Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 6 наурыз N 359
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 23-24, 228-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы "және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының нормативінде:
атауындағы "және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының" деген сөздер алынып тасталсын;
6-баған "1 айға 1 бірл. арн. шығыстар норм. (теңге)" алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі