• Мое избранное
Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерінің нысандары мен оларды табыс ету қағидасын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерінің нысандары мен оларды табыс ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 212 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
«Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 жылғы № 4-4/631 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерінің нысандары;
2) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін табыс ету қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 наурыздағы
 № 212 қаулысымен
 бекітілген
№ 1 есептiлiк нысаны Шикiзат бойынша мәлiметтер
Нысан өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.12.2013 жылғы № 1386 Қаулысымен (02.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
БСН
Биоотын өндiрушiнiң атауы
Есептi кезең ____ жыл ___ ай
Құжаттың тiркеу кiрiс нөмiрi                           ККААЖЖЖЖ
Р/с
КО СЭҚ ТН кодына сәйкес шикiзат түрi он сандық белгiде Есептi кезеңнiң басындағы қалдық, тонна Шикiзаттың келiп түскенi, тонна Биоотын өндiрiсiнде қолданылған өзi өсiрген тамақ шикiзаты Тамақ шикiзатын жеткiзушiнiң атауы, орналасқан жерi (облыс, аудан) Тамақ шикiзатын жеткiзу шартының күнi, нөмiрi Қатыстырған қалдықтар, тонна Қайта өңделген шикiзат, тонна Шикiзаттың бүлiнгенi, жоғалғаны, тонна Нормалар шегiндегi шығасы, тонна Есептi кезеңнiң соңындағы қалдық, тонна
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12


























Жиыны



















Ескертпе:
нысанда есептi кезеңде сатылған шикiзаттың бүкіл көлемi көрсетiледi.
«БСН» деген жолда биоотын өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмiрi көрсетiледi.
«Биоотын өндiрушiнiң атауы» деген жолда осы мәлiметтердi ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi.
«Есептi кезең» деген жолда есеп ұсынылатын есептi кезең көрсетiледi.
1-бағанда реті бойынша нөмiрi көрсетiледi.
2-бағанда шикiзат түрi Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына (бұдан әрi – КО СЭҚ ТН) сәйкес он белгiмен көрсетiледi. Бидай үшiн жақшаның iшiнде бидайдың сыныбы, нөмiрi және осы бидай тобына сәйкестiктi растау саласындағы құжаттың нөмiрi де көрсетіледі.
3-бағанда есептi кезеңнiң басындағы шикiзаттың барлық қалдығы тоннамен көрсетiледi.
4-бағанда келіп түскен шикiзат тоннамен көрсетiледi.
5-бағанда биоотын өндiрiсiнде пайдаланылған өзi өсiрген азық-түлік шикiзатының, егер оны өсiру көзделген болса, саны көрсетiледi.
6-бағанда азық-түлік шикiзатын жеткiзушiнiң атауы, орналасқан жерi (облыс, аудан) көрсетіледі.
7-бағанда азық-түлік шикiзатын жеткiзу шартының күнi, нөмiрi көрсетiледi.
8-бағанда қатыстырылған қалдықтар тоннамен көрсетiледi.
  
9-бағанда қайта өңделген шикiзаттың саны тоннамен көрсетiледi.
10-бағанда бүлiнген, жоғалған шикiзаттың саны тоннамен көрсетiледi.
11-бағанда нормалар шегiндегi шығындардың саны тоннамен көрсетiледi.
12-бағанда есептi кезеңнiң соңындағы бүкіл қалдығы тоннамен (4-баған + 8-баған - 9-баған - 10-баған - 11-баған) көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 наурыздағы
 № 212 қаулысымен
 бекітілген
№ 2 есептiлiк нысаны Биоотын өндiрiсi жөнiнде есеп беру
Нысан өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.12.2013 жылғы № 1386 Қаулысымен (02.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
БСН
      Биоотын өндiрушiнiң атауы
      Есептi кезең ____ жыл ___ ай
      Құжаттың тiркеу кiрiс нөмiрi                           ККААЖЖЖЖ
Р/с
Биоотынның ДСН-коды Есептi кезеңнiң басындағы қалдық, литр Өңдiрiлген, литр Өндiрушiнiң сатқаны, тонна Бүлiнгенi, жоғалғаны, литр Нормалар шегiндегi шағысы, литр Өнiмдi қайтару, литр Есептi кезеңнiң аяғындағы қалдық, литр
барлығы биоотын өндiрiсi бойынша тұлғаларға мұнай өнiмдерiн компаундирлеуге өз өндiрiстiк қажеттiлiктерiне пайдаланылған экспортқа
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13




























Жиыны





















Ескертпе:
нысанда есептi кезеңде өндiрiлген биоотынның бүкіл көлемi көрсетiледi.
«БСН» деген жолда биоотын өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмiрi көрсетiледi.
«Биоотын өндiрушiнiң атауы» деген жолда осы есептердi ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi.
«Есептi кезең» деген жолда есеп ұсынылатын есептi кезең көрсетiледi.
1-бағанда ретi бойынша нөмiрі көрсетiледi.
2-бағанда биоотынның дербес сәйкестендiрiлген нөмiр-коды (ДСН-коды) көрсетiледi.
3-бағанда есептi кезеңнiң басындағы өндірушідегі биоотынның жалпы қалдығы литрмен көрсетiледi.
4-бағанда өндiрiлген биоотынның саны литрмен көрсетiледi,
5-бағанда сатылған биоотынның жалпы саны литрмен (5-баған = 6-баған + 7-баған + 8-баған + 9-баған) көрсетiледi.
6-бағанда биоотын өндiрiсi бойынша тұлғаларға сатылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
7-бағанда мұнай өнiмдерiн компаундирлеуге сатылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
8-бағанда өз өндiрiстiк қажеттiлiктерiне пайдаланылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
9-бағанда экспортқа сатылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
10-бағанда өндiрушi бүлдірген, жоғалтқан биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
11-бағанда нормалар шегiндегi шығындардың саны литрмен көрсетiледi.
12-бағанда өндiрушiге қайтарылған биоотынның саны литрмен көрсетiледi.
13-бағанда өндiрушiде есептi кезеңнiң соңындағы биоотынның бүкіл қалдығы литрмен (13-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған - 11-баған + 12-баған) көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 наурыздағы
 № 212 қаулысымен
 бекітілген
№ 3 есептiлiк нысаны Биоотын жеткiзушiсi туралы мәлiметтер
Нысан өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.12.2013 жылғы № 1386 Қаулысымен (02.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
БСН
      Биоотын өндiрушiнiң атауы
      Есептi кезең ____ жыл ___ ай
      Құжаттың тiркеу кiрiс нөмiрi                           ККААЖЖЖЖ
Р/с
Жеткiзу түрi Жеткiзу мақсаты Жеткiзушi туралы мәлiмет Жеткiзген өнiм көлемi, литр БСК Өнiмнiң түрi КО СЭҚ ТН коды ТД № ТД күнi
ЖСН/БСН-i атауы лицензия № лицензия алған күнi лицензияның қолданылу мерзiмi
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14






























Жиыны:























Ескертпе:
осы нысан есептi айда басқа жеткiзушiлерден биоотынның кiрiсi бар, оның iшiнде алдында сатылған биоотынның қайтарылымы болған жағдайда толтырылады.
«БСН» деген жолда биоотын өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмiрi көрсетiледi.
«Биоотын өндiрушiнiң атауы» деген жолда осы қосымшаны ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi.
«Есептi кезең» деген жолда биоотын өндiрушi осы қосымшаны табыс ететiн есептi кезең көрсетiледi.
1-бағанда жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi.
2-бағанда өнiмдi жеткiзудiң түрi (импорт, iшкi нарықтың жеткiзулерi) көрсетiледi.
3-бағанда биоотынды жеткiзудiң мақсаты (биоотынның басқа түрлерiне қайта өңдеу үшiн, техникалық қажеттiлiктер үшiн, бұрын жеткiзiлген өнiмдi қайтару және өзге де мақсаттар) көрсетiледi.
4-бағанда өнiмдi жеткiзушiнiң ЖСН/БСН-i көрсетiледi.
5-бағанда биоотынды жеткiзушiнiң атауы көрсетiледi.
6-бағанда лицензия болған кезде биоотынды жеткiзушi лицензиясының нөмiрi көрсетiледi.
7-бағанда лицензия болған кезде биоотынды жеткiзушiнiң лицензияны алған күнi көрсетiледi.
8-бағанда лицензия болған кезде биоотынды жеткiзушi лицензиясының қолданылу мерзiмi көрсетiледi.
9-бағанда биоотынның есептi кезеңнiң iшiнде жеткiзушi жеткізген импорттық, сондай-ақ iшкi өндiрiс өнiмiнiң көлемi литрмен көрсетiледi.
10-бағанда бюджеттiк сыныптама коды көрсетiледi.
11-бағанда тиелген өнiмнiң түрi көрсетiледi.
12-бағанда Кеден одағының кедендiк шекарасынан өткен кезде тауарға берiлетiн Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды көрсетiледi. Баған жеткізілген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.
13-бағанда әкеленетін биоотынға тауарлар декларациясының нөмiрi көрсетiледi. Баған жеткiзiлген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.
14-бағанда әкеленетін биоотын тауарларына декларациясының ресiмделген күнi көрсетiледi. Баған жеткiзiлген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 2 наурыздағы
 № 212 қаулысымен
 бекітілген
Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін табыс ету қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін табыс ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5 бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін (бұдан әрі - биоотын өндірісі бойынша есептер) табыс ету тәртібін айқындайды.
2. Биоотын өндірушілер осы Қағидада белгіленген тәртіппен № 1, 2, 3 есептілік нысандарын ұсынады.
3. Ұсынылған есептердің мониторингі нәтижесі бойынша биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл қорытындысы бойынша талдамалы ақпарат ұсынады.
2. Биоотын өндірісі бойынша есептерді табыс ету тәртібі
4. Есептерді жасау кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
5. Осы Қағидаға сәйкес биоотын өндіруші табыс ететін есептерге биоотын өндірушінің басшысы, бас бухгалтері қол қояды және биоотын өндірушінің мөрімен бекітіледі.
6. Құжаттар пошта арқылы, не уәкілетті органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі арқылы қолма-қол жіберіледі.
7. Биоотын өндірісі бойынша есептер уәкілетті органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін ұсынылады.