Осы редакция 04.03.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 8 қаңтар N 16
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосы беріліп отырған тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі бір айлық мерзімнің ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған актілерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдарда
мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы" 1998 жылғы 14 тамыздағы
N 769
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N
28, 238-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақтың 2)-тармақшасындағы "Тілдік заңдылықтарды" деген сөздер
"Тілдер туралы заңдарды" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға
жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 8 қаңтардағы
N 16 қаулысымен
бекітілген
Тілдер туралы заңдардың сақталуына
бақылау жасаудың тәртібі туралы
Ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібін реттейді.