Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1227 Қаулысы
Редакция 28.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2) "2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1138 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 7-жолдың 6-бағанындағы "1720151,0" деген сандар "1434671,0" деген сандармен ауыстырылсын;
2-бағандағы "бағдарламалық өнімдерді" деген сөздерден кейін ", автокөлік құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
6-бағандағы "519333,0" деген сандар "804813,0" деген сандармен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бойынша:
осы қаулыға 384-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағаны мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Облыстық департаменттер құрамындағы аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың статистика бөлімдері үшін автокөлік құралдарын сатып алу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов