• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Осы редакция 30.09.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 577 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 11 маусымдағы
 N 577 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 12, 98-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде: 
5-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: 
"7-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамында: 
мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасының Мәдениет 
Мұхтар Абрарұлы             және ақпарат министрі, төраға
Мыңбай                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет 
Дархан Қамзабекұлы          және ақпарат вице-министрі, төрағаның                               орынбасары;
1) көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы шығарылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 12, 99-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ережеде: 
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамында: 
мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасының Мәдениет 
Мұхтар Абрарұлы             және ақпарат министрі, төраға
Мыңбай                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет 
Дархан Қамзабекұлы          және ақпарат вице-министрі, төрағаның                               орынбасары
Жартыбаев                 - "КГТИ-Лингва" Орталық Қазақстан 
Асылбек Ешенқұлұлы          университетінің президенті, филология                               ғылымдарының докторы, профессор                               (келісім бойынша)
Қаймолдинова              - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
Күләш Дүйсенбайқызы         университетінің елтану және әлеуметтік                               география кафедрасының меңгерушісі,                               география ғылымдарының кандидаты,                               доцент (келісім бойынша);
 көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы шығарылсын.
3. "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 43, 510-құжат): 
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссиясының құрамында: 
мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед              - Қазақстан Республикасының Мәдениет 
Мұхтар Абрарұлы             және ақпарат министрі, төрағаның                               орынбасары
Исабаев                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет және    Бейбіт Өксікбайұлы          ақпарат вице-министрі
Кәрібжанова               - Қазақстан Республикасы Мәдениет және   Роза Сәмидоллақызы          ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті                               төрағасының орынбасары, хатшы
Шаяхметов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Әділ Шаяхметұлы             қауіпсіздік комитеті төрағасының                               бірінші орынбасары (келісім бойынша); 
мына: 
"Асқаров Әлібек           - Қазақстан Республикасы Президенті 
                     Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімі                               меңгерушісінің орынбасары"           деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"Асқаров Әлібек           - Қазақстан Республикасы Президенті 
                     Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі                               меңгерушісінің орынбасары (келісім                               бойынша)"           көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы, Божко Владимир Карпович, Бөрібаев Асқар Исмайылұлы шығарылсын.