Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1030 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 31 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 73-құжат:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Ереженің мақсаты үшін мамандар деп қалалық және өзге де елді мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға тілек білдірген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейінгі, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері түсіндіріледі.»;
1-1-тармақ 1-2-тармақ деп саналсын;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы № 80 Қаулысы (08.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1030 қаулысына 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы № 80 Қаулысы (08.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1030 қаулысына 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.02.2014 жылғы № 80 Қаулысы (08.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды