланыс арнасы;
6) қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесі – Ұлттық Банк орталық аппаратының Қазақстан Республикасында қолма-қол ақша айналысын және эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бөлімшесі;
6-1) монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесі - Ұлттық Банк орталық аппаратының эмиссиялық-кассалық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсетуді жүзеге асыратын бөлімшесі;
7) филиалдың бухгалтериясы – Ұлттық Банк филиалының бухгалтерлік есеп бөлімшесі.
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.06.2010 № 61, 24 (24.08.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).08.2012 № 256 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Касса жұмысын ұйымдастыру
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Ұлттық Банктің филиалында кассалық операциялар бүкіл операциялық күн ішінде жүргізіледі. Касса жұмысының басталу және аяқталу уақыты (операциялық күн) Ұлттық Банк филиалы басшысының бұйрығымен белгіленеді.
5. Операциялық күн ішінде клиенттерден түскен барлық қолма-қол ақшаны Ұлттық Банктің филиалы олардың сомасын сол операциялық күні клиенттердің тиісті шоттарына есепке ала отырып Ұлттық Банк филиалының айналым кассасына (бұдан әрі - айналым кассасы) қабылдайды. 
Ұлттық Банк филиалының кассасынан клиенттерге берілген барлық қолма-қол ақша операциялық күн ішінде сол операциялық күні клиенттердің тиісті шоттарынан есептен шығарылады.
6. Ұлттық Банктің филиалдары арасында қолма-қол ақшаны тасымалдау үшін Орталықта инкассация және құндылықтарды тасымалдау бөлімшесі құрылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.06.2010 № 61 Қаулысымен (24.08.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
7. Ұлттық Банктің филиалдары және заңды тұлға клиенттер арасында қолма-қол ақшаны тасымалдауды Ұлттық Банктің филиалының инкассация және құндылықтарды тасымалдау бөлімшесі тиісті шарт негізінде жүргізеді.
8. Ұлттық Банктің филиалы төлем үшін тек төлем банкноттары мен монеталарын ғана қабылдайды. 
Өзінің толық өлшемінің 50 (елу) пайыздан астамын сақтаған тозған, айналыстан алынатын және бүлінген банкноттарды Ұлттық Банктің филиалы қабылдайды және осы Қағидаларға сәйкес айырбасталады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009. № 86, 24 (27.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз).08.2012 № 256 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
9. Ұлттық Банктің филиалы банкноттар мен монеталарды қолдан жасау фактісіне байланысты хабарларды (шағым-талаптарды) қарайды. Жалған және төлем қабілеті жоқ банкноттар немесе монеталар клиенттерге қайтарылмайды және айырбасталмайды. Ұлттық Банктің филиалы жалған банкноттарды немесе монеталарды анықтау фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлайды.
4. Кассалық операцияларды жасау
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-параграф. Кіріс кассасының қолма-қол ақшаны қабылдауы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 256 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
10. Ұлттық Банктің кіріс кассасы (бұдан әрі - кіріс кассасы) клиенттер енгізген (тапсырған) қолма-қол ақшаны қабылдауды жүзеге асырады.
11. Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында немесе монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) бар заңды тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдауы Ұлттық Банктің филиалы және көрсетілген заңды тұлғалар арасында жасалған кассалық қызмет көрсету шарттары негізінде жүзеге асырылады.
Кіріс кассасының Ұлттық Банктің филиалында немесе монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (шоттары) жоқ жеке және заңды тұлғалардан қолма-қол ақшаны қабылдауы кассалық қызмет көрсету шартын жасамастан банкноттарды парақтап және монеталарды бір-бірлеп санай отырып жүзеге асырылады.
11-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009. № 86
 өзгертілді - 25 (27.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз).06.2010 № 61 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 24.08.2012 № 256 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
12. Кіріс кассасы заңды тұлға клиенттерден заңды тұлға клиенттер толық бумаларға және қапшықтарға салған банкноттар мен монеталарды тозу дәрежесі бойынша (жаңа және бұрын шығарылған монета қатарларына жеке) сұрыпталғандарын ғана қабылдайды. 
Екінші деңгейдегі банктер, ұлттық почта операторы, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоса атқаратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) болып табылатын клиенттерден кіріс кассасы қабылдайтын банкноттар салынған толық бумаларда және монеталар салынған толық қапшықтарда банктердің филиалдарының және айырбастау пункттерінің касса қызметкерлері жасаған банкноттар салынған бумалар және монеталар салынған қапшықтар болуы мүмкін. 
Банкноттар салынған бумалар және монеталар салынған қапшықтар олар қалыптастырылған күннен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде қалыптастырылады. 
Банкноттар салынған толық емес бумаларда және монеталар салынған толық емес қапшықтарды қабылдау Ұлттық Банк филиалының басшысының жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі. Номиналдары бойынша және жарамдылық дәрежесі бойынша сұрыпталмаған банкноттар мен монеталар қабылданбайды.
12-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009. № 86 Қаулысымен (27.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
13. Заңды тұлға клиенттерден қолма-қол ақша қабылдауды кіріс кассасы бумалар және түбіртектер бойынша, ал монеталарды қапшықтар бойынша жүргізеді. Бұл ретте кіріс кассасының касса қызметкері бума жапсырмасының дұрыс ресімделуін, пломбадағы пломбир таңбасының немесе бедерінің анық болуын (жақсы көрінуін), ал монета салынған қапшықтарға - жапсырма қағаздың дұрыс ресімделуін және пломбадағы пломбир таңбасының анық болуын тексереді.
14. Қабылданған қолма-қол ақшаны парақтап қайта санауды және бір-бірлеп қайта санауды Ұлттық Банктің қайта санау кассасы (бұдан әрі - қайта санау кассасы) қолма-қол ақшаны қабылдаған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күн ішінде жүргізеді.
14-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009. № 86 Қаулысымен (27.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
15. Кіріс кассасының касса қызметкерінің үстелінде ақшаны енгізген тұлғалардың ақшасы ғана болуы тиіс. Бұрын қабылданған барлық қолма-қол ақша сейфтерде, металл шкафтарда, үстелдің жәшігінде немесе арнайы арбаларда сақталады.