• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 және 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 Қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.01.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 және 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 1185 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 23-24, 228-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативінде: 
реттік нөмірі 13-жолдың ІІ тобының 4-бағанындағы "3" деген сан "*" деген белгімен толықтырылсын; 
кестеден кейін мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: 
"* Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлік қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін";
2) Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288  қаулысында: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде: 
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген бөлімнің "Автомобильдердің шекті саны" деген бағандағы "1" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі