• Мое избранное
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда № 7495 тіркелді

Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2018 жылғы № 308 Бұйрығына сәйкес (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 жылғы № 510 Бұйрығына сәйкес (26.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 21.05.2020 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 жылғы № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 жылғы № 432 Бірлескен бұйрығына сәйкес (21.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 04.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 21.05.2020 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 жылғы № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 жылғы № 432 Бірлескен бұйрығына сәйкес (21.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 15.08.2023 жылғы № 259 және ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 жылғы № 343 Бірлескен бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 жылғы № 510 Бұйрығына сәйкес (26.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 21.05.2020 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 жылғы № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 жылғы № 432 Бірлескен бұйрығына сәйкес (21.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мектепке дейінгі және орта білім департамент (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) аталған бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
3) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарларына жеткізсін.
3. "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидасын әзірлеу және бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 657 бұйрығының (5116 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 15 ақпанда № 24 (1424) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                     Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 21 ақпандағы
№ 57 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 13.12.2017 жылғы № 619 Бұйрығымен(21.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 26.06.2018 жылғы № 308 Бұйрығымен (13.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 жылғы № 510 Бұйрығымен (26.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 21.05.2020 жылғы № 213 Бұйрығымен (28.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 жылғы № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 жылғы № 432 Бірлескен бұйрығымен (21.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 27.08.2022 жылғы № 383  Бұйрығымен (19.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 01.12.2022 жылғы № 484 Бұйрығымен (өзгерту 17.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 22.12.2022 жылғы № 513 Бұйрығына сәйкес (01.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 15.08.2023 жылғы № 259 және ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 жылғы № 343 Бірлескен бұйрығына сәйкес (22.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 33) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына орналасу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 1-тармағына сәйкес тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жұмыс берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы жұмысқа қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын қабылдау үшін конкурстық комиссияның оң қорытындысы негіз болып табылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын лауазымға тағайындау үшін үміткер ұйымға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 32-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
4. Азаматтық қызметке конкурстық негізде түсу ұйым басшысы айқындайтын конкурстық негізде ауыстырылатын бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға «Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы білім беру ұйымының бірінші басшысын лауазымға тағайындау ол тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау мен босату тәртібі
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімдері мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының (бұдан әрі – бірінші басшы) бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған кезде бес жұмыс күні ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім басқармаларына конкурс өткізу туралы өтініш жібереді.
6. Жергілікті атқарушы органның орта білім беру ұйымын құру туралы актісінің негізінде конкурс қорытындылары бойынша орта білім беру ұйымының бірінші басшысын тағайындауға жол беріледі.
7. Бірінші басшының бос немесе уақытша бос лауазымының міндеттерін орындау осы білім беру ұйымы басшысының орынбасарына немесе педагогіне конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ осы Қағидалардың 81-тармағының талабы негізінде жүктеледі.
1-параграф. Бiрiншi басшының лауазымына конкурс өткiзу тәртiбi
8. Бірінші басшының лауазымына тағайындауға арналған конкурсты ведомстволық бағыныстылығына қарай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту (бұдан әрі – Министрлік) және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасы жеке құрылымдық бөлімшесі жариялайды.
9. Конкурс рәсімі бірқатар кезеңдерді қамтиды:
1) бірінші басшының бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған күннен бастап он бес жұмыс күннен кешіктірмей конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурсты жариялаған мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланады;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;
3) кандидаттардың құжаттарын қарау «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) бекітілген Біліктілік талаптарына (бұдан әрі – педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары) сәйкес жүзеге асырылады;
4) заңнаманы білуге сертификаттау рәсімі (бұдан әрі – сертификаттау);
5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) келісу.
Мектепке дейінгі, арнаулы (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) ұйымының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (бұдан әрі – ППТК), оңалту орталығының (бұдан әрі – ОО), қосымша білім беру, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитеті жаңындағы білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына орналасуға кандидатқа қатысты Қамқоршылық кеңеспен келісу қажет етілмейді;
6) конкурс жариялаған мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы өткізетін кандидаттармен әңгімелесу (бұдан әрі - әңгімелесу).
10. Президенттік кадр резервіне кірген адамдар, Назарбаев Университетінің түлектері немесе Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқудан өткен шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, немесе Quacquarelli Symonds World University Rankings, Times Higher Education (THE) университеттерінің әлемдік рейтингтері бойынша әлемнің үздік 100 университетінде, әлемдік университеттердің Academic Ranking of World universities Шанхай рейтингінде оқыған түлектер сертификаттаудан босатылады, сондай-ақ кандидаттарды қамқоршылық кеңеспен келісу және тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі болған кезде, немесе осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағының 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, кандидат педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде әңгімелесуге жіберіледі.
11. Конкурсты өткізу туралы хабарландырудың мәтіні мынадай ақпараттарды қамтиды:
1) ведомствосы мен бағынысында мемлекеттік білім беру ұйымы бар мемлекеттік органның атауы;
2) конкурс жарияланған лауазымның атауы;
3) орналасқан жері, қызметінің қысқаша сипаттамасы көрсетілген мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген бірінші басшы лауазымының кандидатына қойылатын біліктілік талаптары;
5) бірінші басшының лауазымдық міндеттері;
6) лауазымдық жалақының мөлшері;
7) конкурсты өткізу мерзімі мен орны;
8) конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны;
9) осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
10) конкурстық комиссияның отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат. Байқаушылардың санын конкурс жариялаған мемлекеттік орган дербес айқындайды;
11) ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары;
12) уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде бірінші басшының уақытша бос лауазымының мерзімі.