• Мое избранное
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтерін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 201 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтерін бекіту туралы" ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.02.2015 жылғы № 155 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 3 ақпандағы
 № 201 қаулысымен
 бекітілген
  • 3
«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын
 санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
 гигиеналық нормативтері
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтері (бұдан әрі – нормативтер) меншік нысанына, ұйымдық-құқықтық нысанына, ведомстволық тиесілігіне қарамастан, қызметі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге байланысты, заңды және жеке тұлғаларға арналған.
2. Жеке және заңды тұлғалар «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңына сәйкес радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының бұзылуына жауапты болады.
3. Оңтайландыру қағидатын іске асыру кезінде радиациялық қорғауға арналған шығыстарды негіздеу үшін 1 адам-Зиверт (бұдан әрі 1 ад - Зв) ұжымдық тиімді дозадағы сәулелену халық өмірінің шамамен 1 адам – Зв шығынына тең әлеуетті шығынға әкеп соғады деп қабылданады. Өмір жылының 1 адам - Зв шығынының ақшалай эквивалентінің шамасы ұлттық табыстың кемінде 1 жылдық бір адамға шаққандағы көлемінде белгіленеді.
4. Стохастикалық әсерлердің пайда болуының жеке және ұжымдық өмірлік тәуекелі тиісінше былай анықталады:
мұнда r, R – тиісінше жеке және ұжымдық өмірлік тәуекел; 
Е – жеке тиімді доза; 
рi (Е)dЕ – i жеке адам үшін жылдық тиімді дозаны Е-ден Е+dЕ-ге дейiн алу ықтималдығы;
rE – бiр стохастикалық әсерге толыққанды өмір кезеңінің ұзақтығын орташа 15 жылға қысқартудың өмірлік тәуекел коэффициенті (өлімге әкеліп соқтыратын қатерлі iсiктен, маңызды тұқым қуалайтын әсерлерден және өлімге әкеліп соқтыратын қатерлі iсiктiң салдарларына зияны бойынша алып келетін өлімге әкеліп соқтырмайтын қатерлі ісіктен), мынаған тең:
 
өндірістік сәулелену үшін: жылына Е<200 милиЗиверт (бұдан әрі - мЗв/жыл) болғанда rE = 5,6 x 10-2 1/адам-Зв;
Е3 > 200 мЗв/жыл болғанда rE = 1,1 x 10-2 1/адам-Зв;
халықтың сәулеленуі үшін: Е<200 мЗв/жыл болғанда rE = 7,3 x 10-2 1/адам-Зв;
Е3 > 200 мЗв/жыл болғанда rE = 1,5 x 10-1 1/адам-Зв.
5. Жыл бойы сәулелену кезінде радиациялық қауiпсiздiк мақсаттары үшін детерминақияланған әсерлерден ауыр салдарлардың пайда болуы нәтижесінде толыққанды өмір кезеңі ұзақтығының жеке қысқару тәуекелі консервативті түрде мынаған тең:
ri,Д = Pi [D>Д],
мұнда Pi [D>Д] – i жеке адам үшін көзбен бір жыл бойы жұмыс істеген кезде Д-дан асатын дозамен сәулелену ықтималдығы; 
Д - детерминделген әсер үшін ең төменгі шекті доза.
6. Азғантай дозаларда сәулелену нәтижесінде денсаулыққа тиетін зиянды толық бағалау үшін иондаушы сәулеленуге радио сезімталдықпен ерекшеленетін жекелеген ағзалар мен дене тіндерінің, сондай-ақ барлық организмнің толығымен сәулелену әсерлерін мөлшермен ескеретін радиациялық шығын түсінігі пайдаланылады. Әлемде жалпы қабылданған стохастикалық әсер тәуекелінің дозаға тәуелділігінің сызықтық ең төменгі шегі жоқ теориясына сәйкес тәуекел шамасы сәулелену дозасына пропорционал және 1-кестеде келтірілген дозамен радиациялық тәуекелдің сызықтық коэффициенттері арқылы байланысады.
1-кесте
Радиациялық тәуекелдің сызықтық коэффициенттері
 
Халықтың сәулеленетін тобы Қатерлі ісіктер тәуекелі коэффициенті,
х10-2 Зв-1
Тұқым қуалаушылық әсерлер тәуекелі коэффициенті,
х10-2 Зв-1
Жиынтығы,
х10-2 Зв-1
Барлық тұрғындар 5,5 0,2 5,7
Ересектер 4,1 0,1 4,2
Персонал мен халық дозаларының шекті мөлшерін анықтау үшін қолданылатын орташаланған тәуекел коэффициенті шамасы 0,05 Зв-1 -ке тең қабылданған.
Ядролық радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды қалыпты пайдалану жағдайларында техногенді сәулелену дозаларының шектері жыл бойы жеке өмірлік тәуекелдің мынадай мәніне қарай персонал үшін 1,0х10-3; халық үшін 5,0х10-5 белгіленеді. Елеусіз аз тәуекел деңгейі 10-6 құрайды.
Әлеуетті сәулелену көздерінен қорғануды негіздеу үшін жыл бойы мынадай жинақталған тәуекел мәндері қабылданады (сәулеленуге әкелетін оқиға ықтималдығының сәулеленумен байланысты өлім ықтималдығына көбейту): персонал 2,0х10-4, жыл-1; халық 1,0х10-5, жыл-1.
  • 1
2. Бақыланатын жағдайларда техногендік сәулеленуді шектеуге қойылатын нормативтер 
  • 1
7. Сәулеленуге шалдығатын адамдар санаты үшін (халық, А және Б топтары персоналы) нормативтердің үш сыныбы белгіленеді:
1) дозалардың негізгі шегі (бұдан әрі – ДШ); 
2) дозалардың негiзгi шегінен туындайтын монофакторлық әсердің рұқсат етiлетiн деңгейлері (бір радионуклид үшін, түсу жолдары немесе сыртқы сәулеленудің бір түрі): жылдық түсім шегі (бұдан әрі – ЖТШ), рұқсат етілген орташа жылдық көлемді активтілік (бұдан әрі – РЕКА), орташа жылдық меншiктi активтілік (бұдан әрі - РЕМА), эквивалентті доза қуаты (бұдан әрі – ЭДҚ); 
3) бақыланатын деңгейлер (дозалар, деңгейлері, активтілігі, ағындар тығыздығы). Олардың мәндері ұйымдардағы қол жеткен радиациялық қауiпсiздiк деңгейін ескереді және радиациялық әсер рұқсат етілген деңгейден төмен болатын жағдайларды қамтамасыз етеді. 
Персонал - техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін (А тобы) немесе жұмыс жағдайлары бойынша олардың әсер ету аясында болатын адамдар;
  • 1
2-кесте
Дозалардың негiзгi шектері
 
Нормаланатын шамалар 1) Дозалар шектері
А2) тобы персоналы халық
Тиімді доза кез келген соңғы 5 жыл iшiндегі орташа жылына 20 мЗв, бiрақ жылына 50 мЗв-тан артық емес кез келген соңғы 5 жыл ішінде орташа жылына 1 мЗв, бiрақ жылына 5 мЗв артық емес
Көзбұршақтағы 3)
терідегі 4)
буындар мен табандағы жыл бойғы эквивалентті доза
150 мЗв
500 мЗв
500 мЗв
15 мЗв
50 мЗв
50 мЗв
1) барлық нормаланған шамалар бойынша көрсетiлген шектерге дейін бiр уақытта сәулелеуге жол беріледі;
2) дозалардың негiзгi шектері Б тобы персоналы сәулеленуінің қалған рұқсат етілген деңгейлері сияқты А тобы персоналы үшін 1/4 мәнге тең. Бұдан әрі мәтінде «персонал» санаты үшiн нормативтi мәндер тек А тобы үшін ғана келтіріледі;
3) шаршы сантиметрге 300 миллиграм (бұдан әрі – мг/см3 ) тереңдіктегі дозаға жатады;
4) қалыңдығы 5 мг/см2 тері қабаты астындағы қалыңдығы 5 мг/см2 терінің базальды қабатындағы 1 см2 алаң бойынша орташа мәнге жатады. Алақанда тері қабатының қалыңдығы - 40 мг/см2. Егер терінің кез келген 1 см3 алаңының орташа сәулелену шегінде бұл шек жоғарыламайтын болса, көрсетілген шекпен адам денесінің барлық терісін сәулелеуге жол беріледі. Бет терiсi сәулеленген кездегі дозаның шегі бета–бөлшектерден доза шегінің көзбұршаққа жоғарыламауын қамтамасыз етеді.
8 Дозалардың негiзгi сәулелену шектеріне табиғи және медициналық сәулелену дозалары, сондай-ақ радиациялық апат салдарларының дозалары кірмейді. Сәулеленудің бұл түрлеріне арнайы шектеулер белгіленеді.
9. Персонал үшін тиімді доза еңбек қызметі кезеңі ішінде (50 жыл) 1000 мЗв-тен, халық үшін өмір бойы (70 жыл) 70 мЗв-тен аспауы тиіс. 
10. Иондаушы сәулеленудің техногенді көздерін қалыпты пайдалану есебінен персоналдың жылдық тиімді сәулелену дозасы 2-кестеде белгіленген дозалар шектерінен аспауы тиіс.
Жылдық тиімді доза дегеніміз күнтізбелік жыл ішінде алынған сыртқы сәулеленудің тиімді дозасының және осы жыл ішінде радионуклидтердің организмге түсуі себепші болған ішкі сәулеленудің күтілетін тиімді дозасының жиынтығы.
  • 1
11. Радионуклидтердің тыныс алу ағзалары арқылы жылдық түсуі және тыныс алатын ауадағы олардың орташа жылдық көлемді активтілігі осы нормативтерге 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген ЖТШ және РЕКА-ның сандық мәндерінен аспауы тиіс, мұнда доза шектері жылына персонал үшін 20 мЗв, және тұрғындар үшін жылына 1 мЗв тең деп алынған. Стандарттық емес жағдайларда РЕМА рұқсат етілген деңгейлері, орташа жылдық персонал РЕКА және радон ЭТКА-сы персоналдың радиациялық қауіпті аймақта болу уақытын есепке ала отырып есептеу жолымен айқындалады. 1 және 2-қосымшаларда келтірілген дозалық коэффициенттер мәндері, сондай ауа үшін ЖТШперс, ЖТШхал, РЕКАперс және РЕКАхал активтілігі бойынша аэродинамикалық медиандық диаметр 1 мкм және 2,5 тең стандартты геометриялық ауытқу болғанда бөлшектер логарифмді қалыпты таралған аэрозолдар үшін есептелген.
12. А тобы персоналы үшін радон изотоптарының (222 Pn - 220 Rn)- 218 Po(RaA); 214 Pb(RaB), 214 Bi(RaC), 212 Pb (ThB), 212 Bi(ThC) еншілес өнімдерінің ЖТШ және РЕКА мәндері эквивалентті тепе-тең активтілік (ЖТШ үшін) және эквивалентті тепе-тең көлемді активтілік (РЕКА үшін) бірліктерде мынаны құрайды:
ЖТШ: 0,10 ПRaA + 0,52 ПRaB + 0,38 ПRaC = 3,0 МБк