• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы
Внимание! Документ утратил силу с 20.03.1999 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 22 қараша N 3237. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999.03.20. N 88 жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20)-тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды тарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 3067 Жарлығының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерiн қарау жөнiндегi өкiлеттiктерiн кеңейту мақсатында қаулы етемiн:
1. Мыналар бекiтiлсiн: 
1) Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы ереже 
(N 1 қосымша);
     2) Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамы 
(N 2 қосымша).
     2. "Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы"
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 желтоқсандағы 
N 2728 Жарлығының 3-тармағынан басқасының күшi жойылған деп танылсын.
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                            Президентiнiң
                                       1996 жылғы 22 қарашадағы
                                          N 3237 Жарлығына
                                             N 1 қосымша 
          Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы
                                 Ереже
               1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi (бұдан былай - Қауiпсiздiк Кеңесi) Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетi мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын, елдiң тәуелсiздiгi мен аймақтық тұстастығын қорғау аясында бiртұтас саясат жүргiзу саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша Мемлекет басшысының шешiмдерiн әзiрлеу және өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдесу үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 
2. Қауiпсiздiк Кеңесi қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ осы Ереже құрайды. 
      II. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi 
3. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар: 
1) мемлекеттiк мүдделердiң аясын, оларды iске асыру мен қорғаудың негiзгi бағыттарын айқындау, ұлттық қауiпсiздiкке iшкi және сыртқы қатерлердi анықтау, олардың алдын алудың, тыйып тастаудың және тойтарудың әдiстерiн, нысандары мен құралдарын таңдап алу; 
2) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiнiң тұжырымдамасын әзiрлеу; 
4) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында iшкi, сыртқы және әскери саясат мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау үшiн және осы шешiмдердi жүзеге асыру шаралары жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар мен ұсынымдар енгiзу; 
5) ұлттық қауiпсiздiк саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және бұзу жөнiнде ұсынымдар дайындау. 
        III. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң функциялары 
4. Негiзгi мiндеттерiне сәйкес Қауiпсiздiк Кеңесi мынадай функцияларды атқарады: 
1) әлемдегi және аймақтардағы ахуалдың дамуына Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мүдделерi тұрғысынан кешендi талдауды жүзеге асыру; 
2) жеке адамға, қоғам мен мемлекетке қатысты қауiпсiздiктiң ұлттық, экономикалық, қоғамдық, қорғаныстық, экологиялық, ақпараттық және өзге де түрлерi проблемаларын қарастырады; 
3) республика қауiпсiздiгiне iшкi және сыртқы қауiп-қатер көздерiн айқындау және олардың туындауына болжам жасау, олардың алдын алу жөнiнде шаралар қолдану; 
4) құқық қорғау, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-қимылын үйлестiру, Қазақстан Республикасы Президентiне олардың қызметiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу; 
5) ұлттық қауiпсiздiк, Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету стратегиясы мен қорғау шаралары жөнiндегi заң жобаларын талдау, олар жөнiнен Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынымдар табыс ету; 
6) қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерi мен құралдарын жасақтау, бақылау, әзiрлiкте ұстау мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзу; 
7) жеке адам, қоғам және мемлекет қауiпсiздiгi саласында ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру; 
8) ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру, анықталған кемшiлiктердi, олардың туындауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентiне ұсыныстар енгiзу. 
       IY. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамы мен оны                              жасақтау тәртiбi 
5. Қазақстан Республикасының Президентi Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Төрағасы болып табылады. 
6. Қауiпсiздiк Кеңесiн Қазақстан Республикасының Президентi жасақтайды және ол Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшысының ұсынуы бойынша (бұдан былай - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын Қауiпсiздiк Кеңесiнiң мүшелерiнен тұрады. 
7. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамына лауазымдары бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы, Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Бiрiншi көмекшiсi, Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы "Барлау" қызметiнiң Директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң бастығы, кiредi.  
Қазақстан Республикасының Президентi Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамына өзге де лауазымды адамдары енгiзе алады.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
#$7-тармақтан сөздер алынып тасталды және толықтырылды -
       ҚР Президентiнiң 1997.11.14. N 3758 жарлығымен.  
     Y. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң жұмыс тәртiбi мен оның                          қызметiн қамтамасыз ету 
8. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң отырыстары Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе оның тапсыруымен Қауiпсiздiк Кеңесi мүшелерiнiң бiрiнiң төрағалық етуiмен қажеттiлiкке қарай өткiзiледi және хаттамамен ресiмделедi. 
Қауiпсiздiк Кеңесiнiң отырыстары оның мүшелерiнiң үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң мүшелерi оның отырыстарына ауыстыру құқығынсыз жеке өздерi қатысады. 
9. Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмдерi отырысқа қатысқан Қауiпсiздiк Кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады. 
10. Қажет болған жағдайда Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмдерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Үкiметiнiң актiлерi арқылы iске асырылуы мүмкiн. 
Аса маңызды мәселелер алдын ала Қауiпсiздiк Кеңесi мүшелерiнiң жұмыс бабындағы кеңестерiнде алдын ала талқыланады, олар Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшысының басшылығымен өткiзiледi. 
11. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң қызметiн Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы қамтамасыз етедi: Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшылығының құрылымы мен штатын Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. 
Қажет болған жағадайда Қауiпсiздiк Кеңесiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қауiпсiздiк Кеңесiнiң ведомствоаралық комиссиялары мен жұмыс топтары құрылуы мүмкiн. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң отырыстарын әзiрлеген кезде олардың басшыларының келiсiмiмен Президент Әкiмшiлiгiнiң басқа да құрылымдық бөлiмшелерiнiң, Үкiмет пен Парламент Палаталары аппараттарының, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақ стратегиялық зерттеулер институтының өкiлдерi тартылуы мүмкiн. 
12. Өзара iс-қимыл мен жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшысының ұсынуы бойынша Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығындағы лауазымдардың бiрқатары мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн iссапарға жiберу жолымен атқарылуы мүмкiн. 
      VI. Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшысының өкiлеттiгi 
13. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын лауазымды адам болып табылады. 
Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы: 
1) Қазақстан Республикасының Президентiн мемлекеттiң қорғаныс қабiлетi, қылмысқа қарсы күрес проблемаларын қоса алғанда, сыртқы және iшкi қауiпсiздiк мәселелерi жөнiнде хабардар етедi. Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшылығының жұмысына басшылықты жүзеге асырады; 
2) Қауiпсiздiк Кеңесi мен оның Хатшылығының қызметтiк құжаттамасына қол қояды; 
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына Қауiпсiздiк Кеңесi жылдық жұмыс жоспарларын, Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмдерi мен оларды iске асыру жөнiндегi актiлердiң жобаларын табыс етедi; 
4) Қауiпсiздiк Кеңесiнiң тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiнiң iске асырылуына, Қауiпсiздiк Кеңесi шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды, елдiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк органдардың жұмысын тексерудi жүзеге асырады. Тексерудiң қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Қауiпсiздiк Кеңесiне ұсыныстар енгiзедi; 
5) жұмыс топтарын құрады және Мемлекет басшысына ведомствоаралық комиссиялар құру, олардың мiндеттерi мен құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 
6) Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысымен келiсе отырып Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Кеден комитетiнiң, Мемлекеттiк салық комитетiнiң Салық полициясы бас басқармасының кадр мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 
7) Қазақстан Республикасының Президентiне жоғары әскери және арнаулы атақтар беру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 
8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi қаралған кезде Үкiметтiң және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi құрған басқа да органдардың, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың отырыстарына қатысуға құқылы; 
9) Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшылығының халықаралық ұйымдармен, шетелдiк үкiметтiк және үкiметтiк емес құрылымдармен, қоғамдық және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимылын ұйымдастырады; 
10) Қазақстан Республикасының Президентi мен Қауiпсiздiк Кеңесiнiң өзге де тапсырмаларын орындайды; 
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады. 
  VII. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң ведомствоаралық комиссиялары                              мен жұмыс топтары 
14. Қауiпсiздiк Кеңесi қызметiнiң бағыттарына сәйкес ведомствоаралық комиссиялар құрылады, олардың құрамы мен мiндетiн Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. Ведомствоаралық комиссиялары Қауiпсiздiк Кеңесiнiң мүшелерi басқарады, ал олардың қызметiн Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы үйлестiредi. Жекелеген мәселелердi қарау үшiн Қауiпсiздiк Кеңесi Хатшылығының жанына жұмыс топтары құрылуы мүмкiн, олардың құрамын Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы бекiтедi. 
15. Ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң отырыстарына материалдар даярлауды жүзеге асырады. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң немесе оның Хатшысының тапсырмасы бойынша талдау, зерттеу жұмысын орындайды, сыртқы, қорғаныс, экономикалық және қоғамдық қауiпсiздiк саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар мен 
ұсынымдар әзiрлейдi және қызметiнiң нәтижелерi туралы Қауiпсiздiк
Кеңесiн хабардар етедi.
     1
6. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң ведомствоаралық комиссиялары мен
жұмыс топтарының қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-техникалық
қамтамасыз етудi осы комиссиялардың жұмысына өз өкiлдерi қатысатын
мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы
жүзеге асырады.
                                  Қазақстан Республикасы
                                      Президентiнiң
                                  1996 жылғы 22 қарашадағы
                                     N 3237 Жарлығына
                                     N 2 қосымша
           Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң
                           Құрамы

     Балғымбаев                  - Қазақстан Республикасының
     Нұрлан Өтепұлы                Премьер-Министрi
     Кекiлбаев                   - Қазақстан Республикасының
     Әбiш Кекiлбайұлы              Мемлекеттiк хатшысы
     Есимов                      - Қазақстан Республикасы
     Ахметжан Смагулович           Президентi Әкiмшiлiгiнiң
                                   Басшысы

     Әбiқаев                     - Қазақстан Республикасы
     Нұртай Әбiқайұлы              Президентiнiң Бiрiншi көмекшiсi
     Алтынбаев                   - Қазақстан Республикасының
     Мұхтар Қапашұлы               Қорғаныс министрi
     Мұсаев                      - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Әлнұр Әлжапарұлы              қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы
     Мыңбаев Сауат               - Қазақстан Республикасының
     Мұхаметбайұлы                 Қаржы министрi

     Сәрсеков Бексұлтан          - Қазақстан Республикасының
                                   Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы
     Сүлейменов                  - Қазақстан Республикасының
     Қайырбек Шошанұлы             Iшкi iстер министрi
     Тоқаев                      - Қазақстан Республикасының
     Қасымжомарт Кемелұлы          Сыртқы iстер министрi
     Баекенов                    - Қазақстан Республикасы
     Болат Әбдiрахманұлы           Президентiнiң Күзет қызметiнiң
                                   бастығы
     Хитрин                       - Қазақстан Республикасының
     Юрий Александрович             Бас Прокуроры
     Өтембаев                     - Қазақстан Республикасының
     Ержан Әбiлқайырұлы             Стратегиялық жоспарлау және
                                    реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң
                                    төрағасы
     Рысбаев Жеңiс                - Қазақстан Республикасы "Барлау"
     Қайыржанұлы                    Қызметiнiң директоры

      Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.11.14.
              N 3758 жарлығымен.  

 
 
      Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1998.05.18.
              N 3955 жарлығымен.