• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2015 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қазандағы № 1019 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2016 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 491-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу ережесінде:
«1. Азаматтарды шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу Қазақстан Республикасында қолданылмайтын емдеудің жоғары технологиялық әдістерін талап ететін мынадай аурулар болған кезде жүзеге асырылады: эндоваскулярлық емдеу үшін жұлынның артерия-веналық мальформациялары; радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) талап ететін мидың хирургиялық қолжетімсіз және функциялық елеулі аумағындағы артерия-веналық мальформациялары мен ісіктер; туа біткен жүрек кемістігі мен жүре пайда болған жүрек кемістігінің салдарынан Эйзенменгер синдромы; жүректі транспланттауды талап ететін жүрек функциясының терминалдық кемістігі; бүйректі транспланттауды талап ететін бүйректің созылмалы кемістігі; терминалдық сатысы бауырды транспланттауды талап ететін бауыр аурулары; жұлынды транспланттауды талап ететін қан өндіру жүйесінің аурулары; өңеш стеноздары; трахея стеноздары.»;
«Комиссия, егер науқас 18 жасқа дейінгі бала, жүкті әйел болып табылса, сондай-ақ ағзаларды транспланттау кезінде туыстық донор болса, науқасты шетелге емделуге жіберудің басымдығын қарайды.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.