Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 тамыздағы N 727 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 18.03.2016 жылғы № 148 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 45, 493-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Байланыс операторлары үшін байланыс операторларының телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне жергілікті деңгейде, аймақішілік және қалааралық деңгейлерде, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосу және телефон трафигін (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық, ұялы операторлардың желісінен (-не) өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартта:
тақырыбында және одан әрі мәтін бойынша "телефон трафигін (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық, ұялы операторлардың желісінен (-не)" деген сөздер "қосатын байланыс операторларының телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық) желісінен (-не), ұялы операторлардың, ІР-телофония (Интернет-телефония) операторларының желісіне (-не)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"ұялы операторлардың желісінен (-не)" деген сөздерден кейін "ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы "және ұялы байланыс операторларының желісінен (-не) телефон трафигін" деген сөздер ", ұялы байланыс операторларының желісінен (-не) телефон трафигін және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы "10 (он)" деген сөздер "30 (отыз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақтың 2) тармақшасындағы "11" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Шартта реттелмеген басқа да барлық өзара қатынастар Тараптар арасында жеке шарттарда және (немесе) қосымша келісімдерде ескеріледі.";
45-тармақтағы "жергілікті, қалааралық және халықаралық трафик пен Тараптар желілерін пайдаланушылар генерациялайтын ұялы операторлардың желісінен (-не) трафик" деген сөздер "жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон трафигі, Тараптар желілерін пайдаланушылар генерациялайтын ұялы операторлардың желісінен (-не) телефон трафигі және ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигі" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 22 тамыздағы
N 727 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 28 қарашадағы
1194 қаулысымен
бекітілген
Суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарт
_______________________ 200__ жылғы "____" ___________
(шарттың жасалған орны)
бұдан әрі, Қызмет беруші деп аталатын ______________________________
_____________________________________________________________ атынан
(суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар арқылы беру
жөніндегі қызметті ұсынатын табиғи монополия субъектісінің атауы)
____________________________________________ негізінде әрекет ететін
__________________________________________________ бір тараптан және
(лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі тұтынушы деп аталатын ____________________________________
(тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу
туралы куәлік, берілген күні мен берген орган)
атынан______________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан, бұдан әрі Тараптар деп аталатын мына төмендегілер туралы осы Үлгі шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы - жекеменшік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша иеленушілердің арасындағы магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна жүйесінің элементтерін бөлу сызығы;
пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - Тараптардың келісімімен белгіленетін жүйелер элементтерін пайдаланғаны үшін міндеттер (жауапкершілік) белгісі бойынша магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна жүйесінің элементтерін бөлу сызығы. Осындай келісім болмаған жағдайда пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы бойынша белгіленеді;
магистральдық құбыр жолы және (немесе) арна - суды бас тоғаннан таратушыларға дейін (суды магистральдық құбыр жолынан және (немесе) арнадан су пайдаланушылар топтарына жеткізу) жеткізуге арналған гидротехникалық құрылыстар кешені;
төлем құжаты - оның негізінде төлем жүргізілетін қызмет берушінің құжаты (есептеу құралы көрсеткіштерінің негізінде жасалған шот, хабарлама, түбіртек, шоты);
тұтынушы - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;