• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 30.10.2009 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 448 Қаулысы

Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.10.2009 № 1729 Қаулысымен (31.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
1. "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 632 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 25, 298-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесінде: 
2-тармақ мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын: 
"13) Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу және қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор (бұдан әрі - Бірыңғай дистрибьютор) - тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді, өнім берушілерді таңдауды және олармен дәрілік заттарды жеткізу шарттарын жасауды, Бірыңғай дистрибьютор мен Тапсырыс беруші арасындағы Дәрілік заттарды сатып алу шарты негізінде тапсырыс берушілерге дәрілік заттарды және сақтау мен жеткізу жөніндегі қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 
14) Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс дәрілік заттардың тізімі - сатып алынатын дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары мен техникалық сипаттамалары бар тапсырыс берушілермен алдын ала келісілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын әзірлейтін және бекітетін құжат."; 
6-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: 
"4) Бірыңғай дистрибьютордан Тізім бойынша дәрілік заттарды сатып алу."; 
7-тармақтағы "Сатып алуға қатысу үшін" деген сөздердің алдынан "Осы Ереженің 6-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілмен дәрілік заттарды" деген сөздермен толықтырылсын; 
"4) жалпы жарамдылық мерзімі екі жылдан кем болатын дәрілік заттар үшін жеткізілген сәттегі қалған жарамдылық мерзімі жеткізілген сәттегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын құрауы тиіс. Жарамдылық мерзімі екі жылдан астам дәрілік заттар үшін қалған жарамдылық мерзімі жеткізілген сәтте кемінде он төрт айды құрауы тиіс;"; 
"6) медициналық иммунды-биологиялық препараттарда Қазақстан Республикасында және/немесе ТМД елдерінде кемінде бір жыл қолданылу тәжірибесі туралы деректер болуға тиіс (бұл талап тендерді ұйымдастырушының қалауы бойынша белгіленеді);"; 
72-тармақтың 4) тармақшасындағы "дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган растаған" деген сөздер алынып тасталсын; 
"14-1-тарау. Дәрілік заттарды Бірыңғай дистрибьютордан сатып алу 
74-1. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілерді дәрілік заттармен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс берушілермен алдын ала келіскеннен кейін жыл сайын бірінші қыркүйектен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьютордан келесі жылға сатып алынуға тиіс дәрілік заттардың тізімін (бұдан әрі - тізім) бекітеді. 
74-2. Тапсырыс берушілер жыл сайын тізім бекітілген күннен бастап жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторға келесі жылға арналған алдын ала өтінімді ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс: 
1) дәрілік заттардың атауы (халықаралық патенттелмеген атауларымен); 
2) өткен жылы пайдаланылған дәрілік заттардың нақты саны; 
3) дәрілік заттың әрбір атауын сатып алу үшін әрбір денсаулық сақтау ұйымы үшін (жергілікті және республикалық бюджеттерді қоса алғанда) өткен жылы бөлінген бюджет қаражатының мөлшері; 
4) облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының мекен-жайлары көрсетілген дәрілік заттарды жеткізу кестесі; 
5) дәрілік заттың әрбір атауы бойынша келесі жылға арналған қажеттілік есептемесі. 
74-3. Өнім берушілерден дәрілік заттарды сатып алуды өткізу рәсімдерін Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттарды сатып алудың осы Ереженің 3-тармағында көзделген қағидаттарын, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау қағидатын сақтай отырып, дербес белгілейді. Бұл ретте ондай дәрілік затты өндіруші не өндірушінің ресми өкілі мәртебесінің болуы әлеуетті өнім берушіні таңдаудың негізгі өлшемі болып табылады. 
Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттарға қойылатын талаптар осы Ереженің 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкес келуі тиіс. 
Бірыңғай дистрибьютор 2009 жылдың екінші жарты жылдығына дәрілік заттарды сатып алуды қоспағанда, қаржы жылы басталғанға  дейін екі айдан кешіктірмей, дәрілік заттарды тапсырыс берушіден дәрілік заттың әрбір атауы бойынша келесі жылға арналған қажеттілік есебінен тоқсан сайынғы қажеттіліктен кем болмайтын көлемде сатып алуды жүргізеді. 
74-4. Тапсырыс берушілер жыл сайын, тиісті қаржы жылына арналған бюджет бекітілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторға келесі жылға арналған тізімде көзделген дәрілік заттар бойынша түпкілікті өтінімді ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс: 
1) дәрілік заттардың атауы (халықаралық патенттелмеген атауларымен); 
2) облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының, мекен жайларын көрсете отырып, дәрілік заттарды жеткізу кестесі; 
3) дәрілік заттардың саны, ол алдын ала өтінімде көрсетілген дәрілік заттар санының 25 %-ынан (жиырма бес пайызынан) аспайтын мөлшерде ұлғайту немесе азайту жағына қарай өзгертілуі мүмкін. 
74-5. Тапсырыс берушілер Бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттарды сатып алуды осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес Бірыңғай дистрибьютор мен Тапсырыс беруші арасындағы Дәрілік заттарды сатып алудың үлгі шартына сәйкес жасалған түпкілікті өтінім мен шарттардың негізінде жүзеге асырады."; 
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ережеге 5-қосымшамен толықтырылсын. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тегін медициналық көмектің
 кепілді көлемін көрсету үшін
 дәрілік заттарды сатып алуды
 ұйымдастыру және өткізу ережесіне
 5-қосымша
Бірыңғай дистрибьютор мен Тапсырыс беруші арасындағы Дәрілік  
  заттарды сатып алудың  
  үлгі шарты 
             (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) бір тараптан және бұдан әрі Бірыңғай дистрибьютор деп аталатын______ 
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, мына төмендегі туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты: 
Тараптар осы Шартты жасасуға және орындауға барлық өкілеттілігі бар екенін, үшінші тұлғалардың талаптарымен ауыртпалық салынбағанын және үшінші тұлғалар тарапынан келешекте талаптар туындаған жағдайда оларды өз бетінше реттейтінін мәлімдейді және кепілдік береді.
1.1. Осы Шартта төменде атап көрсетілген ұғымдардың мынадай мағынасы болады: 
1) Шарт - Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор арасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, жазбаша нысанды сақтай отырып жасалған, Шартта сілтеме жасалған барлық қосымшаларға және оған толықтыруларға, сондай-ақ барлық құжаттамаға Тараптар қол қойған азаматтық-құқықтық акт; 
2) Шарттың сомасы - Шарт талаптарына сәйкес Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьюторға төлеуі тиіс сома; 
3) тауарлар - Шарт талаптарына сәйкес Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге жеткізуі тиіс дәрілік заттар және ілеспе қызметтер (сақтау, тасымалдау және басқа осы тәрізді қызметтер); 
4) Тапсырыс беруші - осы Ережеге сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын республикалық және аудандық бюджеттік денсаулық сақтау бағдарламаларының әкімшілері және денсаулық сақтау ұйымдары; 
5) Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу және қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор (бұдан әрі - Бірыңғай дистрибьютор) - тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді, өнім берушілерді таңдауды және олармен дәрілік заттарды жеткізу шарттарын жасасуды, Бірыңғай дистрибьютор мен Тапсырыс беруші арасындағы Дәрілік заттарды сатып алу шарты негізінде тапсырыс берушілерге дәрілік заттарды және сақтау мен жеткізу жөніндегі қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
2.1. Төменде атап көрсетілген құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып есептеледі, атап айтқанда: 
2) сатып алынатын тауарлардың ерекшеліктері (Шартқа 1-қосымша); 
2.2. Бірыңғай дистрибьютор тауарды Шарт талаптарына сәйкес жеткізуге, ал Тапсырыс беруші оны қабылдауға және Шарт талаптарына сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді.
3.1.1. тауарды Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес көлемде және сапада әрі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын сатып алынатын тауарлардың ерекшелігінде (Шартқа 1-қосымша) көзделген бағалар бойынша жеткізуге. 
3.1.2. тауарды Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеткізу кестесіне (Шартқа 2-қосымша) сәйкес жеткізуге. Кестеде әрбір атаудың жеткізу мерзімі және мөлшері көрсетілген. 
3.1.3. Тапсырыс берушіге тауардың шығу тегі мен сапасын растайтын құжаттардың нотариалды расталған көшірмелерін тауар партиясымен қоса ұсынуға. 
3.2. Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушімен келісім бойынша тауарды мерзімінен бұрын жеткізуді жүзеге асыруға құқылы. 
3.3.1. Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес көлемде және сапада жеткізілген тауарды қабылдап алуға. 
3.3.2. Жеткізу кестесіне сәйкес жеткізілген тауарды қабылдап алуды жүргізуге. 
3.3.4. Бірыңғай дистрибьюторға алынған тауардың сапасына байланысты барлық талаптар туралы жазбаша түрде жедел хабарлауға.
4.2. Тауарға ақы төлеу осы Шарт бойынша мынадай түрде жүргізіледі: 
1) Шартқа қол қойылған күннен бастап 10 банктік күн ішінде Тапсырыс беруші Шарт құнының 50 %-ынан (елу пайызынан) аспайтын мөлшерде алдын ала ақы төлеуді жүргізеді. 
2) одан әрі ақы төлеу 10 банктік күн ішінде жеткізу фактісі бойынша Бірыңғай дистрибьютор берген шот-фактура негізінде жүргізіледі. 
4.3. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді тиісті салық төлеуші Тарап Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлеуі тиіс. 
4.4. Осы Шарт бойынша сома сатып алу үшін бөлінген сомамен бірдей болмауы немесе одан артық болмауы тиіс.
5.1. Тауарды жеткізу оны соңғы белгіленген пунктке тасымалдау кезінде зақымдануын немесе бүлінуін болдырмауға қабілетті қаптамамен жүзеге асырылады. Қаптама тасымалдау кезінде ешбір шектеусіз қарқынды көтергіш-көліктік өңдеуге және қауіпті температуралардың, тұздар мен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық түрде сақтаудың әсеріне төзімді болуы тиіс. 
5.2. Ыдыстың қаптамасы мен таңбалануы, сондай-ақ ішкі және сыртқы құжаттамасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген арнайы талаптарға сай болуы тиіс. 
5.3. Тауарды саны мен сапасы бойынша қабылдап алуды Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері жеткізу сәтінде жүргізеді, қабылдап алу нәтижелері тауарды қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді. Тауарды қабылдау-тапсыру актісі жасалған күні тауарды жеткізу күні болып есептеледі. 
5.4. Жеткізілген тауар саны мен сапасы бойынша ілеспе құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда, бұл сәйкессіздіктер қабылдау-тапсыру актісінде көрсетіледі. 
5.5. Тапсырыс беруші тауарды қабылдап алудан бас тартқан жағдайда тауарды қабылдаудан бас тарту туралы акт жасалады, бұл жағдайда жөнелтпе қағазда көрсетілген күн тауарды жеткізу күні болып есептеледі. 
5.6. Тауардың жеткіліксіздігі немесе оның сапа бойынша сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, Бірыңғай дистрибьютор бір күнтізбелік ай ішінде тауардың жетпейтін көлемін қайта жеткізуге немесе сапасыз тауарды тиісті сападағы тауарға ауыстыруға міндеттенеді. 
5.7. Егер Шартты орындау кезеңінде Бірыңғай дистрибьютор кез келген сәтте тауарларды уақтылы жеткізуге кедергі жасайтын жағдайларға тап болса, Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге кедергі фактісі, оның болжамды ұзақтығы және себебі (себептері) туралы дереу жазбаша хабарлама жіберуі тиіс. Бірыңғай дистрибьютордан хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші 5 жұмыс күні ішінде ахуалды бағалауы және Бірыңғай дистрибьютордың міндеттемелерді орындау мерзімін ұзартуы тиіс; бұл жағдайда мұндай ұзартуды Тараптар қосымша келісімге қол қою арқылы ресімдеуі тиіс.
6.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Тараптарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктеледі. 
6.2. Еңсерілмейтін күштен болған жағдайлар (форс-мажорлық жағдайлар) туындағанда Тараптар жауапкершіліктен босатылады. 
6.3. Осы Шарттың мақсаттары үшін форс-мажор Тараптардың бақылауына бағынбайтын, Тараптың жаңылысына немесе ұқыпсыздығына байланысты емес оқиғаны білдіреді және ол болжауға болмайтын сипатта болады. Мұндай оқиғалар әскери іс-әрекеттер, табиғи немесе дүлей апаттар, індет, карантин және тауарларды жеткізуге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтиды, бірақ бұлармен шектелмейді. 
6.4. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде олар туындаған Тарап екінші Тарапқа мұндай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді және олардың басталғанын тиісті құжаттармен растайды. Бұл жағдайда Шарттың қолданылуы форс-мажорлық жағдайлардың аяқталғанына дейін тоқтатыла тұрады және Шарттың қолданылу мерзімі форс-мажорлық жағдайлардың әрекет ету мерзіміне сәйкес ұзартылады. 
6.5. Егер форс-мажорлық жағдайлар бір күнтізбелік айдан асқан болса, бұл туралы жазбаша келісім жасасу арқылы Тараптар Шарттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл ретте Тараптар нақты жеткізілген тауар үшін өзара есеп айырысуды жүргізеді. 
6.6. Тауарды жеткізу мүмкіндігін немесе осы Шарт бойынша өзге де міндеттемелерді болдырмайтын форс-мажорлық жағдайлар туындаған немесе өнім беруші бас тартқан жағдайда Бірыңғай дистрибьютор қосымша келісімді ресімдегеннен кейін ерекшелік талаптарына сай басқа өндірушінің осындай тауарын жеткізуді жүзеге асыруға құқылы. 
6.7. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, егер Бірыңғай дистрибьютор тауарды жеткізу кестесін сақтамаса, Тапсырыс беруші Шарт шеңберіндегі өзінің басқа құқықтарына залал келтірмей, мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы жеткізілмеген тауарлар сомасының 0,01 %, бірақ уақтылы жеткізілмеген тауар құнының 5 %-ынан аспайтын мөлшердегі соманы тұрақсыздық айыбы түрінде Шарт бағасынан шегеріп тастауға құқылы. 
6.8. Жеткізілген тауарға уақтылы ақы төлемегені, осы Шарт бойынша өзге де міндеттемелерді бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьюторға мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен соманың 0,01 %, бірақ мерзімі өткен соманың 5 %-ынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді.
7.1. Тараптардың басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз әлдекімге Шарттың немесе оның қандайда бір ережесінің мазмұнын, сондай-ақ Тараптар немесе осы Шартты орындау үшін Тараптар тартқан персоналды қоспағанда, олардың атынан басқа адамдар берген ақпаратты ашуға құқығы жоқ. Көрсетілген ақпарат осы персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті мөлшерде берілуі тиіс.
8.1 Осы Шарт оны Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін күшіне енеді. Шарт Тараптар өздерінің міндеттемелерін орындауды аяқтағанға дейін қолданылады. 
8.3. Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор өз араларында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындаған барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешу үшін барлық күш-жігерін салуға тиіс. Барлық келіссөздер жазбаша хаттамалармен ресімделеді. 
8.4. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор Шарт бойынша дауды шеше алмаса, кез келген Тарап осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады. 
8.5. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады. Шартты сотта қарау қажет болған жағдайда Шарттың мемлекеттік тілдегі данасы қаралады. Шартқа қатысты Тараптар алмасатын барлық хат-хабар мен басқа да құжаттама осы талаптарға сәйкес келуі тиіс. 
8.6. Шарт бойынша қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі. 
8.7. Бір Тарап екінші Тарапқа Шартқа сәйкес жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі. 
8.8. Хабарлама бұл күндердің қайсысы кешірек басталатынына байланысты жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енуі көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.
Бірыңғай дистибьютор мен
 Тапсырыс беруші арасындағы
 Дәрілік заттарды сатып
 алудың үлгі шартына
 1-қосымша
 
Р/с
N
Халықаралық патенттелмеген атауы Сауда атауы Шығару нысаны Өлшем бірлігі Бағасы Саны Сомасы
















ЖИЫНЫ:
 
Тапсырыс беруші
_____________________
(толық атауы)
_____________________
_____________________
(мекен-жайы)
_____________________
(телефон, факс)
_____________________
(Т.А.Ә.)
_____________________
(қолы) ___ жылғы "__"_______
МО
Бірыңғай дистрибьютор
_____________________
(толық атауы)
_____________________
_____________________
(мекен-жайы)
_____________________
(телефон, факс) _____________________
(Т.А.Ә.)
_____________________
(қолы) ___ жылғы "__"_________
МО
Бірыңғай дистибьютор мен
 Тапсырыс беруші арасындағы
 Дәрілік заттарды сатып
 алудың үлгі шартына
 2-қосымша
 
Р/с
N
Сауда атауы Өлшем бірлігі Жал пы саны Ай сайынғы қажеттілік *
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек қазан қараша желтоқсан
































*-жеткізу басталған күніне байланысты толтырылады. Жеткізу көзделмеген бағандарда "0" немесе "-" қойылады.
 
Тапсырыс беруші
_____________________
(толық атауы)
_____________________
_____________________
(мекен-жайы)
_____________________
(телефон, факс)
_____________________
(Т.А.Ә.)
_____________________
(қолы) ___ жылғы "__"_______
МО
Бірыңғай дистрибьютор
_____________________
(толық атауы)
_____________________
_____________________
(мекен-жайы)
_____________________
(телефон,факс) _____________________
(Т.А.Ә.)
_____________________
(қолы) ___ жылғы "__"_________
МО