• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 15.05.2012 г

Отправить по почте

2

Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі N 776 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 15.05.2012 № 622 Қаулысымен (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының 126-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 15 шілдедегi
 N 776 қаулысымен
 бекiтiлген
Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргiзiлетiн табыс және (немесе) өзге де кiрiс түрлерiнiң ТIЗБЕСI
1. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұстау осы тiзбенiң 2-тармағында көрсетiлген адамдардың кiрiстерiн қоспағанда, ата-анасы алатын ақшалай (ұлттық және (немесе) шетелдiк валютада) жалақының (ақшалай сыйақы, нәпақа) және өзге де кiрiстiң барлық түрiнен жүргiзiледi, соның iшiнде: 
1) еңбеккерлерге нақты жұмыс iстеген уақыты үшiн немесе орындалған жұмыс үшiн еңбекке ақы төлеу жүйесiнде  көзделген белгiленген лауазымдық жалақыларды  (ставкаларды) негiзге ала отырып есептелген жалақыдан; 
2) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде  көзделген қосымшаақылар мен үстемеақылардың барлық түрiнен, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу қоры шегінде қаражатты немесе тиiстi мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын үстемеақылардан; 
3) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде  көзделген тұрақты және біржолғы сипаттағы сыйлықтардан (сыйақылардан), сондай-ақ материалдық көтермелеудiң өзге де нысандарынан; 
4) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 62-бабында көзделген өтемақыларды қоспағанда, ақшалай өтемақылардан; 
5) демалыс уақытында сақталатын жалақыдан, сондай-ақ тек бiрнеше жылғы демалыстарды қосқан жағдайда ғана пайдаланылмаған демалысқа төленетiн ақшалай өтемақыдан; 
6) комиссиялық сыйақыдан (штаттағы сақтандыру агенттерiне, штаттағы делдалдарға және басқаларға); 
7) азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын және бiр жолғы сипаттағы емес шарттар бойынша орындалған жұмыстар, ұсынылған қызметтер үшiн алынған сомадан; 
9) зейнетақы төлемдерiнiң барлық түрiнен, Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының  62-бабында көзделген жәрдемақыны қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, атаулы әлеуметтiк көмек  сомасынан; 
10) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға төленетiн стипендиялардан; 
11) заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысудан түскен табыстардан; 
13) бағалы қағаздар бойынша түскен табыстардан және заңды тұлғаның мүлкiн басқаруға қатысудан түскен табыстардан; 
14) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақтарда және Арал өңiрiндегi экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн заңнамалық  кесiмдермен  белгiленген еңбекке қосымшаақы төлемiнен.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2005 № 1307, 01.09.2010 № 859 қаулыларымен (30.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
2. Әскери қызметшiлерден, iшкi iстер органдары, прокуратура органдары, қаржы полициясы органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қызметкерлерiнен, кеден органдарының лауазымды адамдарынан алимент ұстау қызметтiк мiндеттердi орындауға байланысты олар алатын төлемдердiң мынадай түрлерiнен жүргiзiледi: 
1) лауазымдық жалақыдан, әскери (арнайы) атақ бойынша берiлетiн жалақыдан (үстемеақыдан), сыныптық шенге қосымша төлемнен және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қызмет өткерудiң  ерекше жағдайлары  үшiн үстемеақыдан; 
2) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақтарда және Арал өңiрiндегi экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн заңнамалық  кесiмдермен  белгiленген еңбекке қосымшаақы төлемiнен; 
3) дүлей апатқа, өртке, мүлiк ұрлануына, мертiгуге, сондай-ақ бала тууға, жақын туыстары қайтыс болуына байланысты көрсетiлген материалдық көмектен басқа, тұрақты сипаттағы материалдық көмек сомасынан; 
4) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде  көзделген тұрақты және біржолғы сипаттағы және тиiстi мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын сыйлықтардан (сыйақылардан); 
5) тиiстi органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын үстемеақылар мен қосымшаақылар сомасынан; 
6) олар мертiккен жағдайда төленетiн бiр жолғы өтемақыдан, зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмыс үшiн өтемақы төлемдерiнен, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою кезiнде экологиялық әсерден зардап шеккендерге төленетін ақшалай сомадан және бір жолғы сипаттағы басқа сомалардан өзге, ақшалай өтемақылардың барлық түрінен; 
7) әскери-оқу орындары, арнайы оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) лауазымдық жалақысынан (стипендиясынан).
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2005 № 662; 18.11.2008 № 1068, 01.09.2010 № 859 қаулыларымен (15.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)