• Мое избранное
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 8

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.05.2015 жылғы № 7-1/453 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының        Премьер-Министрі     К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1230 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі – бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);
2) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті орган ведомствосы) – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның комитеті;
3) ветеринариялық құжаттар:
ветеринариялық-санитариялық қорытынды – республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне (бұдан әрі – объектілер) беретін, объектілердің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкестігін (сәйкес еместігін) белгілейтін құжат;
ветеринариялық сертификат – республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының ішінде және республиканың шегінен тыс (экспортқа) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге беретін, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін растайтын құжат;
ветеринариялық анықтама – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган бөлімшесі) ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ жануарлардың, жануардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері тиісті жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа беретін, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы құжат;
4) ветеринариялық бақылау бекеті – шекара және кеден пункттерінің (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің) аумағында орналасқан, қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақталған, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының бөлімшесі;
5) ветеринариялық паспорт – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
6) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акті;
7) ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiк – жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың тағамдық қауiпсiздiгi, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлетiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң жай-күйi;
8) ветеринариялық пункт – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі;
9) иесі – ветеринариялық құжаттар беруге жүгінген жеке және заңды тұлғалар;
10) рұқсаттар тізілімінен үзінді – рұқсат нөмірі мен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті туралы мәліметтерді қамтитын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына және транзитіне рұқсат беру туралы уәкілетті орган ведомствосының жазбаша хабарламасы;
11) жануарлар – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының барлық түрі, сондай-ақ құрлықта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркіндігі жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және басқалары);
12) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
13) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасына ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіру бұйымдарын (құралдарын) пайдалану, таңбалау жолымен жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;
14) партия – атауы бір, шығарылған күні бірдей, бір өндіруші бірдей жағдайларда өндірген (дайындаған) және (немесе) буып-түйген, бірдей жағдайларда сақталған, бір уақытта тапсыруға, тиеп-жөнелтуге, сатуға арналған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектінің біртекті мөлшерінің жиынтығы;
15) асыл тұқымдық куәлiк – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, асыл тұқымды малдың ұрықтарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық өндіруші және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) ата-тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат;
16) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақыланатын және қадағаланатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер (бұдан әрі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер) – жануарлар, жануарлардың жыныстық және соматикалық жасушалары, жануарлар аурулары қоздырушыларының штаммдары, жануарлардан алынатын өнім мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары, патологиялық материал немесе олардан іріктеп алынатын сынамалар, су, ауа, топырақ, өсімдіктер сынамалары, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ оларды буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын барлық ыдыс түрлері және осындай орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдайтын көлік құралдары;
17) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан – әрі аумақтық бөлімшелер) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, аудан, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана) орналасқан аумақтық бөлімшелер;
18) өндірістік бақылау бөлімшелері – жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң әкiмшiлiктерi құрған, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындау жөнiндегi бөлiмшелер.
3. Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны, ветеринариялық сертификатты және ветеринариялық анықтаманы беру ақысыз түрде жүзеге асырылады, төлем сұратылған ветеринариялық құжаттың бланкісі үшін оның берілу кезіндегі нақты құны бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен түскен қаржыны бюджет кірісіне аудару арқылы алынады (бұдан әрі – бланкі үшін төлем квитанциясы).
4. Ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық сертификат бланкілері мемлекеттік немесе орыс тілдерінде, ветеринариялық сертификат қажет болған кезде ағылшын тілінде беріледі.
Берілген ветеринариялық құжаттарды есепке алу қатаң есептілік құжаттарымен қатар жүргізіледі, ветеринариялық құжаттардың көшірмелері мен түбіртектері 3 жыл ішінде сақталуы тиіс.
2. Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны беру тәртібі
5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары (бұдан әрі – инспектор) объектiлерге ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін (бұдан әрі – тізім) бекітеді.
  • 1
6. Ветеринариялық-санитариялық қорытындыны инспектор, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда береді.
  • 1
7. Иесі ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін аумақтық бөлімшеге мыналарды көрсетіп, жазбаша түрде өтініш (еркін нысандағы өтініш) береді:
1) жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, объектінің орналасқан жері;
2) заңды тұлғалар үшін – атауы, БСН, обьектінің орналасқан жері, оның бейіні.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 390 Қаулысына сәйкес (22.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылы № 184 (28123) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) бланкі үшін ақы төленгендігі туралы квитанция.
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген толық емес құжаттар пакетi ұсынылған жағдайда иесіне өтініш жасалған күні жазбаша дәлелді бас тарту беріледі.
Толық құжаттар пакетi ұсынылған жағдайда жеке (заңды) тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында тіркеу жүргізіледі және иесіне тiркеу күні және нөмiрi қойылған өтiнiштiң көшiрмесi беріледі.
9. Өтініш қаралғаннан кейін инспектордың нұсқауы бойынша объектіге инспекторлық тексеру жүргізу үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор жіберіледі.
10. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор: