• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015 г

Отправить по почте

Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес 
«Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 11.02.2015 жылғы № 82 Бұйрығын қараңыз
Редакция 05.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңының 3-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі бекітілсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                            К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 28 қарашадағы
 № 1382 қаулысымен
 бекітілген
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіруші (бұдан әрі – өндіруші) әзірлеген және бекіткен және басшы не ол өкілеттік берген адам қол қойған этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспортында (бұдан әрі – паспорт) мынадай мәліметтер қамтылады:
1) өндірушінің (заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң) атауы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нөмірі мен берілген күні, куәлікті немесе анықтаманы берген органның атауы;
2-тармақша өзгертілді  ҚР Үкіметінің 05.06.2013  жылғы № 574 Қаулысымен (28.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
3) өндірушінің заңды мекенжайы;
4) өндіруші басшысының деректері (өндірушіде өндіріс басшысы болған жағдайда оның деректерін (тегін, аты-жөнін, қызметтік телефоны мен факсының нөмірін) көрсету керек);
5) өндірушінің қызметті жүзеге асыру орны (өндірістің орналасқан жері, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (болған жағдайда);
6) ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі/БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
6-тармақша өзгертілді  ҚР Үкіметінің 05.06.2013  жылғы № 574 Қаулысымен (28.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі / БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде толтырылуға тиіс;
7) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 05.06.2013  жылғы № 574 Қаулысымен (28.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
8) қызмет көрсететін банктің атауы, есеп шоты, жеке сәйкестендіру коды (ЖСК);
9) меншік құқықтарының түрлері;
10) мемлекеттік тіркеу нөмірі, берілген күні, құқық белгілеуші құжатты тіркеген органның атауы;
11) өндірушінің темір жол деректемелері;
12) қайта жөндеуді жүргізген кезде өндіріс пайдалануға енгізілген жыл (күн);
13) ғимараттар мен құрылыстардың экспликациясымен өндірістің бас жоспары (паспортқа қосымша түрінде);
14) өндіріс аумағының жалпы ауданы;
15) ғимараттар мен құрылыстардың ауданы;
16) шығарылатын спирттің түрі (спирттің нормативтік және техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігі туралы уәкілетті орган шешімінің атауы, нөмірі мен күні);
17) шығарылатын өнiм түрлерi;
18) этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндірісінің технологиялық схемасы;
19) этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндірісіндегі цехтар мен учаскелер бойынша негізгі технологиялық жабдықтар тізбесі;
20) спирт сақтау қоймасы (ашық немесе жабық түрдегі) туралы;
21) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнің өндірісін техникалық-химиялық бақылау жөніндегі;
22) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру кезіндегі негізгі шикізат пен қосымша материалдар шығыстары туралы;
23) этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндірісіндегі қойма үй-жайлары туралы;
24) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету туралы;
25) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісін инженерлік қамтамасыз ету туралы.
2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндірісінің технологиялық схемасының сипаттамасында мыналар көрсетіледі:
1) жабдықтың және жабдықты орналастырудың жинақтамалық жоспарының ерекшелігімен бірге өндірістің аппаратуралық-технологиялық схемасының кескіндік бейнелері;
2) этил спиртінің өндірісі кезінде:
дәнді немесе мелассаны тасымалдау (тасымалдау тәсілі, автомобиль және/немесе темір жол кірме жолдарының, автомобиль (және) немесе темір жол таразылардың болуы);
қайнату және мия өсіру үшін дәнді дайындау (қолданылатын әдіс, дайындаудың алдыңғы қатарлы тәсілдерін пайдалану);
дәнді ұсақтау (ұсақтау тәсілі, ұнтақтау пайызы);
ашытқышты езіп қайнату (езіп қайнату әдісі, температуралық режимдер, дайын ашытқыштың химиялық-бактериологиялық параметрлері);
ашытқышқа қант қосу (пайдаланылатын әдіс, өлшемдері, қант қосу уақыты);
мелассаны ашытуға дайындау (қышқылдандыру, меласса ашытқышын дайындау);
ашытқыларды дайындау (ашытқылардың пайдаланылатын расасы, температурасы және дайындау уақыты);
ашытқыштың ашуы (орнатылған күбілердің саны мен сыйымдылығы, қабаттау температурасы, ашыту ыдыстарының толу уақыты, берілген ашытқылардың көлемі, ашудың температуралық режимі және уақыты, мелассаны ашытудың пайдаланылатын тәсілі);
ашымақты спиртке айдау (пісіп жетілген ашымақтағы спирт құрамы (дәнді дақылды қайта өңдеу кезінде) немесе меласса ашытқышының шоғырлануы пайызбен);
ашымақты тазарту немесе ашымақ (мелассаны қайта өңдеу кезінде) қондырғысы (өнімділігі, айдау процестерін басқару және реттеу режимі, қосымша бағандарды пайдалану);