Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 147 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 12 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2016 жылғы № 887 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті» деген кіші бөлімде:
мына:
«
Көліктегі орталық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті | 2 |
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Көліктегі департаменті | 4 |
»;
мына:
Батыс өңіраралық теміржол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті | 1 |
«
Ақтөбе бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы | 1 |
»;
мына:
«
Оңтүстік-Шығыс өңіраралық теміржол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті | 4 |
«
Алматы бөлімшелік көліктегі мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасы | 4 |
»;
мына:
«
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері үшін | Қызмет көрсетілетін халықтың әрбір 300 000 адамына санитарлық автомобильдің 1 бірлігі, бірақ 1 бірліктен кем емес |
«
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстардың және Алматы қаласының департаменттері үшін | қызмет көрсетілетін халықтың әрбір 300 000 адамына санитарлық автомобильдің 1 бірлігі, бірақ 1 бірліктен кем емес |
»; мына:
«
Солтүстік-Батыс өңіраралық әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті | 2 |
Оңтүстік-Шығыс өңіраралық әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті | 1 |
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті үшін | қызмет көрсетілетін халықтың әрбір 200 000 адамына санитарлық автомобильдің 1 бірлігі, бірақ 1 бірліктен кем емес |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов