• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 27.12.2011 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1185 қаулысы
Тақырыбындағы және бүкіл мәтін бойынша "шет ел азаматтарының",«"шет ел азаматтары" сөздер тиісінше "шетелдіктердің", "шетелдіктер" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 10.08.2007. № 688 (26.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
"Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңына сәйкес, уақытша келетiн шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттiгiн растау ережесi бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi өзiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн қаулыға сәйкес келтiрсiн. 
3. Осы қаулы жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.