Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1534 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн бекiту жөнiнде" 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 121 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 147 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 2 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2925
Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн бекiту жөнiнде" 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 121 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1534 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 18 маусымда - 1 шiлдеде жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiнiң:
Toggle Dropdown
мәтiнi бойынша "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
6-8, 11-13, 17, 19, 21-тармақтар алынып тасталсын;
Toggle Dropdown
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"3. Уәкiлеттi орган:
Toggle Dropdown
1) сақтандыру ұйымдарының меншiктi мүлкiнiң кепiл шарттарының тiзiлiмiн;
Toggle Dropdown
2) сақтандыру ұйымдарының баланста көрсетiлмеген кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және өзге де мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн;
Toggle Dropdown
3) сақтандыру ұйымдарының бiрлескен қызметi туралы шарттардың тiзiлiмiн жүргiзедi.";
Toggle Dropdown
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"9. Сақтандыру ұйымы қосымша мiндеттемелер туралы шартты жасағаннан кейiн бес күндiк мерзiмде уәкiлеттi органды мәмiленiң жасалғандығы туралы хабардар етедi және тиiстi шарттардың көшiрмелерiн тiзiлiмге енгiзу үшiн ұсынады.
Toggle Dropdown
Сақтандыру ұйымы бiрлескен қызмет туралы шартты тiркеу үшiн ол жасалған күннен бастап он күн iшiнде уәкiлеттi органға хабарландыруды, шарттың түпнұсқасы мен көшiрмесiн ұсынады.
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi органның стратегия және талдау бөлiмшесi басшысының (басшы орынбасарының) қолы қойылған бiрлескен қызмет туралы шартты тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның белгiсi шарт түпнұсқасының соңғы бетiне қойылады әрi ол осы Ереженiң Қосымшасына сәйкес ресiмделiп, сақтандыру ұйымына қайтарылады.
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi орган қажет болған жағдайда сақтандыру ұйымынан шарттардың тiзiлiмiн Ережеге сәйкес жүргiзу үшiн қажеттi басқа да қосымша мәлiметтердi сұратады.";
Toggle Dropdown
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қосымша мiндеттемелер немесе бiрлескен қызмет туралы шарттар жөнiндегi ақпарат уәкiлеттi органға келiп түскен күннен бастап бес күндiк мерзiмде тiзiлiмге енгiзiледi.";
Toggle Dropdown
Мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
"Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының баланста көрсетiлмеген
меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк
(кепiлдеме) шарттарының және басқа
мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу
және сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы жасаған бiрлескен қызмет
туралы шарттарды тiркеу ережесiне
қосымша
Toggle Dropdown
"___" _________ 200___ж. N ______ ________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________________________ шартын
Toggle Dropdown
(шарттың атауы)
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi "___" ____________ 200___ж.
Toggle Dropdown
N тiркедi.
Toggle Dropdown
Уәкiлеттi органның стратегия
Toggle Dropdown
және талдау бөлiмшесiнiң
Toggle Dropdown
басшысы (оның орынбасары)
Toggle Dropdown
___________________________
Toggle Dropdown
(Аты-жөнi)
Toggle Dropdown
___________________________
Toggle Dropdown
"___" ____________ 200___ж.".
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң мүдделi бөлiмшелерiне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Несiпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсiн.