2. Орындауға жауапты мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
Отправить по почте
"Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 28-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Орындауға жауапты мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 28-ө өкімімен бекітілген
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Жауапты мемлекеттік орган | Енгізу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Биоотын өндіретін зауыттарды салуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2011 жылғы ақпан |
2. | Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2011 жылғы ақпан |
3. | Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерінің нысандары мен оларды табыс ету қағидасын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | AШM | 2011 жылғы ақпан |
4. | Азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидасын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | AШM | 2011 жылғы ақпан |
5. | Биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды табыс ету қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2011 жылғы ақпан |
6. | Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2011 жылғы ақпан |
7. | Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2011 жылғы ақпан |
8. | Өндіріс паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2011 жылғы ақпан |
9. | Биоотын өндірушінің өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту қағидасын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2011 жылғы ақпан |
10. | Биоотын өндірісі саласындағы тексеру бойынша ведомстволық есептілік нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірлескен бұйрығы | АШМ ЭДСМ БП (келісім бойынша) | 2011 жылғы ақпан |
11. | Биоотын өндірісі саласындағы тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің бірлескен бұйрығы | АШМ ЭДСМ | 2011 жылғы ақпан |
12. | Биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің бірлескен бұйрығы | АШМ ЭДСМ | 2011 жылғы ақпан |
13. | Биоотын айналымы саласында құқық бұзушылықты жою туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2011 жылғы ақпан |
14. | Биоотынды тасымалдаған кезде ілеспе жүкқұжаттарды табыс ету қағидасын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2011 жылғы ақпан |
15. | Биоотын айналымы саласындағы тексеру бойынша ведомстволық есептілік нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірлескен бұйрығы | Қаржымині ЭДСМ БП (келісім бойынша) | 2011 жылғы ақпан |
16. | Биоотын айналымы саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің бірлескен бұйрығы | Қаржымині ЭДСМ | 2011 жылғы ақпан |
17. | Биоотын айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің бірлескен бұйрығы | Қаржымині ЭДСМ | 2011 жылғы ақпан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |