Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі N 281 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 23-24, 228-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативінде:
3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы";
4-баған "1" деген санмен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының