Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 227 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 13 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4490 болып енгізілді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфелдеріндегі қаржы құралдарын бағалау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3603 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 390 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3949 тіркелген) және "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 109 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 152 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4401 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдеріндегі қаржы құралдарын бағалау ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акцияларын бағалау осы тармақпен белгіленген критерийлерге сай оларға қатысты белсенді рынок болғанда, Қор биржасының қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары акцияларының белсенді рыногының болу критерийлері ретінде мынадай көрсеткіштер көрсетіледі:
1) маркет-мейкерлердің әрбірінің бағаланатын акциялары бойынша соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде талап пен ұсыныс арасындағы спрэд күн сайын бір күн ішінде отыз пайыздан аспайды;
2) соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде бағаланатын акциялар бойынша ашық сауда әдісімен өткен сауда-саттық көлемі жиырма бес миллионнан кем емес теңгені немесе көрсетілген шамалардың қайсысы ең төменгі болып табылатынына байланысты эмитенттің жекеше капиталы мөлшерінің оннан бір пайызын құрайды;
3) бағаланатын акциялар бойынша бір күн ішіндегі маркет-мейкерлердің сатып алуға міндетті өтінімдерінің көлемі үш миллионнан кем емес теңгені және соңғы отыз күнтізбелік күн ішінде сатуға үш миллионнан кем емес теңгені құрайды;
4) соңғы он жұмыс күннің әрбір күні ішінде осы акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында ашық сауда-саттық әдісімен кем дегенде бір мәміле жасалады;
5) маркет-мейкерлердің сатып алуға баға белгілеудің ауытқуы ашық рынокта жасалған соңғы мәміле бағасының жиырмадан астам болмайтын пайызын құрайды.
Спрэд деп маркет-мейкерлер сатып алудың жарияланған бағасы мен өзі хабарлаған немесе қабылдаған шарттары бойынша осы қаржы құралдарымен мәміле жасасуға дайын болған қаржы құралдарын сатудың немесе баға белгілеу тәсілінің (тілегін білдіру) айырымы түсініледі, ол бойынша қор биржасының мүшесі қаржы құралдарының сатып алынатын бағасы мен жарияланған сатудың бағасы және қор биржа мүшесі жариялаған немесе қабылдаған шарттары бойынша осы қаржы құралдарымен мәміле жасасуға дайын болған сату бағасын көрсетеді.
Маркет-мейкер деп маркет-мейкер ретінде қор биржасы таныған және өзіне әрдайым бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес хабарлауға және қолдауға міндеттеме алған қор биржасының мүшесі түсініледі.
Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акцияларын бағалау осы баппен анықталған критерийлерге сәйкес оларды сатып алған сәтте белсенді рынок болмағанда, осы Ереженің 9-бабына сәйкес әр апта сайын аптаның бірінші жұмыс күні соңында жүзеге асырылады.
Егер, бұрын белсенді рынок болмаған акциялар бойынша белсенді рынок белгіленген жағдайда, осы акциялар бұдан әрі әділ құны бойынша әр апта сайын бірінші жұмыс күннің соңындағы жағдай бойынша бағаланады.
Осының алдында белсенді болған рыноктың белсенділігі болмаған кезеңдегі акциялар құны апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша егер акцияларға қатысты белсенді рынок пайда болған сәтке дейінгі осы акциялардың соңғы әділ құнмен салыстырғанда төмен шегі болып табылатын сатып алу құны сатып алу құны деңгейінен бес пайызға төмен ағымдағы акциялар құнын түзету жолымен аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы апта сайын анықталып отырады. Егер осы акциялардың сатып алу құны олардың соңғы әділ құнмен салыстырғанда артық шекте болып табылған жағдайда олар осы акцияларға қатысты белсенді рыноктың пайда болу сәтіне дейін ескерілетін болады.
Қор биржасы осы Ереженің қосымшасына сәйкес апта сайын алматы уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей аптаның бірінші жұмыс күні Интернет желісіндегі сайтта Қазақстан Республикасының резидент ұйымдастырушыларының акцияларына қатысты белсенді рыноктың болуына немесе болмауына қатысты мәліметтерді осы Ереженің қосымшасына сәйкес осының алдындағы аптаның соңғы жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша орналастырады.";
мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
"7-1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары акцияларынан өзге, қаржы құралдары деп есептелетін, саудаға арналған және саудада қолда бар бар қаржы құралдарын бағалау Әдістемесіне сәйкес апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.
7-2. Қаржы құралдары ретінде есептелетін саудаға арналған және сатуға белгіленген бағалы қағаздардың шетелдік ұйымдастыру рыноктарында айналыста жүрген қаржы құралдарын бағалау әділ құн бойынша апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің аяғындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады.";
осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының 1-тармағының он үшінші абзацында белгіленген Қазақстан Республикасының резидент ұйымдастырушысының акцияларын бағалау тәртібі осы қаулы қолданысқа енгенге дейін сатып алынған Қазақстан Республикасының ұйымдастырушы резиденттердің акцияларын бағалау жағдайларына қолданылмайды. Аталған акциялардың құны Қор биржасының қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес осы қаулы қолданысқа енетін күні белгіленеді.
Әрі қарай белсенді рынок пайда болғанға дейін бағалау кезінде осы акциялардың құны эмитент рейтинг бағасының барынша төмен деңгейін иеленбейтін акциялар сауда-саттығының ұйымдастырушысы делистингі жағдайын, не акциялар эмитентінің кредиттік рейтингін барынша төмен деңгейден төмендетудің пайда болуын халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес осы бағалы қағаздардың құнсыздануын жасау қажеттілігі пайда болу кезін қоспағанда осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген құннан төмен болмауы керек.
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушы өзінің ішкі құжаттарын 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулыға сәйкес келтірсін.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне,"Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына және сауда-саттықты ұйымдастырушыларға мәлімет үшін жіберсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының 2006
жылғы 27 қазандағы N 227
қаулысына қосымша
"Жинақтаушы зейнетақы
қорларының инвестициялық
портфельдеріндегі қаржы
құралдарын бағалау
ережесіне қосымша
20___ жылғы "___"________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының акцияларына қатынасты белсенді рыноктың болуы немесе болмауына қатысты мәліметтер
№ N | Акция (оның түрін және эмитенттің атауын көрсетіп) | Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіндегі акцияның коды | Белсенді рынок |
бар/жоқ |
1. | | | |