Toggle Dropdown
Жол полициясының қызметін жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы N 168 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3582
Редакция 02.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттiк техникалық байқауды жүргiзудi және ірі көлемді, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді көлік құралдарымен тасымалдау кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. "Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 103 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1797 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтағы "комитетіне" деген сөз "департаментіне" деген сөзбен ауыстырылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықта(бұдан әрі - нұсқаулықта):
мәтiндегi "комитеті" деген сөз "департаменті" деген сөзбен ауыстырылсын;
нұсқаулық мынадай мазмұндағы 52-1, 52-2, 53-1 және 53-2-тармақтармен толықтырылсын:
"52-1. Арнайы рұқсатты келісу процесінде жол полициясы бөлімшесінің бастығы ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралына ілесіп жүру қажеттігі және оның түрі туралы шешім қабылдайды, ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралы қозғалысының жылдамдық режимін белгілейді және қажет болған жағдайда автокөлік құралының техникалық жай-күйін қарауды жүргізеді. Содан кейін арнайы рұқсатқа ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуін келісу туралы жазылады және мөрімен расталады.
Көлік құралының ең болмағанда габариттерінің бірі жүкпен немесе жүксіз ені 3.5 метрден, биіктігі 4,5 метрден не болмаса ұзындығы 24 метрден асса, тасымалдаушы немесе жүк жіберуші бөлетін бүркемелеу автомобилінің жолсерік болуы міндетті.
Мынадай жағдайлардың барлығында:
1) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ені 45 метрден асатын болса;
2) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ұзындығы 30 метрден асатын болса;
3) қозғалыс кезінде ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының қарсы қозғалыс ендігін ең болмағанда ішінара иеленуге мәжбүр болса;
4) тасымалдау процесінде жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қозғалысты ұйымдастыруды шұғыл өзгерту талап етілгенде жол полициясының патрульдік ілесіп жүру автомобилінің болуы міндетті.
Өзге де жағдайларда, жол полициясы бөлімшесінің бастығы, жол жағдайларын, көлік тасқынының құрамын және қозғалыстың қарқындылығын негізге ала отырып белгілейді.
52-2. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдайтын тасымалдаушыларға және көлік құралдарына қойылатын талаптар:
1) қозғалыс процесінде ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралын жүргізуші:
қарсы бағыттағы көлік құралдарын бөгетсіз және қауіпсіз өткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
қозғалу үшін арттағы көлік құралына кедергі келтірмейді және арттағы көлік құралдарының басып озуына мүмкіндік береді;
жалпы пайдалымдағы жолдармен жүрген кезіндегі жылдамдығы 50 км/сағаттан, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағаттан аспауы тиіс;
30 км/сағат және одан жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөлік құралдарын басып озбайды;
басқа көлік құралдарын сүйретпейді;
қозғалысты қолайсыз ауа-райы жағдайларында жүзеге асырмайды;
егер тасымалдау шарттарында мұндай қозғалыс тәртібі белгіленбесе, жол жиегімен жүрмейді;
жолдың жүру бөлігінің шегінен тысқары орналасқан арнайы тұрақтарда тоқтайды;
автокөлік құралының техникалық жарамсыздығы туындаған немесе қозғалыс қауіпсіздігіне және (немесе) жүктің сақталуына қауіп төндіретін жүктің бекітілуі бұзылған кезде қозғалысты доғарады;
2) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдайтын көлік құралдары Жол қозғалысы ережелерінің талаптарына сәйкес айырым белгілерімен белгіленуі тиіс;
3) ірі көлемді жүкті тасымалдау кезінде егер жүгі бар көлік құралының биіктігі жолдың жүргінші бөлігінен 4,5 м биік болса, шектеулі кезде тәуліктің қараңғы уақытында немесе көру жеткіліксіз болған жағдайларда автомобильдің үстіне бір немесе екі жанатын сигналды сары түсті шамы бар көлемді штангасын орнату керек. Шамды орнату биіктігі тасымалданатын жүк габаритінің жоғарғы нүктесінен 10-15 см биік болуы керек және негізгі көлік құралы жүргізушісіне көрінетіндей болуы тиіс.
53-1. Қауіпті жүкті тасымалдау бағытына келісу үшін тасымалдаушы:
1) қауіпті жүк тасымалдау бағытының бланкісін;
2) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралының қауіпті жүк тасымалдауына рұқсат берілгені туралы куәлікті береді.
53-2. Қауіпті жүкті тасымалдауға келісілген бағыт 12 айға жарамды".
4. Жол полициясы департаменті (Ө.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Жол полициясы департаментіне (Ө.Т.Түсімов) жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтінен бастан қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
2005 жылғы "___" ________
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 16 наурыздағы
N 168 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2005 жылғы 16 наурыздағы
N 168 бұйрығына 2-қосымша