Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасындағы акушерлік практикадағы ана өлім-жітімі мен қиын жағдайларға құпия аудитті енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 695 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5486 болып енгізілді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімін төмендетудің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасында ана өлім-жітімі жағдайларының құпия аудиті енгізілсін.
Toggle Dropdown
2. Акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың аудиті бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы және Астана қалалары пилоттық өңірлер болып белгіленсін.
Toggle Dropdown
3. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында ана өлім-жітімі мен қиын жағдайларға құпия аудитті жүргізу бойынша нұсқаулық;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы мен Астана қалаларында акушерлік практикада қиын жағдайларға құпия аудитті жүргізу бойынша нұсқаулық бекітілсін.
Toggle Dropdown
4. "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" АҚ басшысы (С.Ғ. Нүкішева):
Toggle Dropdown
1) акушерлік практикадағы ана өлім-жітіміне және қиын жағдайларға құпия аудит бойынша медицина мамандарын оқытуды жүргізу жоспарын әзіреп, 2008 жылғы 5 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігіне ұсынсын;
Toggle Dropdown
2) республикада пилоттық өңірлерде акушерлік практикада ана өлім-жітіміне және қиын жағдайларға құпия аудитті енгізуді қамтамасыз етсін және жүргізілуін бақылауды жүзеге асырсын.
Toggle Dropdown
5. "Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" РМК басшысы (Т.Қ. Құдайбергенов) республикадағы ана өлім-жітімі жағдайларына ресми талдау жүргізсін және нәтижелерін ай сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
6. Оңтүстік Қазақстан облысы (А.А. Маймақов), Алматы (З.Д. Аманжолова) және Астана қалалары (Т.С. Кәрібеков) денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) пилоттық босандыру ұйымдарын белгілесін және акушерлік практикадағы қиын жағдайларға аудит жүргізу үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті (Ж.Қ. Исмаилов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (А.Б. Молдағасымова) осы бұйрықты Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауға жіберсін.
Toggle Dropdown
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
Toggle Dropdown
10. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Toggle Dropdown
Денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 695 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында ана өлім-жітімінің құпия аудитін жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Toggle Dropdown
1.Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Нұсқаулық акушерлік-гинекологиялық бейінді медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда ана өлім-жітімінің құпия аудитін енгізуді және жүргізуді анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Осы нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданады:
Toggle Dropdown
1. Құпиялық – аудиторлық қызмет барысында алынған немесе әзірленген құжаттардың құпиялығын және сақталуын қамтамасыз етумен түсіндірілетін аудиттің принципі үшінші адам кім болса да иесінің келісімінсіз оған мәліметтерден тұратын бұл құжаттарды немесе олардың көшірмелері берілмейді не ауызша жарияланбайды.
Toggle Dropdown
2. Иесіздендіру – қайтыс болған әйелдің немесе осы жағдайға қатысы болған медициналық қызметкердің мекен-жайы, жеке басы туралы, медициналық емес факторларды анықтау үшін әр жағдайды жасырын босанатын әйелдерге босандыруға жәрдем беретін ұйымның атауын білдіретін ақпараттың болмауы.
Toggle Dropdown
3. Құпия аудит заңдық және әкімшілік сипатқа ие болмайтын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) ресми қызметінен тәуелсіз іс-шара болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Ана өлім-жітіміне құпия аудит жүргізу Министрлік жүргізетін ана өлім-жітімін ресми және дәстүрлі талдауды жоймайды.
Toggle Dropdown
5. Құпия аудиттегі кез-келген ақпарат жарияланбайды және өзге мақсаттарда (соттық немесе әкімшілік тергеулер) пайдаланылмайды.
Toggle Dropdown
6. Ана өлім-жітімінің құпия аудитінің мақсаты – ана өлім-жітімінің алдын алу және төмендету болып табылады.
Toggle Dropdown
7. Ана өлім-жітімінің құпия аудитінің міндеттері:
Toggle Dropdown
1) ана өлім-жітімінің жағдайына әкелетін нақты медициналық және медициналық емес, оның ішінде әлеуметтік және отбасылық сипаттағы себептерді анықтау;
Toggle Dropdown
2) ғылыми-дәлелді медицинаның негізінде ана өлімі-жітімі жағдайларын, қоғамдық деңгейдегі, сондай-ақ медициналық ұйымдардың деңгейіндегі теріс факторларды белгілей отырып, бағалау;
Toggle Dropdown
3) жүкті, босанатын және босанған әйелдерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында сектораралық (ведомстволық) тәсілмен нақты ұсыныстар әзірлеу.
Toggle Dropdown
2. Ана өлім-жітімі жағдайының құпия аудитін жүргізу
Toggle Dropdown
8. Ана өлім–жітімінің құпия аудиті ана өлімі-жітіміне әкелетін медициналық және медициналық емес сипаттағы факторларды белгілеу үшін әрбір жағдай бойынша жасырын сауалнама әдісімен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
9. Құпия аудитті жүргізуді дайындау бойынша рәсімдер:
Toggle Dropdown
1) хатшы ана өлім-жітімінің құпия аудитінің өңірлік үйлестірушілерінің басқаруымен (одан әрі - ҚАӨҮ) қайтыс болған әйелдің барлық құжаттарын көшіреді және иесіздендіреді: жүкті әйелдің алмасу картасы (111/е нысан), жүкті әйелдің жеке картасы (025-1/е нысан), босану сырқатнамасы (096/е нысан), сырқатнама (003/е нысан), патоморфологиялық зерттеу нәтижелері;
Toggle Dropdown
2) ҚАӨҮ немесе хатшы құпия аудитті жүргізер алдында сауалнама/сұрақ парақтарын толтыру бойынша интервью алатындарға кеңес береді;
Toggle Dropdown
3) бір аптадан кешіктірілмей сауалнама/сұрақ парақтары толтырылады;
Toggle Dropdown
4) медицина қызметкерлері немесе қайтыс болған пациенттің туыстары сауалнама/сұрақ парақтарды жасырын толтырады (қолдар мен әйелдің жеке басы туралы мәліметтердің, елді мекен мен медициналық қызметкер туралы мәліметтердің жоқтығы);
Toggle Dropdown
5) иесізденген құжаттар мен жасырын сауалнамалар құрамы мен ережесін Министрлік бекітетін Акушерлік практикадағы ана өлім-жітімінің қиын жағдайларының құпия аудитінің орталық комиссиясына жіберіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 695 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана мен Алматы қалаларында акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың құпия аудитін жүргізу жөніндегі нұсқаулық
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Нұсқаулық акушерлік-гинекологиялық бейінді медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда қиын жағдайлардың құпия аудитін енгізуді және жүргізуді ұйымдастыруды анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың құпия аудиті - әйелге, әйелдің өзіне және басқа адамға медициналық көмек көрсететін медициналық қызметкердің жасырын сауалнама әдісімен өмірге қауіп төндіретін жағдайды зерделеуі.
Toggle Dropdown
2. Акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың аудитін жүргізу
Toggle Dropdown
3.Аудитке мынадай қиын жағдайлар жатады:
Toggle Dropdown
1) геморрагиялық шокпен, гемотрансфузиямен ілесе жүретін қан кетулер;
Toggle Dropdown
2) эклампсия.
Toggle Dropdown
4. Қиын жағдайлардың құпия аудитін жүргізу үшін медициналық ұйымның бірінші басшысымен жұмысшы топ құрылады және акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың аудитін жүргізу үшін жауапты адам тағайындалады.
Toggle Dropdown
Акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың аудитін жүргізу үшін жауапты адамды тағайындау құпия аудиттің өңірлі үйлестірушімен (одан әрі-үйлестіруші) келісіледі.
Toggle Dropdown
Медициналық ұйымның бірінші басшысы жұмысшы топтың құрамына кірмейді немесе жауапты болмайды.
Toggle Dropdown
5. Үйлестірушіні құпия аудиттің орталық комиссиясының төрағасымен келіскеннен кейін үш жыл мерзімге мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы тағайындайды.
Toggle Dropdown
6. Құпия аудиттің орталық комиссиясы туралы ережені және құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді.
Toggle Dropdown
7. Құпия аудитті жүргізу үшін жауапты адам мыналарды қамтамасыз етеді:
Toggle Dropdown
1) медицина қызметкерімен сауалнама (сұрақ парақ) толтырады;
Toggle Dropdown
2) әйелдің айтуы бойынша оқиғаны қайта құру (қалпына келтіру) үшін үйретілген жұмысшы топ мүшелерінің әйелден сұрауы;
Toggle Dropdown
3) медицина қызметкерінің қатысуымен болған оқиғаны жазбаша қалыптастыру.
Toggle Dropdown
8. Акушерлік практикадағы қиын жағдайларды талдау жөніндегі жұмысшы топтың отырысына мыналар қатысады:
Toggle Dropdown
1) акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың талдауына жауапты адам;
Toggle Dropdown
2) қиын жағдайға тікелей қатысы бар медициналық қызметкер;
Toggle Dropdown
3) психолог (бар болса);
Toggle Dropdown
4) акушерлік практикадағы қиын жағдайларға аудит жүргізуге арналған жұмысшы топтың мүшелері;
Toggle Dropdown
9. Акушерлік практикадағы қиын жағдайлар аудитін жүргізу үшін жұмысшы топ:
Toggle Dropdown
1) босанатын әйелдерді босандыру ұйымына түскен сәттен бастап шыққанға дейін тексеруді қарастырады ("есіктен есікке дейін" тәсілі), кәсіптік деңгейде жүзеге асырылатын медициналық көмектің, сондай-ақ жеткіліксіз білікті жүзеге асырылғандардың элементтерін белгілейді;
Toggle Dropdown
2) сапалы медициналық көмек көрсетуге кедергі болған факторлар мен себептерді, тиесінше күтім жасамауға ықпал ететін факторлар мен себептерді талдайды;
Toggle Dropdown
3) жетілдірілуі мүмкін медициналық көмек көрсетудің кезеңдерін анықтайды;
Toggle Dropdown
4) шұғыл акушерлік көмекті талап ететін жаңа жағдайлар туындаған жағдайда сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін ұсынылу және енгізілу мүмкін іс-қимылдарды немесе шешімдерді әзірлейді.
Toggle Dropdown
10. Әрбір отырыс құжаттандырылады.
Toggle Dropdown
11. Акушерлік-гинекологиялық бейінді көмек көрсететін медициналық ұйымның акушерлік практикадағы қиын жағдайларға аудит жүргізуге жауапты адам үйлестірушіге ай сайын есепті және қиын жағдайларды жөніндегі ұсынымдарды ұсынады.