Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 155-4, 158 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1305 Қаулысымен (10.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2014 жылғы № 427 Қаулысымен (04.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 16.07.2015 жылғы № 542 Қаулысына сәйкес «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2014 жылғы № 157 Бұйрығын қараңыз
Редакция 09.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 155-4, 158 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидасы;
2) Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы;
3) Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың мониторингін жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1305 Қаулысымен (10.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2014 жылғы № 427 Қаулысымен (04.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары;
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2014 жылғы № 427 Қаулысымен (04.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар бекітілсін.
1-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 30.04.2014 жылғы № 427 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. «Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және іріктеу мен концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 921 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 40, 436-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген
Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.12.2013 жылғы № 1305 Қаулысымен (10.05.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2014 жылғы № 427 Қаулысымен (04.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Осы Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 155-4-бабының 5-тармағына, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 4) тармақшасына және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар концессиялық жобаларды ұсынуды, қарауды және іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) концессиялық ұсыныс – тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын, мемлекеттік қолдау шараларын, концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін көрсететін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта отырып әзірлейтін концессиялық жобаның тұжырымдамасы;
2) концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасы – орталық мемлекеттік немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы әзірлеген концессиялықұсынысты тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан бағалауы;
3) республикалық жоба – республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іскеасырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 12-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;
4) жергілікті жоба – коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асырылатын және/немесе концессиялық жобаны іске асырудан экономикалық пайда алушылар бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болып табылатын және Заңның 13-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;
5) алдын ала есептеулер – жорамалдарды көрсете отырып, концессиялық жобаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есептеулер. Алдын ала есептеулер ашып көрсететін формулалары барMSExcelформатында қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады;
6) концессиялық ұсыныс бойынша қорытынды – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес концессиялық жобаны одан әрі пысықтаудың экономикалық орындылығы бойынша концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның немесе Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаның сараптамасы негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша концессиялық ұсынысқа дайындалатын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысы.
6-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1072 Қаулысымен (30.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Конкурсты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда, концессиялық ұсынысты, конкурстық құжаттаманы пысықтау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін ҚазақстанРеспубликасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта алады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша қызметтер тізбесін қалыптастырады, оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырады.
5. Орта мерзімді кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1072 Қаулысымен (30.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы Қазақстан Республикасының Үкіметіне іске асыру жоспарланып отырған концессиялық жобаны аса маңызды концессиялық жобалар тізбесіне енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді.
5-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстарының (оны концессиялық жоба ретінде іске асырудың орындылығы айқындалған жағдайда), концессиялық ұсыныстар мен конкурстық құжаттамалардың өтуі туралы хабарлайды.
Қағидалар 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1072 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібі
6. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу процесі мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады:
1) әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не концессиялық ұсынысты әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің оны алмастыратын тұлғасының концессиялық ұсынысты айқындауы және бекітуі.
Мемлекеттік орган концессиялық ұсыныс әзірлеу үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа да компанияларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды тарту жолымен жобалау тобын құра алады.
Жобалау тобы қызметінің мақсаты осы немесе өзге салада/аяда/өңірде концессиялық жобаны іске асырудың дәлелденген қажеттілігімен бірге концессиялық ұсыныс әзірлеу болып табылады.
Жобалау тобы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
концессиялық жобаны іске асыру бойынша келіп түскен ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді, іріктейді, бағалайды, олардың басымдылығын айқындайды, келісімшарттың, конкурстың түрінжәне концессиялық жобаның өзге де түйінді параметрлерін айқындайды;
жоспарланған концессиялық жоба бойынша маркетингтік және өзге де қажетті зерттеулерді жүргізеді;
барлық қажетті есептеулерді, оның ішінде концессиялық жобаның алдын ала есептеулерін әзірлеуді жүргізеді;
2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың ережелерін, ел басшылығының тиісті тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың бастамаларын, сондай-ақ дербес бастама тәртібінде жеке және заңды тұлғалар енгізген ұсыныстарды ескере отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзірлеу кезеңінде мемлекеттік органның концессиялық ұсыныстарын қалыптастыруы.
Концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік орган қажет болған жағдайда, жоспарланып отырған концессиялық жоба туралы қысқаша ақпаратты республикалық маңызы бар бұқаралық ақпаратқұралдарында және өзінің интернет-ресурсында жариялайды, сондай-ақ мүдделі тараптарды (әлеуетті концессионерлер мен халықты) кездесулер, дөңгелек үстелдер және басқа қажетті іс-шаралар шеңберінде концессиялық ұсынысты қалыптастыру процесіне тарта алады;
3) республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша концессиялық ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігіндегі табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
4) концессиялық ұсынысқа концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, жергілікті деңгейде – облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе оны алмастыратын тұлғаның қол қоюы;
5) Заңның 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес концессиялық ұсынысқа салалық сараптама жүргізу.
Концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасы:
егер жоба республикалық болса, концессиялық ұсынысқа қол қойылған сәттен бастап;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына қол қойылған концессиялық ұсынысты енгізген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасына тиісті саладағы мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды;
5-1) Егер концессиялық жобаны республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, концессиялық ұсыныстың салалық сараптама қорытындысын тиісті саладағы орталық уәкілетті орган жүргізеді, тиісті саладағы орталық уәкілетті органды қандай да бір белгілі салаға жатқызу мүмкін болмаған жағдайда, салалық қорытындыны тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның өзі жүргізеді.
6-тармақ 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.10.2014 жылғы № 1072 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Егер республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру болжанатын концессиялық жобаны іске асыру басқа салалық орталық мемлекеттік органның жауапкершілік аясын қозғайтын жағдайда, көрсетілген салалық орталық мемлекеттік орган концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысын жүргізеді.