Қазақстан Республикасының Премьеp-Министрi Кеңсесiнің "Ақпараттық қауіпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлігін арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 435 қаулысы
Редакция 28.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң "Ақпараттық қауiпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
1) Мекемеге қатысты уәкiлеттi мемлекеттік орган болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi;
2) Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктiлігін арттыруды ұйымдастыру болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қaулыны іске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының