• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2009 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 307 Қаулысы

Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.09.2009. № 1411 Қаулысымен. (05.04.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентінің "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тізбесінде: 
16-тармақ алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы ғарыштық мониторингінің ұлттық жүйесі" 2004 - 2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 147  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 6, 86-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі