Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 тамыздағы N 1082 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 7 қаңтар N 4
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ауыл шаруашылығы техникасын әкетуге тыйым салу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 тамыздағы N 1082
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 29, 143-құжат) мынадай
толықтыру енгізілсін:
1-тармақ "(ТМД СЭҚ ТН коды 843 351 000-843 359 800, 870 110 100-870
190 900)" деген сөздерден кейін "және МТ-ЛБВ маркалы шынжыр табанды
сүйрегіштерді (ТМД СЭҚ ТН коды 870 190 900)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және
жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.