Bestprofi Logo

Қаулы № 1326 от 2008-12-31г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 19.01.2019 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1326 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 19 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 922 Қаулысына сәйкес

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 245-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.

2. "Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қарашадағы N 1075 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1326 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі

Р/с N Салық төлеуші
1 "Маерск Ойл ГмбХ" компаниясының қазақстандық филиалы
2 "АДЖИП ККО" компаниясының қазақстандық филиалы
3 "Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорны
4 "Жамбай" ЖШС

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание