Осы редакция 05.04.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 26 мамырдағы 1993 ж. N 434 қаулысы
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстанның техникалық үрдiсiнiң мемлекеттiк ұлттық бағдарламасының құрамдас бөлiгi болып табылатын республиканың ғылыми-техникалық прогресiнiң басым бағыттары бойынша республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларының қоса берiлiп отырған тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның жобасын жасауға жауапты бас ұйымдарды белгiлеп, бекiтетiн болсын, сөйтiп осы бағдарламаның жобаларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiне аталған бағдарламалар бекiтiлгенге дейiн оларды жасайтын бас ұйымдарға қажеттi аванс беруге рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 26 мамырдағы
N 434 қаулысымен
Бекiтiлген
Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың Тiзбесi