• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 337 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 904 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 337 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 183-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
1-тармақ алынып тасталсын;
2-тармақ «азық-түліктік» деген сөздерден кейін «және тұқымдық» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «тұқымдық,» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Азық-түліктік астықта:
1) әлеуетті қауіпті химиялық қосылыстардың рұқсат етілген шекті деңгейінің және пестицидтердің қалдық мөлшерінің;
2) қоспалардың, оның ішінде зиянды қоспаның рұқсат етілген шекті деңгейінің;
3) зиянкестермен залалдануының;
4) бөтен иістердің;
5) өздігінен қызуы, микроорганизмдердің дамуы мен микотоскиндердің пайда болуы үшін қолайлы жағдайлар туғызатын жоғары ылғалдылықтың болуы адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті факторлар болып табылады.
3-2. Мыналардың:
1) қоспалардың, оның ішінде зиянды қоспаның рұқсат етілген шекті деңгейінің;
2) жоғары ылғалдылықтың;
3) карантиндік арамшөптердің, зиянкестер мен аурулардың;
4) улы арамшөптер тұқымының;
5) зиянкестермен залалдануының болуы тұқымдық астықтың қауіпті факторлары болып табылады.
3-3. Астықты сәйкестендіру астық легі туралы ақпаратты қамтитын ілеспе құжаттама негізінде астық дақылының осы түріне тән ботаникалық белгілерін визуалды қарау бойынша жүзеге асырылады.»;
4-тармақтың төртінші, отыз үшінші абзацтары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Бидайдың, қара бидайдың, арпаның, күнбағыстың, қарақұмықтың, тарының, сұлының тұқымдық астығының ең жоғарғы қызуы 40 о С-тан, ал кептіру агентінің температурасы - 70 о С-тан аспауы тиіс. Бұршақты дақылдар мен күрішті кептіру кезінде тұқымдық астықтың қызуы 35 о С-тан, ал кептіру агентінің температурасы - 60 о С-тан аспауы тиіс.
Ылғалдылығы 19 %-дан жоғары тұқымдық астықты кептіру кезінде тұқым ұрығының зақымдануына жол бермейтін жұмсақ режим қолданылады, бұл ретте бірінші аймақта қыздырудың шекті температурасын 5 о С-қа, ал кептіру агентінің температурасын - 10 о С-қа төмендету жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Тұқымдық астықта мынадай көрсеткіштер: ылғалдылық, өнгіштік, дақылдардың және арамшөп тұқымдарының болуы бақыланады және айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
«28-1. Сақтау кезінде тұқымдық астықтың ылғалдылығы:
бидай, қара бидай, арпа, асбұршақ, сұлы, тритикале, жүгері, ноқат, қытай бұршақ үшін 14 %-дан аспауға;
тары үшін 13,5 %-дан аспауға;
күріш, жасымық, сиыржоңышқа үшін 15,0 %-дан аспауға;
құмай, арыш, мақсары, майлы зығыр, сора үшін 13,0 %-дан аспауға;
қыша үшін 12,0 %-дан аспауға;
жер жаңғақ үшін 11,0 %-дан аспауға;
күнбағыс, көкнәр тұқымдары, мақта шиті үшін 10,0 %-дан аспауға;
күнжіт, кенедән үшін 9,0 %-дан аспауға;
рапс, беде қыша үшін 8,0 %-дан аспауға;
қарақұмық, ноғатық үшін: Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 14,0 %-дан аспауға, ал басқа облыстарда 15,0 %-дан аспауға тиіс.»;
49-тармақтағы «Астықты» деген сөз «Азық-түліктік астықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
50-тармақтағы «Астықтағы» деген сөз «Азық-түліктік астықтағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
51-тармақ «астықта» деген сөздің алдынан «азық-түліктік» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:
«51-1. Тұқымдық астықта карантиндік арамшөптер (тұқымы мен жемістері), зиянкестер және аурулар бар болса, оны өткізуге және тұқымдық мақсатта пайдалануға рұқсат етілмейді. Тұқымдық астықты зақымдайтын улы арамшөптер тұқымдарының, тірі зиянкестер мен олардың личинкаларының болуы осы Техникалық регламентке 4-1-қосымшада көрсетілген мәндердің деңгейінен аспауы тиіс.»;
9, 10-бөлімдер алынып тасталсын;
67-тармақ алынып тасталсын;
69-тармақта «Астық» деген сөз «Азық-түліктік астық» деген сөздермен ауыстырылсын;
70, 71-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Азық-түліктік астықтың сәйкестігін растау «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентінің 1-қосымшасының 7-схемасы бойынша жүзеге асырылады.
71. Отандық және импортталатын азық-түліктік астықтың сәйкестігін растау бірыңғай рәсімдер бойынша жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 11-1-бөлім толықтырылсын:
«11-1. Астықты буып-тую мен таңбалауға қойылатын талаптар
71-1. Буып-түю мен таңбалауға қойылатын талаптар тек тұқымдық астыққа ғана қатысты белгіленеді.
Бірегей және элиталық тұқым, бірінші ұрпақ будандары 1 %-ға дейін ауытқумен 50 кг-дан аспайтын салмақпен буып-түйіледі.
Орам тұқымдық астықтың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс және таңбасы немесе зат белгісі болуы керек, онда:
тұқым өндірушінің атауы;
дақыл;
сорт;
репродукция;
сорттық тазалығының санаты;
егіс стандартының сыныбы;
жиналған жылы;
тұқым легінің нөмірі;
сорттық тазалығы;
сорттық құжаттың және тұқымның егістік сапасын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні көрсетіледі.
Тұқым салынған әрбір қапқа немесе контейнерге тұқымның егістік сапасын куәландыратын құжаттан басқа, деректерімен затбелгі салынады. Дәріленген тұқым салынған орамға «Дәріленген» деген жазу жазылады.»;
12-бөлім алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
кестенің тақырыбындағы «Астықтағы» деген сөз «Азық-түліктік астықтағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Дәнді дақылдар (бидай, қара бидай, тритикале, сұлы, арпа, тары, қарақұмық, күріш, жүгері, құмай жүгері)» деген бөлімде «Пестицидтер» деген сөз «Пестицидтер*» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«* - пестицидтің қалдық мөлшерін айқындау жөніндегі тиісті әдістеме, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген стандартты үлгі болған жағдайда қолданылады.»;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;
5-қосымша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 6 қыркүйектегі
 № 904 қаулысына
 1-қосымша
«Астық қауіпсіздігіне
 қойылатын талаптар»
 техникалық регламентіне
 1-қосымша
Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (КО СЭҚ ТН)
 
СЭҚ ТН Позициялар атауы Қосымша өлшем бірлігі
1 2 3
1001 Бидай және меслин:
1002 00 000 0 Қара бидай -
1003 00 Арпа:
1004 00 000 0 Сұлы
1005 Жүгері:
1006 Күріш:
1006 10 - қауыздалмаған күріш (шикі күріш):
1006 10 100 0 -- себуге

-- басқасы:

--- буланған:
1006 10 210 0 ---- қысқа дәнді -
1006 10 230 0 ----- орташа дәнді -

---- ұзын дәнді:
1006 10 250 0 ----- ұзындығының еніне қатысында 2 артық, бірақ 3 кем -
1006 10 270 0 ----- ұзындығының еніне қатысында 3 тең немесе артық -

--- басқасы:
1006 10 920 0 ---- қысқа дәнді -
1006 10 940 0 ---- орташа дәнді -

---- ұзын дәнді:
1006 10 960 0 ----- ұзындығының еніне қатысында 2 артық, бірақ 3 кем -
1006 10 980 0 ----- ұзындығының еніне қатысында 3 тең немесе артық -
1006 20 - қауыздалған күріш (жылтыратылмаған):

-- буланған:
1006 20 110 0 --- қысқа дәнді -
1006 20 130 0 --- орташа дәнді -

--- ұзын дәнді:
1006 20 150 0 ---- ұзындығының еніне қатысында 2 артық, бірақ 3 кем -
1006 20 170 0 ---- ұзындығының еніне қатысында 3 тең немесе артық -

-- басқасы: -
1006 20 920 0 --- қысқа дәнді -
1006 20 940 0 --- орташа дәнді -

--- ұзын дәнді:
1006 20 960 0 ---- ұзындығының еніне қатысында 2 артық, бірақ 3 кем -
1006 20 980 0 ---- ұзындығының еніне қатысында 3 тең немесе артық -
1006 30 - жартылай жарылған немесе толықтай жарылған күріш, жалтыратылған немесе жалтыратылмаған, жылтыратылған немесе жылтыратылмаған:

-- жартылай жарылған күріш:

--- буланған:
1006 30 210 0 ---- қысқа дәнді -
1006 30 230 0 ---- орташа дәнді -

---- ұзын дәнді:
1006 30 250 0 ----- ұзындығының еніне қатысында 2 артық, бірақ 3 кем -
1006 30 270 0 ----- ұзындығының еніне қатысында 3 тең немесе артық -

--- басқасы:
1006 30 420 0 ---- қысқа дәнді -
1006 30 440 0 ---- орташа дәнді -

---- ұзын дәнді:
1006 30 460 0 ----- ұзындығының еніне қатысында 2 артық, бірақ 3 кем -
1006 30 480 0 ----- ұзындығының еніне қатысында 3 тең немесе артық -

-- толық жарылған күріш:

--- буланған:
1006 30 610 0 ---- қысқа дәнді -
1006 30 630 0 ---- орташа дәнді -

---- ұзын дәнді:

1006 30 650 0 ----- ұзындығының еніне қатысында 2 артық, бірақ 3 кем -
1006 30 670 0 ----- ұзындығының еніне қатысында 3 тек немесе артық -

---- басқасы:
1006 30 920 0 ---- қысқа дәнді -
1006 30 940 0 ---- орташа дәнді -

---- ұзын дәнді:
1006 30 960 0 ----- ұзындығының еніне қатысында 2 артық, бірақ 3 кем -
1006 30 980 0 ---- ұзындығының еніне қатысында 3 тең немесе артық -
1006 40 000 0 - жарылған күріш -
1007 00 Астық жүгерісі:
1008 Қарақұмық, тары және су бидайық тұқымы; басқа астықты дақылдар:
1008 10 000 - қарақұмық
1008 20 000 - тары:
1008 30 000 0 - су бидайық тұқымы -
1008 90 - басқа астықты дақылдар:
1008 90 100 0 -- тритикале (бидай - қара бидай буданы) -
1008 90 900 0 -- басқалары -
0713 Кептірілген, аршылған, тұқымның қабығынан тазартылған немесе тазартылмаған, жарылған немесе жарылмаған бұршақ көкөністер:

0713 10 - асбұршақ (Pisum sativum):
0713 20 000 0 - ноқат -

- үрме бұршақ (Vigna spp., Phaseolus spp.):

0713 31 000 0 -- үрме бұршақ түрлері Vigna mungo (L.) Hepper немесе Vigna radiata (L.) Wilczek -
0713 32 000 0 -- қызыл ұсақ үрме бұршақ (адзуки) (Phaseolus немесе Vigna angularis) -
0713 33 -- кәдімгі үрме бұршақ, ақ ұсақ тұқымды үрме бұршақты коса (Phaseolus vulgaris):
0713 39 000 0 -- басқасы -
0713 40 000 0 - жасымық -
0713 90 000 0 - басқалары -
1201 00 Қытайбұршақ, жарылған немесе жарылмаған:
1202 Жер жаңғақ, қуырылмаған немесе басқа әдіспен дайындалмаған, аршылған немесе аршылмаған, жарылған немесе жарылмаған:
1203 00 000 0 Копра -
1204 00 Зығыр тұқымы, жарылған немесе жарылмаған:
1205 Paпс тұқымы немесе кольза, жарылған немесе жарылмаған:
1205 10 - рапс тұқымы немесе кольза, эрук қышқылдың төмен маңызымен:
1206 00 Күнбағыс тұқымы, жарылған немесе жарылмаған:
1207 Басқа майлы дақылдардың тұқымдары және жемістері, жарылған немесе жарылмаған:
1207 20 - мақта шиті:
1207 40 - күнжіт тұқымы:
1207 50 - қыша тұқымы:
1207 91 -- көкнәр тұқымы:
1207 99 -- басқалары:
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 6 қыркүйектегі
 № 904 қаулысына
 2-қосымша
«Астық қауіпсіздігіне
 қойылатын талаптар»
 техникалық регламентіне
 4-1-қосымша
Тұқымдық астықтағы улы арамшөп тұқымдарының, тірі зиянкестердің және олардың личинкаларының болуы
 
Дақылдар атауы Улы арамшөп тұқымының, тірі зиянкестердің және олардың личинкаларының атауы Ескертпе
Бидай, арпа Жілтесті жеміс гелиотропы Рұқсат етілмейді
Сұр триходесма Рұқсат етілмейді
Кене 1 -2 сынып - рұқсат етілмейді,
3 сынып -1 килограмға 20 данадан көп емес
Бидай галла нематоды (бидай угрицасы) бидай - рұқсат етілмейді
Күріш Кене 1-2 сынып - рұқсат етілмейді,
3 сынып -1 килограмға 20 данадан көп емес
Қаракүйе Суперэлита және элита - рұқсат етілмейді
Күріш афеленхі Суперэлита және элита -рұқсат етілмейді
Тритикале Сабақты, ергежейлі, шаңды және қатты қаракүйе 0,5 %-дан көп емес
Шаңды және қатты қаракүйе Элита - рұқсат етілмейді
Тары Жілтесті жеміс гелиотропы Рұқсат етілмейді
Сұр триходесма Рұқсат етілмейді
Қаракүйе Бірінші және кейінгі репродукциялар -0,5 %-дан көп емес, Көбейту питомнигі, суперэлита және элита -0,1 %-дан көп емес
Қарақұмық Жілтесті жеміс гелиотропы Рұқсат етілмейді
Сұр триходесма Рұқсат етілмейді
Кене 1 сынып - рұқсат етілмейді,
2 сынып -1 килограмға 20 данадан көп емес
Құмай жүгері Жілтесті жеміс гелиотропы Рұқсат етілмейді
Сұр триходесма Рұқсат етілмейді
Қаракүйе Бірінші және кейінгі репродукциялар -0,5 %-дан көп емес
Көбейту питомнигі, суперэлита және элита - рұқсат етілмейді
Асбұршак Жілтесті жеміс гелиотропы Рұқсат етілмейді
Сұр триходесма Рұқсат етілмейді
Кене 1 килограмға 10 данадан көп емес
Асбұршақ дән қоңызы 1 килограмға 10 данадан көп емес
Ноқат Жілтесті жеміс гелиотропы Рұқсат етілмейді
Сұр триходесма Рұқсат етілмейді
Түйе бұршақ, маш, жасымық, ноғатық Жілтесті жеміс гелиотропы Рұқсат етілмейді
Сұр триходесма Рұқсат етілмейді
Кене 1 сынып - рұқсат етілмейді,
2 сынып -1 килограмға 20 данадан көп емес
Күнбағыс Нағыз күйе зиянкестерінің (Tineidae), қан көбелегі (Pyzalidae) Рұқсат етілмейді
Paпс Ақ тамырдәрі Рұқсат етілмейді
Теңбіл убалдырған Рұқсат етілмейді
Қара меңдуана Рұқсат етілмейді
Күйдіргі, жатаған, у сарғалдақ Рұқсат етілмейді
Дәрілік сарыбасша Рұқсат етілмейді
Кене 1 сынып - рұқсат етілмейді,
2 сынып -1 килограмға 20 данадан көп емес
Зығыр Кене 1-2 сынып - рұқсат етілмейді,
3 сынып -1 килограмға 20 данадан көп емес
Жер жаңғақ Кене 1 сынып - рұқсат етілмейді,
2 сынып -1 килограмға 20 данадан көп емес
Оңтүстік склероциалды шірік (Selerotium rolfsii Sace) Рұқсат етілмейді