Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегі N 367 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 208 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.03.2022 жылғы № 114 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 98-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:
5-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссияның құзыретiне енетiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн терминологиялық секциялардың ғылыми хатшылары мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Тiлдердi дамыту жөнiндегi департаментi терминология және сөз мәдениетi бөлiмi қызметкерлерiнiң iшiнен жұмыс топтарын құру";
9-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақ алынып тасталсын;
2) аталған қаулының қосымшасында:
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дүйсен Қорабайұлы министрi, төраға
Омаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Бауыржан Жұмаханұлы министрлiгi Тiлдердi дамыту жөнiндегi департаментiнiң директоры, хатшы
Айымбетов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Мәди Сенатының Аппараты Редакциялау, аударма және актiлер шығару бөлiмiнiң меңгерушiсi (келісім бойынша)
Айтбайұлы - Қазақстан Республикасы Бiлiм және Өмiрзақ ғылым министрлiгiнiң "А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жанындағы Терминологиялық орталықтың директоры
Қалиев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және Байынқол Қалиұлы ғылым министрлiгiнiң Абылайхан атындағы Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi университетiнiң профессоры
Серғалиев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және Мырзатай Серғалиұлы ғылым министрлiгінiң Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң қазақ тiл бiлiмi кафедрасының меңгерушiсi мына:
"Хұсайын - Қазақстан Республикасының Бiлiм және Көбей Шахметұлы ғылым министрлiгi А. Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институтының директоры, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Хұсайын - Қазақстан Республикасы Бiлiм және Көбей Шахметұлы ғылым министрлiгiнiң "А. Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының директоры, төрағаның орынбасары";
көрсетiлген құрамнан: Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Нұрмаханов Арыстанбек Нұрмаханұлы, Абдрахманов Сауытбек, Сейдiмбек Ақселеу, Бодаубаев Болат Қамиұлы, Қараев Жауымбай Амантұрлыұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |