Bestprofi Logo

Қаулы № 1058 от 2011-09-14г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015 г.

Документ на казахском языке

Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 23.01.2015 жылғы № 51 Бұйрығын қараңыз

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысымен бекiтiлген

Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасы

1. Осы Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су мен «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемені, сондай-ақ шағын көлемді кемені және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) өздігінен жүретін шағын көлемді кеме – механикалық қондырғы қозғалысқа келтіретін шағын көлемді, сондай-ақ желкенді кеме;

2) өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кеме – өздігінен жүру үшін механикалық қозғалысы жоқ шағын көлемді кеме.

3. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін, сондай-ақ кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.

3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1380 Қаулысымен (13.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

4. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.

4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1380 Қаулысымен (13.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.12.2012 жылғы № 1587 Қаулысымен (14.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.02.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

4-1. Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені және шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.

1-бөлім 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1380 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

2. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде жолаушы, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелері, сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тіркеледі.

5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1380 Қаулысымен (13.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп уақытша жүзуге құқық берілген, қазақстандық тұлға экипажсыз (бербоут-чартер) жалға алған шетел кемесі Жалға алынған шетел кемелері тізілімінде мемлекеттің кемелерді негізгі тіркеу тізілімінде оның тіркелуі тоқтатыла тұрғаннан кейін тіркеледі.

7. Шетел мемлекеті кемелері тізілімінде тіркелген кеме Мемлекеттік кеме тізілімінде меншік иесінің шетел мемлекеті кемелер тізілімінен шығарылғандығы туралы үзінді ұсынғаннан кейін ғана тіркеледі.

8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

8-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.12.2012 жылғы № 1587 Қаулысымен (14.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.02.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

9. Кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне енгізу осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес Кеме куәлігін берумен куәландырылады, ол кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайды.

9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.12.2012 жылғы № 1587 Қаулысымен (14.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.02.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Кемені Жалға алынған шетел кемелері тізіліміне енгізу осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік берумен куәландырылады.

10. Кемелерді мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.12.2012 жылғы № 1587 Қаулысымен (14.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.02.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1) осы Қағидаға сәйкес кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазу енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген кезде өтініш берушіден құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтініш берушінің талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша растама беріледі;

2) осы кемеге мәлімделетін құқықтар мен тіркеліп қойған құқықтар арасында қайшылықтардың, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтау;

3) көрсетілген қайшылықтар мен мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін басқа да негіздер болмаған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне, Жалға алынған шетел кемелері тізіліміне жазулар енгізу;

4) мемлекеттік тiркеудi растайтын құжаттарды беру.

11. Тұлға кеменi сатып алған күннен бастап отыз күн iшiнде кемені мемлекеттік тіркеуге өтініш береді.

12. Шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеме Заңның 24-бабының 11-тармағына сәйкес мұндай кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде жалға алынған шетел кемелерi тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жатады.

13. Шетел кемелеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімін алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар тапсырылады:

13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.12.2012 жылғы № 1587 Қаулысымен (14.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.02.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1) кемені жалға алушыдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беруге рұқсат алуға өтініш;

2) атын және мекенжайын не жалға беру шарты бойынша қазақстанды жалға берушінің атауы мен орналасқан орнын растайтын құжат;

3) экипажсыз (бербоут-чартер) кеме жалдау шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) шетел мемлекетінің құзыретті билік орындары берген құжат, онда кеме туы ауыстырылғанға дейін тікелей тіркелген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығының тоқтатылғанын растайтын, сондай-ақ кемеге ипотекамен ауыртпалық салынғаны туралы мәліметтерді қамтиды;

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге кемені ауыстыруға кеменің тіркелген ипотекасына кеме иесінің және салық ұстаушының жазбаша рұқсаты;

6) өлшеу куәлігі («өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер үшін);

14. Ұсынылған өтінішті қарау оның келіп түскен сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқығын уақытша беруге рұқсат беріледі немесе мынадай жағдайларда одан:

1) осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбаса;

2) егер берілген құжаттар осы Қағиданың 19-тармағының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе бас тартылады.

15. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1380 Қаулысымен (13.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:

1) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін және өзге де құжаттар;

3) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат қоса берілуі тиіс.

16. Кемені жалға алынған шетелдік кемелер тізіліміне мемлекеттік тіркеу үшін кеменi жалға алушының кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшiне осы Қағиданың 15-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттар беріледі:

16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2013 жылғы № 1380 Қаулысымен (13.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1) кеменің жалдау шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауыстыру ауыртпалығы немесе тіркелген кеме ипотеканың кепілзат ұстаушысының және меншік иесінің жазбаша рұқсаты;

3) қазақстандық кемені жалға алушының кеме атауын және тұратын орнын не жалдау шарты бойынша атауын және орналасқан жерін растайтын құжат;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание