Toggle Dropdown
Осы редакция 06.09.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Toggle Dropdown
"Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 337 Қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының "Астық туралы " 2001 жылғы 19 қаңтардағы, "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған "Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
N 337 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
"Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану саласы
Toggle Dropdown
1. Осы "Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, "Өсімдіктер карантині туралы " 1999 жылғы 11 ақпандағы,"Астық туралы " 2001 жылғы 19 қаңтардағы,"Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі,"Өсімдіктерді қорғау туралы " 2002 жылғы 3 шілдедегі, " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы,"Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы,"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
Toggle Dropdown
2. Осы Техникалық регламенттің талаптары Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасында(ҚР СЭҚ ТН) тауарларды жіктеуге сәйкес жіктелетін, осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу объектісі болып табылатын азық-түліктік астыққа қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Осы Техникалық регламенттің талаптары тұқымдық, жемдік және техникалық мақсаттарға арналған астыққа және астықты қайта өңдеу өнімдеріне қолданылмайды.
Toggle Dropdown
2. Терминдер мен анықтамалар
Toggle Dropdown
4. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
агротехникалық іс-шаралар - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жөніндегі ғылыми негізделген тәсілдер жиынтығы;
Toggle Dropdown
агрохимиялық іс-шаралар - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын сақтау мен ұдайы молықтыру және қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсатында агрохимикаттар мен пестицидтерді қолданудың ғылыми негізделген тәсілдерінің жиынтығы;
Toggle Dropdown
астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын дәнді, дәнді бұршақ және майлы дақылдардың өнімдері;
Toggle Dropdown
астық айналымы - әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, астықты өткізу (сату немесе жеткізу) процестері;
Toggle Dropdown
астық қауіпсіздігі - қауіпті фактордың іске асырылу ықтималдығының және оның салдарларының ауыртпалық дәрежесінің үйлесімділігін ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына зиян келтіруге және тұтынушылар мүдделерінің бұзылуына байланысты жол берілмейтін тәуекелдің астықтың өмірлік циклінің барлық сатыларында болмауы;
Toggle Dropdown
астық өндіру - астық өсіруге бағытталған агротехнологиялық іс-шаралар кешені;
Toggle Dropdown
астық партиясы - сапасы бойынша біртекті, бір уақытта қабылдауға, тиеп жөнелтуге немесе сақтауға арналған, сапасы мен қауіпсіздігі туралы бір құжатпен ресімделген астық мөлшері;
Toggle Dropdown
астық сынамасы - сапасы мен қауіпсіздігін анықтау үшін партиядан іріктелген астықтың белгілі бір мөлшері;
Toggle Dropdown
астықты белсенді желдету - салқындату немесе кептіру мақсатында астықаралық кеңістіктің ауасын көп мәрте ауыстыру үшін астықты атмосфералық ауамен еріксіз үрлеу;
Toggle Dropdown
астықты жою - тағамдық мақсаттар үшін пайдаланылуын және оған адам мен жануарлардың болуын болдырмайтын, тұтынуға және (немесе) одан әрі қайта өңдеуге жарамсыз астыққа ықпал ету;
Toggle Dropdown
астықты залалсыздандыру - карантиндік объектілерді қоса алғанда, зиянкестерді, микроорганизмдерді жою үшін астыққа химиялық, радиациялық немесе физикалық әсер ету;
Toggle Dropdown
астықты кәдеге жарату - сапасыз және қауіпті астықты өз мақсатынан тыс пайдалану;
Toggle Dropdown
астықты кептіру - қыздырылған немесе қыздырылмаған ауамен (кептіру агентімен) өңдеу жолымен астықтың ылғалдылығын төмендету;
Toggle Dropdown
астықты сараптау - кәдеге жарату немесе жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау мақсатында астықтың қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау;
Toggle Dropdown
астықты өткізу - сатып алу-сату, алмасу шарттарын ресімдеу жолымен меншік иесінің өзгеруі;
Toggle Dropdown
астықты сәйкестендіру - астықтың өмірлік циклінің барлық сатыларында астықты айырмашылық белгілері бойынша тануды қамтамасыз ететін рәсім;
Toggle Dropdown
астықты тазалау - сақтау кезінде астықтың төзімділігін қамтамасыз ету мақсатында арамшөпті және дәнді қоспаларды алып тастау, астықтың залалдануын жою;
Toggle Dropdown
астықты тасымалдау - өткізу немесе кәдеге жарату кезінде астық партиясының механикаландырылған жолмен орын ауыстыруы;
Toggle Dropdown
астықтың бөтен иісі - иісі шығатын бөгде заттарды астықтың сіңіруі нәтижесінде пайда болатын, сондай-ақ дұрыс сақтамау нәтижесінде пайда болатын иіс;
Toggle Dropdown
астықтың зиянкестермен залалдануы - астықаралық кеңістікте немесе жекелеген дәндер ішінде олардың кез келген даму сатысында тірі зиянкестердің болуы;
Toggle Dropdown
астықтың қауіпті қасиеттері - астықты пайдаланған кезде адам мен жануарлар өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін астықтың биологиялық, химиялық, радиациялық жай-күйі;
Toggle Dropdown
астықтың өздігінен қызуы - массасында қоршаған орта температурасының көтерілуіне байланысты емес, ішкі процестер салдарынан температураның көтерілуі болатын астықтың жай-күйі;
Toggle Dropdown
астықтың өмірлік циклі - астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, сату, жою және кәдеге жарату процестері;
Toggle Dropdown
астықтың ылғалдылығы - астықтағы пайызбен көрсетілген ылғалдың болуы;
Toggle Dropdown
дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындар үй-жайларында және аумақтарда жүйелі түрде жүргізілетін, жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктер мен кеміргіштерді жоюға бағытталған шаралар кешені;
Toggle Dropdown
зиянды қоспа - адам мен жануарлар денсаулығы үшін қауіпті өсімдік және саңырауқұлақ текті қоспа;
Toggle Dropdown
қаракүйелі астық - қаракүйе спораларымен толық немесе ішінара (шашағы немесе бет бөлігі) ластанған астық;
Toggle Dropdown
қоқысты қоспа - астықты мақсатты арналуы бойынша пайдалану кезінде алып тастауға жататын органикалық және органикалық емес текті қоспа;
Toggle Dropdown
қызғылт түске боялған астық - ұрық саласында артықшылығы бар қабықтары қызғылт дақты астық;
Toggle Dropdown
мелиоративтік іс-шаралар - су мен ауа режимдері, химиялық және физикалық қасиеттері қолайсыз, желдің немесе судың механикалық әсеріне ұшыраған жерлерді түбегейлі жақсарту жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық және техникалық іс-шаралар жиынтығы;
Toggle Dropdown
эрозияға қарсы іс-шаралар - топырақты жел және су эрозиясынан қорғаудың ғылыми негізделген тәсілдерінің жиынтығы;
Toggle Dropdown
фитосанитарлық іс-шаралар - зиянды және аса қауіпті зиянды, оның ішінде карантиндік маңызы бар, организмдердің саны мен зияндылығын төмендетуді қамтамасыз ететін шаралар кешені;
Toggle Dropdown
фузариозды астық - пісіп-жетілу кезінде фузариум тұқымдас саңырауқұлақтармен залалданған, ағарыңқы, кейде қызғылт сары түсті дақтары болатын астық.
Toggle Dropdown
3. Астықтың нарықтағы айналымының шарттары
Toggle Dropdown
5. Астықтың нарықта айналымының қажетті шарты осы Техникалық регламентпен белгіленген талаптарға сәйкестігі болып табылады.
Toggle Dropdown
6. Импортталатын астықты жеткізуге арналған шарттарда астықтың түрін, астықтың арналымын, елдің және өндіруші-кәсіпорынның (орындаушының) атауын, сақтау мерзімін әрі сақтау шарттарын қамтитын, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған ақпарат астықпен ілесіп жүруі көзделуі тиіс.