Bestprofi Logo

Қаулы № 677 от 2011-06-20г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015 г.

Документ на казахском языке

Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 623 Қаулысына сәйкес «Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 18.02.2015 жылғы № 134 Бұйрығын қараңыз

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 16) тармақшасына және 33-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптар белгіленсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 қаулысына қосымша

Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптар

1. Осы Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - талаптар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және кемені қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, кеме бортында жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің талаптарын орындау үшін жеткілікті өздігінен жүзетін кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды айқындайды.

2. Талаптар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде және Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге қолданылады.

3. Ішкі суда өздігінен жүзетін кеме экипаждарының ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді:

4. Аралас (өзен-теңіз) жүзудің өздігінен жүзетін көліктік кемелері экипаждарының ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді:

5. Экипаж саны ішкі суда өздігінен жүзетін кеме экипаждарының ең аз құрамының нормативтерінен (осы талаптарға 1-қосымша) және аралас (өзен-теңіз) жүзудің өздігінен жүзетін көліктік кемелері экипаждарының ең аз құрамының нормативтерінен (осы талаптарға 2-қосымша) аз болған кезде кемені пайдалануға рұқсат етілмейді.

6. Ең аз құрамға жолаушыларға, кемелердің командалық құрамына және кеме командасына қызмет көрсететін қызметкерлер кірмейді.

7. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын кемелердегі кеме экипажының ең аз құрамында рефрижераторлық қондырғылар жөніндегі механик лауазымы көзделеді.

Басты дизель-электр қондырғысы бар кемелердегі ең аз құрамға жолаушылар кемесінде екі электромеханик және басқа үлгідегі кемелерде бір электромеханик енгізіледі.

«А» нышаны жоқ, қызмет көрсететін бір немесе екі құрылғы мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде ең аз құрам бір моторшы матросқа (рульдеушіге) ұлғайтылады.

«А» нышаны бар, қызмет көрсететін бір немесе екі құрылғы мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде ең аз құрам тиісті мамандығы бар бір маманға ұлғайтылады.

8. Кеме экипажынсыз пайдаланылатын екі және одан артық баржаларды (қосалқы баржаларды) жүк теплоходтарын және сүйрейтін кемелермен (итергіштермен) жүргізген кезде өздігінен жүзетін кеме экипажының штатына әрбір екі баржаға қатардағы құрамның бір адамы қосылады.

Ұзындығы 75 метрден астам өздігінен жүзетін кемелердің немесе ұзындығы 75 метрден астам құрамның жұмысы кезінде кеменің (құрамның) алдыңғы және артқы жағында бір мезгілде арқандап байлауды (арқанды шешуді) қамтамасыз ететін қатардағы құрам саны кемінде екі адамды құрайды.

9. Осы талаптарды есепке ала отырып, кеме иесі экипаждың штат кестесін әзірлейді және бекітеді, ол кемеге оны пайдалануға енгізгенге дейін беріледі.

Кеме экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға 1-қосымша

Ішкі суда өздігінен жүзетін кеме экипаждарының ен аз құрамының нормативтері

Автоматтандыру дәрежесі Экипаж құрамының ең аз саны


Кеме қатынасы тіркелімінің класындағы «А» нышаны бар кемелер Кеме қатынасы тіркелімінің класындағы «А» нышанысыз кемелер
Кемелерді уақыт бойынша пайдалану тәртібі Сағат 12-ні қоса алғанда, оған дейін Сағат 16-ны қоса алғанда, оған дейін Тәулік бойы Сағат 12-ні қоса алғанда, оған дейін Сағат 16-ны қоса алғанда, оған дейін Тәулік бойы
Кеме экипаждарының уақыт бойынша жұмыс тәртібі 1 ауысымды 2 ауысы мды 8 сағаттан 3 ауысымды 12 сағаттан 2 ауысымды 1 ауысымды 2 ауысымды 8 сағаттан 3 ауысымды 12 сағаттан 2 ауысымды
Кемелер тобы Кәсіптік құрамы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Өздігінен жүретін құрғақ жүк кемелері
Жүккөтергіштігі 600 тоннаны қоса алғанда, оған дейін Капитан-механик 1 1 1 1 - - - -
Капитан - - - - 1 1 1 1
Механик - - - - 1 1 1 1
Кеме жүргізусі-кеме механигі - 1 2 1 - - - -
Кеме жүргізушісі - - - - - 1 2 1
Кеме механигі - - - - - 1 2 1
Қатардағы құрам 2 2 3 2 2 4 6 4
Электромеханик (электрик) 1 1 1 1 1 1 1 1
Барлығы: 4 5 7 5 5 9 13 9
Жүккөтергіштігі 601-1000 тонна Капитан-механик 1 1 1 1 - - - -
Капитан - - - - 1 1 1 1
Механик - - - - 1 1 1 1
Кеме жүргізушісі-кеме механигі - 1 2 1 - - - -
Кеме жүргізушісі - - - - - 1 2 1
Кеме механигі - - - - - 1 2 1
Қатардағы құрам 2 2 2 2 1 2 4 4
Барлығы: 3 4 5 4 3 6 10 8
Жүккөтергіштігі 1001-2400 тонна Капитан-механик 1 1 1 1 - - - -
Капитан - - - - 1 1 1 1
Механик - - - - 1 1 1 1
Кеме жүргізушісі-кеме механигі - 1 2 1 - - - -
Кеме жүргізушісі - - - - - 1 2 1
Кеме механигі - - - - - 1 2 1
Қатардағы құрам 2 2 3 2 2 4 6 4
Электромеханик (электрик) 1 1 1 1 1 1 1 1
Барлығы: 4 5 7 5 5 9 13 9
Жүккөтергіштігі 2401-550 тонна Капитан-механик - - 1 1 - - - -
Капитан - - - - - - 1 1
Механик - - - - - - 1 1
Кеме жүргізушісі-кеме механигі - - 2 1 - - - -
Кеме жүргізушісі - - - - - - 2 1
Кеме механигі - - - - - - 2 1
Қатардағы құрам - - 4 3 - - 6 4
Электромеханик (электрик) - - 1 1 - - 1 1
Барлығы: - - 8 6 - - 13 9
Өздігінен жүзетін мұнай құйылатын (танкерлер)
Жүккөтергіштігі 599 тоннаға дейін Капитан-механик 1 1 1 1 - - - -
Капитан - - - - 1 1 1 1
Механик - - - - 1 1 1 1
Кеме жүргізушісі-кеме механигі - 1 2 1 - - - -
Кеме жүргізушісі - - - - - 1 2 1
Кеме механигі - - - - - 1 2 1
Қатардағы құрам 2 2 2 2 1 2 2 2
Барлығы: 3 4 5 4 3 6 8 6
Жүккөтергіштігі 600-1500 тонна Капитан-механик - 1 1 1 - - - -
Капитан - - - - - 1 1 1
Механик - - - - - 1 1 1
Кеме жүргізушісі-кеме механигі - 1 2 1 - - - -
Кеме жүргізушісі - - - - - 1 2 1
Кеме механигі - - - - - 1 2 1
Қатардағы құрам - 2 3 2 - 4 6 4
Электромеханик (электрик) - 1 1 1 - 1 1 1
Барлығы: - 5 7 5 - 9 13 9
Жүккөтергіштігі 1501-3300 тонна Капитан-механик - - 1 1 - - - -
Капитан - - - - - - 1 1
Механик - - - - - - 1 1
Кеме жүргізушісі-кеме механигі - - 2 1 - - - -
Кеме жүргізушісі - - - - - - 2 1
Кеме механигі - - - - - - 2 1
Қатардағы құрам - - 4 3 - - 7 5
Электромеханик (электрик) - - 1 1 - - 1 1
Барлығы: - - 8 6 - - 14 10
Жүккөтергіштігі 3301 тонна және одан артық Капитан-механик - - 1 1 - - - -
Капитан - - - - - - 1 1
Механик - - - - - - 1 1
Кеме жүргізушісі-кеме механигі - - 2 1 - - - -
Кеме жүргізушісі - - - - - - 2 1
Кеме механигі - - - - - - 2 1
Қатардағы құрам - - 4 3 - - 7 5
Электромеханик (электрик) - - 1 1 - - 1 1
Боцман - - 1 1 - - 1 1
Барлығы: - - 9 7 - - 15 11
Сүйреткіштер және итергіштер
Басты қозғалтқыштарының қуаты 55-тен 184 квт-қа дейін Капитан-механик 1 1 1 1 - - - -
Капитан - - - - 1 1 1 1
Механик - - - - 1 1 1 1
Кеме жүргізушісі-кеме механигі - 1 2 1 - - - -
Кеме жүргізушісі - - - - - 1 2 1
Кеме механигі - - - - - 1 2 1
Қатардағы құрам 1 1 1 1 1 1 1 1
Барлығы: 2 3 4 3 3 5 7 5
Қуаты 185-тен 300 квт-қа дейін Капитан-механик 1 1 1 1 - - - -
Капитан - - - - 1 1 1 1
Механик - - - - 1 1 1 1
Кеме жүргізушісі-кеме механигі - 1 2 1 - - - -
Кеме жүргізушісі - - - - - 1 2 1
Кеме механигі - - - - - 1 2 1
Қатардағы құрам 2 2 2 2 1 1 1 1
Барлығы: 3 4 5 4 3 5 7 5
Қуаты 301-ден 750 квт-ка дейін Капитан-механик 1 1 1 1 - - - -
Капитан - - - - 1 1 1 1
Механик - - - - 1 1 1 1
Кеме жүргізушісі-кеме механигі - 1 2 1 - - - -
Кеме жүргізушісі - - - - - 1 2 1
Кеме механигі - - - - - 1 2 1
Қатардағы құрам 2 2 3 3 2 4 6 5
Электромеханик (электрик) 1 1 1 1 1 1 1 1
Барлығы: 4 5 7 6 5 9 13 10
Қуаты 751 квт және одан артық Капитан-механик - - 1 1 - - - -
Капитан - - - - - - 1 1
Механик - - - - - - 1 1
Кеме жүргізушісі-кеме механик - - 2 1 - - - -
Кеме жүргізушісі - - - - - - 2 1
Кеме механигі - - - - - - 2 1
Қатардағы құрам - - 4 3 - - 7 5
Электромеханик (электрик) - - 1 1 - - 1 1
Барлығы: - - 8 6 - - 14 10
Су ығыстырғыш жолаушы кемелері
Отыратын орындары 100 орынға дейін Капитан-механик 1 1 1 1 - - - -
Капитан - - - - - - - -
Механик - - - - - - - -
Кеме жүргізушісі-кеме механигі - 1 2 1 - - - -
Қатардағы құрам 2 2 4 3 - - - -
Барлығы 3 4 7 5 - - - -
Отыратын орындары 101 орын және одан артық Капитан-механик 1 1 1 1 - - - -
Капитан - - - - - - - -
Механик - - - - - - - -
Кеме жүргізушісі-кеме механигі - 1 2 1 - - - -
Қатардағы құрам 2 2 4 3 - - - -
Барлығы 3 4 7 5 - - - -
Су асты қанаттары бар жүрдек кемелер Капитан-механик 1 1 1 - - - - -
Кеме жүргізушісі-кеме механигі - 1 2 - - - - -
Қатардағы құрам 2 4 4 - - - - -
Барлығы: 3 6 7 - - - - -

Кеме экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға 2-қосымша

Аралас (өзен-теңіз) жүзудің өздігінен жүзетін көліктік кемелері экипаждарының ең аз құрамының нормативтері

Экипаждардың ең аз құрамы Кеме экипаждарының шағын құрамының саны
Автоматтандыру дәрежесі Кеме қатынасы тіркелімінің А, А-1, А-2, А-3 белгісі бар кемелері Кеме қатынасы тізілімі класындағы автоматтандыру белгісі жоқ кемелер
Теңізде жүзу түрі Шет елдерге жүзу Жағалауда жүзу Шет елдерге жүзу Жағалауда жүзу
Кеме экипаждарының жұмыс режимі 3 ауысымды 3 ауысымды 2 ауысымды 3 ауысымды 3 ауысымды 2 ауысымды
Экипаждың кәсіптік құрамы
1 2 3 4 5 6 7
Капитан 1 l 1 1 1 1
Капитанның аға көмекшісі 1 1 1 1 1 1
Капитанның екінші көмекшісі 1 1 - 1 1 -
Капитанның үшінші кемекшісі - - - - - -
Аға механик 1 1 1 1 1 1
Екінші механик - - - 1 1 1
Үшінші механик 1/0 1/0 1/0 1 1 -
Төртінші механик - - - - - -
Электромеханик (электрик) 1 1 1 1 - 1
Қатардағы құрам 3 3 2 3 3 2
Радио маманы 1/0 1/0 1/0 1/0 1/0 1/0
Кеме аспазы 1 1 1 1 1 1
Барлығы: 11/9 11/9 9/7 12/11 11/10 9/8
Кәсіптерді командалық және қатардағы құрам қоса атқарған кезде (шет елдерге жүзуге шықпай)
Капитан-механик (механиктің көмекшісі) - 1 1 - - -
Капитанның көмекшісі-механиктің көмекшісі - 2 1 - - -
Электромеханик-электромеханиктің көмекшісі - 1 1 - - -
Қатардағы құрам - 3 2 - - -
Кеме аспазы - 1 1 - - -
Барлығы: - 8 6 - - -

1) Кеме қатынасы тіркелімінің А-1, А-2, А-3 белгісі бар кемелердегі экипаждың ең аз құрамында бір механик болуы мүмкін;

2) 1978 жылғы Хаттамамен (СОЛАС 47/78) өзгертілген 1974 жылғы Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның талаптарынан белгіленген тәртіппен алып тастаулар болған кезде құрамның ең аз санында радио маманы көзделмейді.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание